Главная страница
Навигация по странице:

  • Конитингент мәселесі

  • Баяндама. Баяндама редактированный. Магниттік мектеп су нктелері рметті !


    Скачать 21.36 Kb.
    НазваниеМагниттік мектеп су нктелері рметті !
    АнкорБаяндама
    Дата18.05.2023
    Размер21.36 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБаяндама редактированный.docx
    ТипДокументы
    #1140026

    Магниттік мектеп: өсу нүктелері



    Құрметті ___________________________________!

    Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Соның ішінде ауыл мектебінің мәселелесі – ерекше орын алып отыр. Қазіргі таңда облысымыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан - шағын жинақты мектептер. Нақты мәліметтерге келетін болсам, 454 мектептің 352-сі шағын жинақталған мектеп, яғни 77,5% құрайды. Туындап отырған маңызды мәселе ауыл мектептері мен қала мектептерінің білім алушыларының білім алудағы айырмашылықтарының алшақтығы. Осыған орай, біздің алдымызда қала мектептері мен ауыл мектептерінің оқу сапасының алшақтығын азайту міндеті туындайды. Шешімдердің бірі ретінде мемлекет тарапынан қолдау тапқан «тірек мектеп-магниттік мектеп» жобасы қазіргі пилоттық жобада іске асырылуда. Облысымызда 28 тірек мектеп және оларға бекітілген 67 магниттік мектеп жұмыс істейді.

    Осындай шағын жинақталған мектеп статусы бар, магниттік мектептің бірі – біздің «Бексейіт орта мектебі» КММ.
    Мектеп аудан орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан, іргесі 1985 жылы қаланған типтік емес ғимаратта екі ауысымда жұмыс жасайды. Контингент мектепалды даярлық тобымен қоса алғанда 64 оқушы. Ұстаздардың сапалық құрамы: 25 ұстаздың 16%-ы зерттеуші, 28%-ы сарапшы. Оның ішінде «Серпін» бағдарламасымен келген 3 жас маман. Педагогтердің білімін бағалауды 9 мұғалімнің 8-і бірінші әрекеттен сәтті тапсырды. Конитингент мәселесін шешудің бір тетігі ретінде облысымыздағы “Уақытша отбасы” жобасына қатысып, мектебіміз бойынша 4 отбасында 5 оқушыға жағдай жасалып, білім алуда. Магниттік мектеп ретінде аудан орталығында орналасқан қазақ мектеп-интернаты тірек мектебіне бекітілген.
    Шалғайдағы шағын жинақталған ауыл мектебі болсақ та, алдымызға қойылған міндеттер орындалып жатыр.
    Оқу-тәрбие жоспарына сәйкес инновациялық жобалар іске асырылуда.  Білім ордамыз облыстық, республикалық деңгейдегі білім саласы жағынан, әр түрлі мәдени шараларда болсын жоғары дәрежелі деңгейде. Атап айтатын болсам, сабақты зерттеу топтары, “Ұшқыр ой алаңы” дебаттық клубы, “Оқуға құштар мектеп” жобасы және де “Қазақтың 100 әні”, “Мақал-мәтелдер - тәрбие көзі” жобалары. MICROSOFT компаниясымен бірлескен Солтүстік қазақстан облысының ауылдық және шағын жинақталған мектептерді қолдауға арналған Microsoft Teams жобасы. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасы және тағы басқалары. Биылғы жылы 26 сәуір мен 12 мамыр аралығында өткен өңірлік білім басқармасы ұйымдастырған 3,7 сыныптардың білім мен дағдысын анықтауға арналған тестілеу өтті. Облысымыздан 55 мектеп, оның ішінде 46 (86%) шағын жинақталған мектептер қатысқан шараға біздің мектеп те қатысып, өз дәрежемізді дәлелдедік.

    Мектебіміздің сабақты зерттеу топтары өздерінің жұмыстарын облыстық конференцияларда және cәуір айында өткен I Ұлттық “Lesson Study” конференциясында “Сабақты зерттеу арқылы шағын жинақталған мектеп ұстаздарының әлеуетін арттыру” атты тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Биылғы жылы мектебіміздің “Шамшырақ” дебат клубы облыс әкімінің турнирінде екінші орын алса, өткен жылы Ұлттық дебат турнирінің облыстық кезеңінде де жүлделі екінші орынды иеленіп, республикалық кезеңде бақтарын сынап келді. Мектебіміздің түлектері ҰБТ және жоғары оқу орындары ұйымдастыратын сайыстарға қатысып, грант иегерлері атанып, жоғары нәтиже көрсетуде. Атап айтсам, былтырғы жылы ҰБТ нәтижесі бойынша орташа 84,4 пайыз болып, қаланың кей мектептерімен тең түстік. Нәтижесінде мектеп түлектері 100% жоғары оқу орындарының грант иегері атанды. Сонымен қатар, 4 жыл қатарынан мектебімізді «Алтын белгімен» аяқтаған түлектеріміз бар.
    Жетістіктерді айта отыра оқу-тәрбие жұмысында және жалпы ұйымдастыру бойынша келесі мәселелерді де айта кетпеске болмайды. Нақтылай кетсем:

    • Бейінді оқыту процестеріне қажетті арнайы жабдықталған оқу зертханаларымен, пәндік кабинеттермен толық жабдықталмау;

    • Жаратылыстану-математикалық бағытта сабақ беретін мұғалімдердің жетіспеушілігі; IT маманының тапшылығы.

    • Біріктіріп оқытып жатқан сыныптарды оқытуда жас мамандарда туындайтын қиыншылықтар.

    • Магниттік мектеп ұстаздарының сессия уақытындағы ақы төлеу мәселесі;

    • Жас мамандарға арналған тұрғын үй мәселесі.

    Мәселелер легін айта отыра келесі шаралар арқылы шешуге болады деп ойлаймын. Тиімді жолдарын қарастыра келе, ауылдық жерлердегі мектептерге әр пән бойынша зертханалық кабинеттердің орнына, заманауи комплекстік зертханалар орнатып, штаттық кестеге сол кабинет мамамнын қосу. Сонымен қатар білімді цифрландыру жағдайына байланысты IT маманын қарастырылса. Қазіргі таңда ауыл мектептерінде мәселе болып жүрген жаратылыстану-математика бағыты бойынша мамандардың тапшылығы екенін жоғарыда атап өттік. Сағат толтыру мақсатында көршілес ауылдарға қатынап «мобильді ұстаз» болып жүр. Шешімі ретінде жоғары және кәсіби білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерге арналған қосарланған кадрлар дайындау, біріккен сыныптарды оқыту әдістемесі курсын қосу мәселесі қарастырылса деймін. Шынын айту керек ауылға келетін жас мамандардың басым бөлігі өзінің 3 жыл грант өтемін өтеу үшін келеді. Келген күннің өзінде пәтер тапшылығы болып жатады. Кадрларды ауылға тарту саясатына байланысты жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып, қажеттілігіне қарай әр ауылға жас мамандарға арналған «мұғалім үйі» салу қарастырылса. Әрине осының бәрі менің субъективті пікірім болар, дегенмен ой саларлық мәселелер бар секілді.
    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсам, мемлекетіміздің шағын жинақталған мектепке көңіл бөліп, мәселелерді көтеріп, шешімін табу жолында тынбай еңбектеніп жатқаны қуантарлық жағдай. Бұл өскелең ұрпақтың еліміздің іргесін қалауда, Жаңа Қазақстанды құру жолында зор септігін тигізеді деген сенімдемін. “Ауыл - ел бесігі” демекші, қазіргі қиын жағдайға тап болған кезеңде осындай өзекті мәселелерді бірлесе көтереп, артынан шешімдері табылады деген ойдамын.
    Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!


    написать администратору сайта