|
план урока. архимед. Малім Кулькеева Айжан Балтабаевна
Қысқа мерзімді жоспар
| мектеп:
| Күні:
| Мұғалім: Кулькеева Айжан Балтабаевна
| Сынып: 7
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Кері итеруші күш. Архимед заңы
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
| 7.3.1.12 - сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 - есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
| Сабақ мақсаттары
| Күш анықтамасын еске түсіру;
Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күш табиғатын түсіну;
Есептер шығаруда Архимед заңын пайдалану;
| Бағалау критерийлері
| Күш анықтамасын еске түсіреді;
Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күш табиғатын түсінеді;
Есептер шығаруда Архимед заңын пайдаланады.
| Тілдік мақсаттар
| Арнайы пәндік терминология:
Қысым, аудан, көлем, т.б.
Диолог құруға арналған сөзтіркестері:
Суға батқан денені ..................модулі осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең.
Кері итеруші күш....................................
Архимед заңының формуласы............
| Құндылықтарды дарыту
| -өмір бойы оқуға дайын болу;-сын тұрғысынан ойлау;
-қарым қатынас жасау қабілеті;-ғылыми-зерттеу дағдылары.
| Пәнаралық байланыстар
| Математика, қазақ тілі, тарих, информатика
| Бастапқы білім
| Атмосфералық қысым. Манометр. Сорғылар
| Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақ басы
| Ұйымдастыру:
-Сәлемдесу;
-Түгелдеу;
-Жағымды психологиялық ахуал тудыру
«Өзіңізге тілегенді, өзгеге тілеңіз!» Тілек тілеу
-Топқа бөлу.
Алфавит әдісі бойынша топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау:
«Ашық микрофон» әдісі. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа, үй жұмысына қатысты сұрақтарға жауап береді.
-Барометр дегеніміз не?
-Манометр дегеніміз не?
-Сорғының қандай түрлерін білесіз?
-Металл манометр қалай жұмыс істейді?
-Қысымды өлшейтін аспаптардың құрылысындағы айырмашылықтар?
-Өмірде қолданылуы
Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі
Қызыл- түсініксіз, нашар орындалған!
Сары-толық емес, жартылай орындалған!
Жасыл-бәрі тамаша, өте жақсы!
|
Микрофон
| Сабақтың ортасы
| Жаңа сабақ: «Ойлан-топтас-бөліс» әдісі
Оқылым тапсырмасы: білу және түсіну
Оқушылар жекелей отырып, оқулықтағы мәтінмен танысады, топтасып талқылайды. Берілген тақырыбын ашып, мағлұмат дайындайды.Осы тақырыптарда әр топ өз жұмыстарын постерге жазып, қорғайды. Дескриптор:
1. Анықтамасын біледі;
2.Өлшем бірлік, формуласын түсінеді;
3.Өмірде қолданысына мысал келтіреді.
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі Жеке жұмыс:
«Физикалық диктант» әдісі
Сұйыққа немесе газға батырылған денеге кері итеруші күш (төменнен жоғары, жоғарыдан төмен) қарай бағытталады.
Суға лақтырылған құтқару дөңгелегі қалқып шығады, серіппеге жүк іліп, оны сұйыққа батырылған кезде серіппе (қысқарады, созылады, өзгермейді)
Бұл күш шама жағынан сұйыққа батырылған дененің немесе оның сұйыққа батып тұрған бөлігінің (массасына, ауырлық күшіне, салмағына) тең. Кері итеруші күштің пайда болу себебі, сұйықтың немесе газдың тереңдігіне қарай оның (қысымының, тығыздығының) артуы болып табылады.
Сондықтан ол күш денеге төменнен жоғарыдан әсер ететін қысым күштерінің (қосындысына , айырмасына) тең болады.
Архимед күші сұйыққа батырылған дененің (тығыздығына, көлеміне) байланысты болмайды. Ол сұйықтың немесе газдың (тығыздығына, көлеміне) және сұйыққа батып тұрған дененің көлеміне байланысты болады.
Дескриптор:
-Анықтама, ережелерді біледі;
-Қандай сөздер керек екенін түсіне отырып, орындайды.
Дұрыс жауап саны
| Бағдаршам түсі
| 6-7 сөз
| Жасыл-түсіндім
| 4-5 сөз
| Сары-түсінген сияқтымын
| 1-4 сөз
| Қызыл-мүлдем түсінбедім
|
Оқылым тапсырмасы: қолдану
Жұптық жұмыс:
«Кім жылдам?» әдісі
(оқушыларға тақырыпқа байланысты есептер беремін, кім бірінші болып, қатесіз шығарса «бүгінгі күннің жұлдызы» деп, оқушыларды ынталандыру мақсатында мотивация беремін.)
Суға көлемі болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы . Көлемі гранит тас өзен түбінде жатыр. Оны суда көтеру үшін қандай күш жұсау керек? ( ) Көлемі гранит тас өзен түбінде жатыр. Оны ауада көтеру үшін қандай күш жұсау керек? ( ) Көлемі темір тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін архимед күшін есептеп шығарыңдар. ( ) Адам денесінің орташа тығыздығы 1036 кг/м3. Адамның массасы 50 кг. Адамға әрекет ететін ауырлық күші қандай?Қандай суда жүзу жеңілірек?
Дескриптор:
-есептің шартын дұрыс жазуды біледі;
-ХБЖ келтіруді түсінеді;
-негізгі формулаларды тиімді қолданады.
Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» әдісі Пысықтау: «Тарсия» әдісі
Алты бұрышты бөліктерге бөліп, сұрақтарды бір қырына, екінші қырына жауабын жазып, қырқамын. Оқушыларға берілген тапсырма қиындыларды сұрақтың жауабына қарай біріктіріп, берілген макетті құрастыруы қажет. -Кері итеруші күш
Сұйыққа батырылған кез-келген денеге ауырлық күшіне қарама-қарсы, яғни жоғары қарай бағытталған әрекет күші.
-Кері итеруші күш формуласы
-Кері итеруші күш қандай шамаларға тәуелді?
Сұйық тығыздығы,еркін түсу үдеуі,дененің көлеміне.
-Архимед заңының тұжырымдамасы
Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
-Архимед заңының формуласы
-Архимед күшінің есебінен қандай денелер жоғарыға көтеріледі?
Ауа шарлары, дирижабльдер
-Қандай жағдайда дене сұйықтың бетіне көтеріліп жүзіп жүреді?
Егер ауырлық күші Архимед күшінен кем болғанда.
-Қай кезде дене сұйық ішінде жүзеді? с
-Қандай жағдайда дене ссұйық түбіне түседі, яғни батады?
Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық болғанда.
Дескриптор:
-Берілген қиындылардағы сұрақтарды табады;
-Сұрақтарына қарай жауабтарын түсінеді;
-Алтыбұрышты дұрыс көрсетеді.
Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ» әдісі
|
Постер, түрлі түсті маркер
-өте жақсы;
-жақсы;
Орташа.
| Сабақтың соңы
| Кері байланыс: «Плюс, минус, қызықты» әдісі
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - "қолымнан келмей жатыр" немесе "түсініксіз болып тұр" деген ойларын жазады.
«Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді соны жазады
Бағалау : «Менің көңіл күйім» әдісі
Үй жұмысы §29 Кері итеруші күш. Архимед заңы, жаттығу 4.6, № 2, 3, 4
|
|
Плюс +
| Минус -
| Қызықты :))
|
|
|
|
|
|
|