Главная страница
Навигация по странице:

  • Түйінді

  • Ключевые слова

  • «Мұғалімдердің зерттеу қызметі: артықшылықтары және кедергілері». баяндама. Малімдерді зерттеу ызметі артышылытары жне кедергілері


    Скачать 61.82 Kb.
    НазваниеМалімдерді зерттеу ызметі артышылытары жне кедергілері
    Анкор«Мұғалімдердің зерттеу қызметі: артықшылықтары және кедергілері
    Дата21.12.2021
    Размер61.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабаяндама.docx
    ТипИсследование
    #311785

    «Мұғалімдердің зерттеу қызметі: артықшылықтары және кедергілері»




    Кисембинова Бакытжан Толеухановна

    Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

    орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

    ШҚО Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

    Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің

    «Рыков атындағы орта мектебі»

    коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    Аннотация
    Сабақты зерттеу (Lesson Study) –мұғалімдік тәжірибе саласындағы білімдерді жетілдіруге бағытталған сабақтарда іс-әрекеттегі зерттеудің айрықша нысанымен сипатталатын педагогикалық тәсіл. Бұл мақалада өз мектебіміздегі «Сабақты зерттеу» үдерісінің алғашқы кезеңдерінің өтілу ерекшеліктерімен бөліседі.

    Мақсаты: мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастығы мен кәсіби өзара әрекеттесуінің, өзінің оқыту тәжірибесін жақсарту және кәсіби бірлестіктерді қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға, білімін тәжірибе жүзінде қолдану білуі, өзін-өзі оқыту және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға үйренуді жүзеге асыру бұл мақаланың өзектілігі деп ойлаймын.
    Аннотация

    Исследование урока (Lesson Study) - педагогический подход, характеризующийся специфической формой исследования в деятельности на уроках, направленной на совершенствование знаний в области учительской практики. В данной статье раскрывается особенности прохождения первых этапов процесса «исследования урока» в своей школе.

    Цель: совершенствование профессионального взаимодействия и сотрудничества учителей школы, улучшение своего опыта обучения и формирование профессиональных объединений. Я думаю, что актуальность данной статьи заключается в том, чтобы учащиеся научились критически мыслить, применять знания на практике, развивать навыки самообразования и самооценки.
    Abstract
    Lesson study – is a pedagogical approach characterized by a specific form of research in the activities of the lessons aimed at improving knowledge in the field of teaching practice. This article reveals the features of the first stages of the process of “lesson study” in school.

    Objectives: to improve the professional interaction and cooperation of school teachers, improve their learning experience and the formation of professional associations. I think that the relevance of this students learn to think critically, apply knowledge in practice, develop skills of self-education and self- esteem.
    Түйінді сөздер: Сабақты зерттеу, рефлексия жасай білу, кері байланыс, дағды, ынтымақтастық, талқылау.
    Ключевые слова: исследование урока, рефлексия, обратная связь, навыки, сотрудничество, обсуждение.
    Keywords: lesson learning, reflection, feedback, skills, cooperation, discussion.

    «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» педагог қызметкерлер мен шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсының екі бетпе-бет кезеңінде білім алдым. Бағдарламаның мақсаты: шағын жинақты мектеп басшыларының педагогикалық және басқару шеберлігін жетілдіру, білім беру салалары мен деңгейлері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде оларға әдістемелік қолдау көрсету болып табылады. Мен осы курсты оқи отырып, тренерімнен ұстаздарға өзгермелі қоғамда өмір сүруге бейім, жаһандық көзқарасы, XXI ғасырда талап етілетін дағдылары қалыптасқан тұлға ретінде оқыту мен тәрбиелеу міндеті қойылып отырғаны туралы ұғындым. Сондықтан да, осыған сай мектепті түбегейлі өзгеріске ұшырату біздің қолымызда екенін түсіндім.

    Сабақты зерттеу (Lesson study) тәсілі - мұғалімнің кәсіби білімін үздіксіз жетілдірудің тиімді әдістерінің бірі. Lesson study Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда болды. Тәсілдің негізі Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілдемесінен 140 жыл бұрын XIX ғасырдың 70 - Жапонияда құрылған. Lesson Study аясында өзінің қорытындыларын құжаттап, оқытумен оқуды жоспарлауды, оқытуды, талдауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады (Дадли, 2011). Зерттеу сабағы шынайы сыныптағы сабақ; қатысушы мұғалімдер оқушылардың ойлау, оқу әрекеттерін, мінез-құлқын зерделейді. Сонымен қатар, мұғалімдердің үздіксіз білім алып, үздіксіз өз тәжірибелерін жетілдірудің бірден-бір жолы. Сабақты зерттеу үдерісі үш кезеңнен: жоспарлау кезеңі, зерттеу сабағы, сабақтан кейінгі шаралардан тұрады. Бірінші кезеңнің мұғалім үшін тиімділігі: топ құру арқылы ынтымақтастықта жұмыс жасай білу, бірлесе жоспарлай алу, мінсіз сабақ жоспарын құруды үйренеді. Осы кезеңде пән бойынша ұзақ мерзімді оқу мақсаттарын, оқушылардың академиялық, әлеуметтік дамуын талқылау арқылы пәндік білімдерін дамытады.

    Екінші кезеңде мұғалімдердің оқушыларды бақылау дағдылары артады. Үшінші кезең сабақты талдау мен білімді жинақтаудан тұрады. Сондықтан, сабақты зерттеу мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының қуатты құралы.

    Бірінші бетпе-беттен мектеп тәжірибесінен өтуге келген кезден бастап, мектеп басшысының қолдауымен сабақты зерттеу үдерісін бастап кеттім. Ол үшін ең алдымен мектеп мұғалімдерін жинап «Lesson study» тәсілінің ұғымы, өткізу кезеңдері туралы тізбектелген коучингтер өткізіп алдым.

    Топты қалыптастыру.


    Ол үшін мектептегі деңгейлік курс бітірген сертификатталған мұғалімдерді «қозғаушы күш» ретінде алға тарттық. Ол мұғалімдер бірден келісе кетті. Біздің мектеп мұғалімдері өзінің сабағын зерттеумен бірінші рет айналысып жатқандықтан, зерттеу бойынша көптеген сұрақтар туындап жатты. Әр кезде оқыту әдістерінің дұрыс таңдалып жатқанына күмән туғыза бастады, сондықтан «сыншы дос» ретінде өзімнің тренеріммен әрқашан байланыста болып отырдым.

    Зерттеудің ортақ тақырыбын анықтау.


    Мектеп оқушыларынан, ата-аналарынан және мектеп қызметкерлерінен жинақталған деректерге негізделген триангуляция нәтижелерін талдау, өңдеу арқылы мектептің дамыту мақсатын белгілеу үшін мектебімнің бастапқы жағдайын зерттедік. Мысалы айтатын болсақ, мектептегі оқушы мен ата-ананың пікірі назарға алына бермеуі, көшбасшылықтың болмауы мектептің дамуына кедергі келтіретіні сөзсіз. Сонымен қатар, оқушылардың кері байланыс беруінің әлсіздігі, топтық жұмыстардың ережеге сай жүргізіле бермеуі, тиімді кері байланыс дағыдалырының қалыптаспауын көрсетеді.

    Осыған сай «Lesson Study» тәсілін оқу мен оқытуға енгізе отырып, 5-8 сыныптардағы оқу мен оқытудағы кедергілерді қалай жоюға болады?» деген зерттеу сұрағын таңдап алдық. Сабақты бақылау кезінде мұғалімдер жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өздерінің оқыту мен бақылау дағдыларын дамыта алады. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтай алады. Осылайша, топ өзінің алдына зерттеу мақсаттарын қойды.

    • Сабақтың әр кезеңінде оқушылар үшін жетістіктер критерийлерін құруды үйренеді;

    • Оқыту үдерісіндегі кері байланыстың рөлін анықтайды;

    • Оқытудағы ілгерілеуді қадағалау үшін қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерін таңдайды;

    • Топта ұйымдаса жұмыс істей отырып, әр оқушыны оқу үшін бағалауға, тиімді кері байланыс бере білуге тартады.

    Оқушылар жетістік критерийлеріне сүйене отырып, өзінің сабақтағы жұмысына келтірілген кедергілерді анықтай алады, түзету жұмыстарын белгілей алады.

    Осылайша, біз сабақты зерттеу сұрағын, мақсатын анықтағаннан кейін, зерттеу мәселесі бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін бір айдың ішінде бір циклін өткізуді жөн көре отырып, ақылдастық.

    1. Сабақты бірлесіп жоспарлау.

    2. Бақыланатын оқушыларға назар аудара отырып, бір сабақты өткізу бақылау.

    3. Сабақ туралы пікірін білу үшін оқушыдан сұхбат алу.

    4. Бірлескен талқылаудан кейін жасалған қорытындыларды ескере отырып, сабақты қайтадан жоспарлау.



    1-сурет. Сабақты зерттеу циклы

    Сабақты зерттеу үдерісінің басты кезеңі сабақты жоспарлау және өткізу болып табылады. Зерттеу сұрағы басы назарда ұсталынады. Сонымен, бірінші сабақ барысында бақылаушы мұғалімдердің әрқайсысы өздеріне бекітілген оқушыларды нақты бақылады. Бірақ біздің тәжірибемізде бақыланып отырған оқушы сабақ үстінде өзін өте ыңғайсыз сезініп отырғанын бақыладық. Сабақтың алғашқы минуттарында сабақ беріп отырған мұғалімнің өзі де қысылып, біраз алаңдады. Біраз қалыптасқаннан кейін оқушы да мұғалім де оқыту үдерісіне белсене қатыса бастады. Оқушының әрбір қимылы, сөйлеген сөзіне дейін деректер болып жинала береді. Жиналған деректерді, фотоларды талқылап, интерпретациялағаннан кейін, дәлелдемелерге айналады. Сол дәлелдемелер арқылы жүргізілген сабақтың тиімді, тиімсіз жерлерін көруге болады.

    Сабақтан кейінгі талқылау жүргізілген тотық жүмыс өз нәтижесін берді, өйткені топтар пәнге деген қабілеттері және оқушының психологиялық үйлесімділігі ескеріле отырып құрылған болатын. Екі топтың әрқайсысында бақыланатын оқушылар болды. Мұғалім сабақ басталғасын оқушыларға жетістік критерийлерін жеткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Тапсырманы орындау барысында мақсатын түсіне білді, нені оқытатынын білді, тапсырманы орындағаннан кейін

    ұсынылған критерийлер бойынша бағаланып отырылды.

    Сабақты зерттеу барысында артықшылықтары, кемшіліктері бар екеніне көзіміз жетті.

    «Lesson Study» тәсілі сабақтардың сапасына оң әсерін тигізетінін байқадық. Бірлескен оқу ортасында мұғалімдер мен оқушылардың тұрақты қолдауы мен іс-әрекеттері арқылы, оқушылар белсенді сыни тұрғыдан ойлауға тартылады. Жұптық, топтық, командалық жұмыс барысында орнайтын ынтымақтастық арқылы мұғалім мәдениетін көтеруге ықпал етті. Оқушының білім алуға деген көзқарасы өзгерді. Мұғалімдердің өз сыныптарында оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы дәлелдері; Сыныптағы сабақ берген мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгере отырып, сабақтың әдіс- тәсілдерін өзгертті. Өзгеру барысында оқушы мен мұғалім арасындағы көзқарас өзгерді. Сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер ынтымақтаса, бірлесе отырып жұмыс жасауға қалыптасты. Сабақты талдау, жоспарлау, рефлексия жасай білу, кері байланыс беру дағдылары арта бастады. «Сабақты зерттеу» тәсілі оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға, оқушыларды терең зерттеуге, мінсіз оқушы тәрбиелеуге, мұғалімнің шеберлігін арттыруға, бір –бірімен іс- тәжірибе алмасуға өте тиімді әдіс екендігіне көз жеткіздік. Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді. Болсада бір жақты... Ал қазір жағымды ынтымақтастықта бірлесе, оқыту мен оқу үдерісінде туындаған кемшіліктерді бірге жоюға, зерттеуге ат салысудамыз. Ең бастысы бір-бірімізге деген сенімділігіміз арта түсті. «Сабақты зерттеу» тәсілі арқылы мектепшілік қоғамдастықтың жүйесі жүйелі түрде жұмысын бастап кетті.

    Үдеріс барысында сәтсіз жақтары да болмай қалған жоқ, болды. Оған дәлел мұғалімнің сабақты жетік түрде талдай алмауы, керекті деректерді тиімді жинай алмауы. Оқушылардың жоғары ойлау дағдысының төмендігі, сұрақ қою дағдысының жетіспеушілігі, ойын еркін жеткізіп, ойын жүйелі айтудан қиналуы сәтсіз жақтары деп есептейміз. Сабақты зерттеу барысында мұғалімдер өздерінің әрекеттерін талдаған кезде дағдының жетіспеушілігінен сабаққа рефлексия жасауы өз деңгейінде болмай жатты. Енді алдыңғы уақытта сабаққа қатысу барысында мұғалімнің рефлексия жасау дағдысын дамыту керек деген ойдамын.

    «Сабақты зерттеу» тәсілі –мұғалімнің жеке тұлға ретінде оқу-танымдық қызметінде өзін- өзі реттеу; өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастырудағы, яғни мұғалімнің кәсіби дамуына әкелетін жолдарының бірі екенін анықтай алдық.

    Пайдаланған әдебиет:


    1. А.А. Ошақбаева Сабақты зерттеуді қалай сапалы жүргізуге болады: Әдістемелік ұсыным- Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.-34 бет.

    2. Информациялық-методикалық журнал «Педагогикалық диалог» 2019.


    написать администратору сайта