Главная страница

мақала бастауыш. Маала Оушы шыармашылыын дамытуды негізі танымды іс рекеттерге баулу


Скачать 59.94 Kb.
НазваниеМаала Оушы шыармашылыын дамытуды негізі танымды іс рекеттерге баулу
Дата09.02.2022
Размер59.94 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файламақала бастауыш.docx
ТипДокументы
#355894

Мақала

Оқушы шығармашылығын дамытудың негізі- танымдық іс- әрекеттерге баулу

СҚО Аққайың ауданы

Смирнов№3 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Нурмагамбетова Кұралай Ашкеновна

Қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады. Жас ұрпақты оқытып - тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті, ізденіс пен шыдамдылықты, ұстаздың заман көшіне сай білімнің қыр-сырын терең меңгеріп, жаңа ақпараттық технологиялармен қаруланғанын, жан-жақтылығын талап етеді. Себебі ұстаз алдында заман талабына сай-жеке индивид тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі. Сол себепті оқушыларының білім сапасын көтеру- әр ұстаздың міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.Сондықтан мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше .Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.Тәжірибемде, «Оқушы шығармашылығын дамытудың негізі- танымдық іс- әрекеттерге баулу» атты әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істей жүріп, балалардың ой–өрісін дамытуда сабақтарды түрлендіріп өткізудемін.Тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар:жазбаша тапсырмалар, ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім. Жазбаша тапсырмалар шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастыру.
Ауызша тапсырмалар тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру, ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру.
Бұған мысал 3-ші сыныпта қазақ тілі сабағында “Сөйлем мүшелерінің байланысы” тақырыбын өткенде сабақты ойын сабақ түрінде өттім. “Бәйге”, “Теңге ілу”, “Аударыспақ”, “Көкпар”, “Жорға”, “Қыз қуу” ойындары арқылы “Жұмбақты жалғастыру” оны шешу, мақал – мәтелді жалғастыру жұмыстары жүргізілді. Баланың ақыл — ойы, дүниетанымы кеңейді. Осындай әртүрлі жұмыстар арқылы, оқушылардың сөйлеу тілі дамиды деп ойлаймын.
2-ші математика сабағында 35-7 есептеу тәсілі тақырыбында “Білімнің шыңына шығайық” ойын сабағын өткіздім. Бұл сабақта оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал еттім.
Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың жауапкершілігі күшейеді, өз бетімен жұмыс істейді, ойлау қабілеті жетіледі, тіл байлығы артады, сөздік қоры молаяды.Сонымен қаттар түрлі интелектуальдік сайыстарға,ғылыми жобаларға,мәнерлеп оқу сайыстарына оқушыларым қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды. Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.

Қорытынды: өзімнің мақаламды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.

2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.

3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды.

4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады.

5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

Ол үшін, жалықпай жаңартылған оқу бағдарламасын толық қамтып отыру, жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.


написать администратору сайта