Главная страница
Навигация по странице:

  • География. 10-сынып

  • Сабақтың тақырыбы: Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау

  • Бағалау критерийі: Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсеріне баға береді

  • Уақыты Кезеңдері

  • кмж. _География_ пәні бойынша сабақ жоспары. Малімні атыжні Акжолова Д


    Скачать 39.45 Kb.
    НазваниеМалімні атыжні Акжолова Д
    Дата22.10.2022
    Размер39.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла_География_ пәні бойынша сабақ жоспары.docx
    ТипДокументы
    #748357


    Мұғалімнің аты-жөні:

    Акжолова Д

    Пән/Сынып:

    География. 10-сынып







    Тарау немесе бөлім атауы:

    Табиғатты пайдалану және геоэкология / 3.1 Табиғатты пайдалану

    Сабақтың тақырыбы:

    Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау

    Оқу мақсаты:

    10.3.1.3 табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде);


    Бағалау критерийі:




    • Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсеріне баға береді:

    • Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдарын ұсынады.




    тапсырма

    Уақыты

    Кезеңдері




    Ресурстар

    1 минут

    Ұйымдастыру

    Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну.

    Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстырады.

    (Сабақ мақсатын бірлесіп анықтау )

    Презентация № 1бет

    7-8 минут

    Жаңа сабақ



    Табиғатты пайдалану түрлері

    Пайдалану сипаты


    Салалық

    Табиғат ресурстарын бір шаруашылық саласы шегінде пайдалану (жер қойнауы ресурстарын, жер ресурстарын, су ресурстарын, орман ресурстрын, жан-жануарларды кәсіптік бағытта аулау мақсатында пайдалану)

    Ресурстық

    Кез келген жекелеген ресурс түрін шаруашылықта пайдалану (өнеркәсіптік, ауылшруашылық, көлік-тасымалдық, рекреациялық, коммуналды-тұрмыстық бағытта пайдалану)

    Аумақтық

    Табиғат ресурстарын белгілі бір аумақ деңгейінде пайдалану (ғаламдық, ұлттық, региондық, жергілікті)




    Презентация № 2бет


    8 минут




    Тәжірибе


    Қазіргі заманғы орманның төртінші қысқару кезеңі ХХ ғасырдың баснан басталды. Бұл жағдай, әсіресе, тропик маңайындағы Филиппин, Малайзия, Индонезия, Бразилия сияқты елдерде ерекше белең алды. ХІХ ғасырдың 20- жылдары көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029 % болса, ал 90- жылдары -0,035%- ке жетіп, 20%- ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орта температурасы 0,1° С-қа, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетінін дәлелдеген. Осы мәліметтерді компьтерлік жүйе арқылы есептеген жер шарының орташа температурасының өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал.

    Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мұхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда “топан су” қауіпін туғызары сөзсіз.

    Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекет болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн.

    “Озондардың жұқаруы”.ХІХ ғасырдың 80- жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқару байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып ол 7 млн. км.² аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.

    Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып “озонның жұқару” себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі-хлорфторкөміртектік қосылыстар екендігі анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді.Ол өз кезегінднгі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1%-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр.

    Ауа бассейні мен басқа да қоршаған орта компоненттерінің ластануына көлік құралдары елеулі үлес қосады. Қала маңындағы көлік шығарындылары 25-тен 50%-ға дейінгі көрсеткішті құрайды. Ластану бойынша атмосфераға шығатын газдарды пайдаланатын автомобильдерден бірінші орында Алматы қаласы – 75%, одан кейін Ақтөбе – 47,1%, Семей – 46,6%, Тараз – 43,1%, Өскемен – 41,4%

    Бағалау критерийлері:

    * Ластанудың экологиялық және әлеуметтік салаларға салдарын сипаттайды;

    * Азайту жолдарын ұсынады;

    Қаланың ластану себептерін атайды



    Презентация № 3бет

    № 5бет


    http://stan.kz/kazakstanda-auasy-en-lastangan-kalal/

    https://www.nur.kz/1666860-ekologicheskie-problemy-kazakhstana.html


    3 минут



    Бекіту

    Жеке тапсырма ұсыну

    1. Қазақстандағы табиғат пайдаланудың ерекшеліктері және оның қорщаған ортаға әсері қандай?

    2. Қазақстанның тұрақты даму жолында табиғат қорғау қызметі қандай?

    3. Қазақстанда қоршаған табиғат ортасын қорғау туралы қандай заңдар қабылданды?


    Презентация № 4бет


    написать администратору сайта