Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмыс тәртібі.

  • Жұмыс барысы.

  • Нәтижелерін есептеу

  • Р116 сайлауханова камилла. Майларды сабындану санын анытау


    Скачать 24.12 Kb.
    НазваниеМайларды сабындану санын анытау
    Дата18.11.2019
    Размер24.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР116 сайлауханова камилла.docx
    ТипДокументы
    #95712

    Майлардың сабындану санын анықтау

    Сабындану саны деп 1 грамм майдағы барлық байланыспаған және байланысқан май қышқылдарын бейтараптауға кететін күйдіргіш калийдің миллиграммен алынған мөлшерін атаймыз.Сабындану саны майдың құрамына кіретін қышқылдардың орташа молекулалық массасын көрсетеді.Өсімдік майларының сабындану саны белгісіз өзгеріп отырады.Әсіресе,кокос,пальма және басқа кейбір майларда сабындану саны жоғары болса,ал қырыққабат тұқымдастары мен үлпілмәлік майларында бұл көрсеткіш төмендеу болады.

    Жұмыс тәртібі. Майды артық титрлеген күйдіргіш калий ерітіндісіне қайнатады.Соның нәтижесінде май гидролизденеді.

    CH2OCOR1CH2OH

    CHOCOR2+3H2O CHOH+R1COOH+R2COOH+R3COOH

    CH2OCOR3 CH2OH

    Бос Байланыспаған май қышқылдарына күйдірігш калий мен әсер етеді.

    RCOOH +KOH RCOOK +H2O

    Май қышқылдарына әсер етілмеген артық сілтіні тұз қышқылымен титрлейді KOH+HCH+H2O және барлық май қышқылдарының байланысуына кеткен сілтінің мөлшерімен майлардың сабындану санын табады.

    Жұмыс барысы. Таза,әрі құрғақ колбаға 1 грамм май салып таразыда өлшеп,оған 25 мл 0,5 н. Калий гидроксидінің спирттегі ерітіндісі құйылады.Колбаның тығыны айналып келетін мұздатқышпен жағалап,оны 2 сағат қатты қайнаған су моншасында қайнатады.Қайнау барысы мұқият бақыланып отыруы қажет.Ол үшін басқа колбаға май орнына 2 мл су құйылып,оған 25 мл 0,5. KOH қосыпбірге су моншасында қайнатады.Майдың сабындану нәтижесі соңындағы колбадағы ерітінді біртектес,яғни ешқандай май қышқылдары қалмаған мөлдір,болып келеді.

    Егер,сабындану процесінде колбадағы майдың ерітіндісінің еруі қиындау болса,онда колбаға мөлшерлеп сондай көлемде тез қайнағыш еріткіштер- тулуол,не пропил, не бутил немес амил спиртіне қосады.

    Сабындану процесі аяқталған соң, әрбір колбаға 3-4 тамшыфенолфталин немесе тимофталеин индикаторын қосып,онан кейін 0,5 н тұз қышқылымен алқызыл түс жойылғанша титрленеді.Екі колбаның нәтижелері бақыланып жазылады.

    Нәтижелерін есептеу. 1 г майдың құрамындағы барлық байланысқан және байланыспаған май қышқылдарын бейтараптауға кеткен KOH миллиграмдық мөлшері,мынаған тең:



    Мұндағы: X-сабындау саны;

    А- бақылауды суыы бар колбаға титрлеуге кеткен 0,5 н HCL ерітіндінің мөлшері;

    Б-тәжірибені майы бар колба титрлеуге кеткен 0,5 н HCL ерітіндісінің мөлшері;

    T1- HCL титріне түзетулер 28,055 - KOH-тың молекулалық массасы (56.11:2=28.055,бұл 0,5 н болғандықтан ).

    T2- KOH титріне түзетулер

    H- тәжірибе үшін алған майдың грамдық салмағы.

    Негізінде, майдың сабындану саны мен қышқылдық сандары белгілі болған жағдайда,майдың эфирлік санын есептеп шығаруға болады.

    Эфирлік саны деп 1 грамм майдың құрамындағы, сабындану кезіңде ,байланыспаған май қышқылдарын бейтараптауға кеткен күйдірігіш калийдің миллиграммдық мөлшері.Майдың эфирлік санын- сабындану санымен қышқылдық санының айырмасынан есептеп шығаруға болады.


    написать администратору сайта