Мұғалімнің аты-жөні:
| Уйсинбаева Ж.С
|
Пән/Сынып:
| Математика, 5 А сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
| 11 сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
| 5.1А Натурал сан және нөль
|
Сабақтың тақырыбы:
| Мәтінді есептерді шығару
|
Оқу мақсаты:
| 5.5.1.8 әріпті өрнек құрайды және оны есеп шығаруда қолданады
|
Сабақ мақсаты:
| Оқушылар орындай алады:Натуралсандарң жазылуын,реқатар
ын 1. Мәтінді есепте әріпті өрнек құрайды және оны есеп шығаруда қолдана алады
|
Бағалау критериі:
| Мәтінді есепте әріпті өрнек құрайды және оны есеп
шығаруда қолдана алады
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
| Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
| Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
| Кезеңдері
| Тапсырма
| Тапсырманың мақсаты
| Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
| Бағалау
| Ресурстар
|
1 минут
| Ұйымдастыру
| I. Сәлеметсің бе?
Математика пәнінен келесі сабағымызды бастаймыз.
Сабағымыздың тақырыбы: «Мәтінді есептерді шығару»
Бүгінгі сабақта:
Сенің меңгеретінің:
Мәтінді есепте әріпті өрнек құрайды және оны есеп шығаруда қолдана алуды
| Не меңгеретінін білу үшін
| Мұғалім оқушылардың мақсатпен танысқанын бақылайды
|
| Презентация Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3
|
5
минут
15 минут
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| II. Үй тапсырмасын тексеру
№ 198, №199
ІІІ. Негізгі бөлім
Мысал:
Шебер 1 айда 240 деталь жасады, ал шәкірті 3 есе кем деталь жасады? Осы тапсырмаға қай сұрақтарды қойсақ болады?
Мысалдар:
1. Шәкірті бір айда қанша деталь жасады?
240:3=80 деталь;
2. Шебер мен шәкірті бірігіп қанша деталь жасады?
240+80=320 деталь;
3. Шебер шәкіртінен неше деталь артық жасады?
240-80= 160 деталь;
Мысал:
Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы 9200тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады?
Шешімі:
х + 3х= 9200 ;
х=2300;
Ж: 6900тг
1- тапсырма.
1-топ. Жиһаздар дүкенінен үйге диван мен үстел сатып алуға 75000 тг жұмсалды.Үстелдің бағасы диванға қарағанда 2 есе арзан, диван қанша тұрады?
(х + 2х= 75000 ; х=25000; Ж: 50000тг)
2-топ. Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы 9200тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады?
(х + 3х= 9200 ; х=2300; Ж: 6900тг)
3- топ. Қысқа жеміс сусынын даярлау үшін анам базардан 1260 теңгеге шие және өрік сатып алды. Шиенің бағасы өрікке қарағанда 2 есе қымбат болса, шие қанша тұрады?
(х + 2х= 1260 ; х=420 ; Ж: 840тг)
| Өткен тақырыпты бекіту
| Мұғалім оқушылардың сұрақтардың жауаптарын түсінгендігін бақылайды
Жұмыс парақшалары
Сызғыш, өшіргіш, қарындаш, маркер
Оқушылар тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды
| Мадақтау сөздер арқылы бағалауға болады
Мұғалім оқушыларға білу, түсіну сұрақтарын қойып, жауаптарын тыңдау арқылы бағалайды
| Слайд 4 Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
|
12-13 минут
| Жеке жұмыс
| VI. Тест жұмысы (Жеке жұмыс)
1. Әріпті өрнекті көрсет:
А) 3 . 27 + 118; Ә) 72 : 12 – 4; Б) 65 : а + 78
2. 2х +3 өрнегіндегі коэффициентті ата:
А) 3 Ә) 2 Б) 1
3. 285 – 185 өрнегінің мәнін тап:
А) 85 Ә) 100 Б) 102
4. 303 . 3а өрнегін ықшамда:
А) 909а Ә) 909 Б) 303а
5. 45 пен х сандарының қосындысы:
А) 45х Ә) 45 – х Б) 45 + х
6. Теңдеуді шеш: х + 54 = 100
А) х = 46 Ә) х = 45 Б)
7. Теңдеуді шеш: х : 17= 1
А) х = 1 Ә) х = 0 Б) х = 17 Жауаптар: 1. Б 2. Ә 3. Ә 4. А 5. Б 6. А 7. Б
| Тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
| Жеке жұмысты қалай орындағанына қарай бүгінгі сабақты бағалайды
| Бағалау дескрипторларын ұсыну
| Слайд 10
|
2 минут
| Сабақтың соңы
| VII. Қорытындылау
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлеріне қайта оралтады.
Сабақтың мақсаты қандай? Мақсатқа жеттіңіздер ме?
Әрбір оқушы тақырып бойынша бір нәрсе тұжырымдайды.
| Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
|
|
|
2 минут
|
| VIII. Рефлексия
Сабағымызды қорытындылайық. Өзіңізді өзіңіз бағалаңыз. Әр сөйлем бойынша толықтырыңыз: Істей аламын:
|
|
|
|
|