Главная страница
Навигация по странице:

  • 3 сынып Қай аптаның нешінші сабағы 2-тоқсан 33-сабақ

  • Қысқы кеш Оқу мақсаты

  • Саралап оқыту тапсырмалары Ұжымдық жұмыс

  • Уақыты Кезеңдері Тапсырма

  • Жаңа сабақ Ой қозғау Өлең жолдарындағы көркем ойға сәйкес келетін қарасөз мәтін бөлігін табыңдар.

  • Төбесінен үйдің тозған Сылдырайды сабаны, Жолаушыдай кешеу қалған Терезені қағады. Мұқан Иманжанов-балалар жазушысы

  • Жаңа тақырыпты меңгеру Жарайсыңдар!

  • Мағынаны тану. Мәтінді оқы.

  • Мәтінді бөліктерге бөліп ат қойыңдар. 1-бөлік: Боран2-бөлік: Мүлгіген ауылМәтінмен жұмыс.Мәтіннен боранның іс-әрекеті бейнеленген сөйлемдерді тауып оқыңдар.

  • Дескриптор: Өлеңнен нақыл сөздерді табады Тамаша!

  • Бүгінгі тақырып бойынша не меңгергенімізді білу үшін тапсырмалар орындайық. 1-тапсырма.

  • 2-тапсырма.Мәтінге сүйеніп,боранға қатысты кейіптеулерді тауып жазыңдар.

  • 3-тапсырма.Сызбада берілген шығармаларды салыстырыңдар. Қорытынды Сен бүгінгі сабақта

  • Оқу тапсырмасы 1. «Қысқы кеш» мәтінін оқы. 2. Мәтіндерді пайдаланып, 5 жолды «Боран» тақырыбында өлең құрастыр.

  • Дескриптор: сызбада берілген шығармаларды салыстырып айтады. Дескрипторлар

  • қысқы кеш. 5-сабақ Қысқы кеш. Малімні атыжні Елемесова Алмагул Габдилмаликовна


    Скачать 179.29 Kb.
    НазваниеМалімні атыжні Елемесова Алмагул Габдилмаликовна
    Анкорқысқы кеш
    Дата07.12.2022
    Размер179.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5-сабақ Қысқы кеш.docx
    ТипДокументы
    #833240



    Мұғалімнің аты-жөні:

    Елемесова Алмагул Габдилмаликовна

    Пән/Сынып:

    3 сынып

    Қай аптаның нешінші сабағы

    2-тоқсан 33-сабақ

    Тарау немесе бөлім атауы:

    Уақыт

    Сабақтың тақырыбы:

    Қысқы кеш

    Оқу мақсаты:

    3.3.2.3. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, ат қою, авторы туралы әңгімелеу, сызбада берілген шығармаларды салыстыру

    Бағалау критерийі:

    • Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, ат қою;

    • авторы туралы әңгімелеу;

    • сызбада берілген шығармаларды салыстыру

    Саралап оқыту тапсырмалары

    Ұжымдық жұмыс

    Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


    Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

    Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

    Жеке жұмыс

    Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

    Уақыты

    Кезеңдері

    Тапсырма

    Тапсырманың мақсаты

    Бағалау

    Ресурстар

    1 минут



    1-слайд,

    Сабақ тақырыбы
    2-слайд

    Сабақ мақсаты

    Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, ат қою, авторы туралы әңгімелеу, сызбада берілген шығармаларды салыстыру

    Не меңгеретінін білу үшін

    .




    Презентация № 1бет

    7-8 минут

    Жаңа сабақ


    Ой қозғау

    Өлең жолдарындағы көркем ойға сәйкес келетін қарасөз мәтін бөлігін табыңдар.

    Қысқы кеш

    Қара боран көкті жапты,

    Қарлы құйын қуалай.

    Кейде ұлыған аң сияқты,

    Кейде жылайды баладай.
    Төбесінен үйдің тозған

    Сылдырайды сабаны,

    Жолаушыдай кешеу қалған

    Терезені қағады.

    Мұқан Иманжанов-балалар жазушысы

    Мұқан Иманжанов 1916 жылы Қарағанды облысы Жезді ауданында дүниеге келген. Жазушының балаларға арналған “Жол үстінде”, “Жас шебер”, “Ораз бен Боря”, “Талап”, “Бес” «Алғашқы айлар» повесі және «Шаңғышылар» деген тағы да басқа көптеген шығармалары бар.

    Жаңа тақырыпты меңгеру




    Жарайсыңдар!



    Презентация № 2бет

    8 минут



    Тәжірибе




    Мағынаны тану. Мәтінді оқы.

    Ішін тарта, сұрлана боран соғып тұр. Кейбір үйдің терезесінен, кей үйдің маңдайшасынан жылтырап көрінген электр шамы болмаса, ауыл ақ қар жамылып, түн құшағына бұғып, мүлгіп қапты. Түтеген бораннан қыбырлаған жан, қарайған бұта көрінбейді. Жалғыз-ақ ысқырынған желден үркіп, жаяу борасын үйден-үй, төмпешіктен-төмпешік қуып, жыландай сумаң қағып, дамылсыз аралап жүр. Кейде ол қақпаға үйіріле соғып, сәл толастап кідіреді, кейде құтырынып, ақ шаңын көкке будақтатып, екінші тұстан бұрқ етеді де, күшейген желден бел алып, қайтадан сумаңдай әр үйдің әйнегін тырс-тырс қағады.

    Осындай көңілсіз деген түннің өзінде сырттай мүлгіген ауыл іштей қазанша қайнайды.Сіз терезесінен жарық жылтыраған әр үйден алуан кәсіппен шұғылданған әрқилы адамды көресіз... Солардың бәріне батыс жақ шеттегі электрстансысы қуат жеткізіп, денедегі барлық мүшелерге бірдей мүлтіксіз қан құйған күшті жүректей моторы тынымсыз соғады...

    Мәтінді бөліктерге бөліп ат қойыңдар.

    1-бөлік: Боран

    2-бөлік: Мүлгіген ауыл

    Мәтінмен жұмыс.Мәтіннен боранның іс-әрекеті бейнеленген сөйлемдерді тауып оқыңдар.

    Жалғыз-ақ ысқырынған желден үркіп, жаяу борасын үйден-үй, төмпешіктен-төмпешік қуып, жыландай сумаң қағып, дамылсыз аралап жүр.

    Кейде ол қақпаға үйіріле соғып, сәл толастап кідіреді, кейде құтырынып, ақ шаңын көкке будақтатып, екінші тұстан бұрқ етеді де, күшейген желден бел алып, қайтадан сумаңдай әр үйдің әйнегін тырс-тырс қағады.

    Кейіптеу деген не?

    Мәтіндерде қысқы боран адам кейпінде суреттелген. Осындай табиғат құбылыстарын адам кейпіне келтіріп суреттеуді кейіптеу деп атайды.

    Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру



    Дескриптор:__Өлеңнен_нақыл_сөздерді_табады__Тамаша!'>Дескриптор:


    • Өлеңнен нақыл сөздерді табады


    Тамаша!

    Презентация № 3бет

    3 минут



    Бекіту



    Бүгінгі тақырып бойынша не меңгергенімізді білу үшін тапсырмалар орындайық.

    1-тапсырма. Мәтіннен ауыл көрінісін сипаттайтын сөйлемдерді тауып,жазыңдар.

    Кейбір үйдің терезесінен, кей үйдің маңдайшасынан жылтырап көрінген электр шамы болмаса, ауыл ақ қар жамылып, түн құшағына бұғып, мүлгіп қапты.

    Осындай көңілсіз деген түннің өзінде сырттай мүлгіген ауыл іштей қазанша қайнайды.Сіз терезесінен жарық жылтыраған әр үйден алуан кәсіппен шұғылданған әрқилы адамды көресіз...
    2-тапсырма.Мәтінге сүйеніп,боранға қатысты кейіптеулерді тауып жазыңдар.



    Кейіптеу

    Аралап жүр

    Сумаң қағып

    Толастап кідіреді

    Кейде құтырынып

    Тырс-тырс қағады
    3-тапсырма.Сызбада берілген шығармаларды салыстырыңдар.

    Қорытынды

    Сен бүгінгі сабақта:

    мәтінді бөліктерге бөліп оқыдың, ат қойдың;

    мәтіндегі кейіптеу сөздерді таба алдың;

    авторы туралы әңгімеледің;

    сызбада берілген шығармаларды салыстырдың.
    Оқу тапсырмасы

    1. «Қысқы кеш» мәтінін оқы.

    2. Мәтіндерді пайдаланып, 5 жолды «Боран» тақырыбында өлең құрастыр.

    Тақырыпты меңгергенін анықтау



    Дескриптор:


    • мәтіннен ауыл көрінісін бейнелеген сөйлемдерді көшіріп жаза алады.

    Дескриптор:

    • мәтіннен боранға қатысты кейіптеу сөздерді теріп жазады.



    Дескриптор:

    • сызбада берілген шығармаларды салыстырып айтады.

    Дескрипторлар:

    мәтінді түсініп оқи алады;

    көркемсөздерді қолданып 5 жолды өлең құрастыра алады.

    Презентация № 4бет


    написать администратору сайта