Математика пәнін үш тілде оқыту - заман талабы. Маыстау облысы Тпараан ауданы байдолла Айдаров атындаы 1 мектеплицей кмм коянбаева Балзия Бауыржановна
Скачать 20.17 Kb.
|
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей» КММ Коянбаева Балзия Бауыржановна Математика пәнін үш тілде оқыту – заман талабы «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет-ақ. Ендеше үш тілді білубүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. Турасын айтсақ, екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен бастап маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізуге бағытталған көптілді білім беру әдістемесін енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады. Осыған орай қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйесінде қайта құру жүріп жатыр, білім берудің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстардың бірі болып орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту табылады. Осындай ізгі мақсаттарды іске асыруда Республикамызда білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламасы жетілдіріліп, жаңа мазмұңдағы оқулықтар шығарылып, жаңа типтегі оқу орындары пайда болды. Сонымен қатар білім сапасына да қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологилары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болды. Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан–ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. Математиканы оқыту орта білім берудің маңызды компоненті болып табылады, өйткені ғылым-техникалық прогресс дәуірінде математика жаратылыстанудың, техниканың және өндірістің тілі мен құралы ретінде пайданылады. Еліміздің ғылыми-техникалық потенциалы – мектеп математика курсын оқыту сапасына байланысты. Математиканы кәсіби меңгеруге даярлау мен қатар таңдап алған мамандығына тәуелсіз барлық оқушыларға математикалық дарлықтың кепілді деңгейін қамтамасыз ету оқытудың маңызды мәселесі болып табылады. Мектептегі математиклық білім беруді қайта құрудың негізгі міндеті, оқытудың әдістемелік жүйесінің дамуы және ақпараттық атқару функциясы. Адам қызметінің түрлі облыстарын математикалық компьютерлердің пайда болуын күшейтеді. Осының бәрі математикадан шығатын нақты математикалық білімді, белгілі бір ойлау стилін қажет етеді. Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәрбиесіндегі күнделікті менгерілген қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаменталды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастардың пәні болып келуінің шарттарынан шығады. Заман талабына сай орта мектеп математикасын ағылшын тілінде оқыту көптеген мүмкіндіктер береді. Оқушылардың ғылыммен тереңірек айналысуына, болашаққа үлкен жол ашады. Елбасымыз өзінің жылдық Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деп, қазақстан халқы үшін үш тілді жете білуінің маңыздылығын айта кеткен. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Көптілді меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта, көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – мемлекеттің міндеті. Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі — өздерінің меңгерген мамандықтарын ағылшын тілінде дұрыс игеру. Сондықтан үштілділік білім жүйесін жолға қояр алдында бұл жүйенің бүкіл артықшылығы мен кемшілігі ескеріліп, әбден пісіріп-жетілдірілуі қажет. Сонда ғана ол біздегі білім жүйесін алға сүйрейді. Басқа тілді білу ана тілді ақсатпайды. Одан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, көп тілді білу оқушының білімін ұштауына, зердесінің молаюына көмектеседі. |