айлық апталық 2022-2023. Мамыр айында атарылатын жмыстарыны іс шара жоспары
Скачать 140.33 Kb.
|
Дайындаған : А.Нусербаев «Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие ісі орынбасарының 14-18 наурыз аралығына атқарған жұмыстарының анықтамасы 14.03.2022 жыл 14-18 наурыз аралығына апталық жоспар жасалып,бекітіліп жоспар бойынша мынадай жұмыстар атқарылды.Апта күндері оқушылардың қатысуына бақылау жасалды. Сынып жетекшілер толық негізде жұмысқа келгені анықталды.. Дүйсенбі 14-наурыз күні оқушылардың қатысымын бақылау барысында 2-сыныптан Абай Г, 3 «а» сыныптан Жұмағұл Н, 8-сыныптан Жұматай Б ата-ана өтініші бойынша, 9-сыныптан Бәйден Б ауырып, сабаққа қатыспағаны анықталды. Наурыз мерекесі дайындығы бойынша тиісті мамандармен басқосу өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Көгалдандыру жұмыстары бойынша қазылған құдықтың түбіне цемент құйылды.Аспаз Ұ.Бимырзаға жолығып АӘД пәні семинары күнгі ас аухаттың берілуі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Сейсенбі. 15 наурыз күні Р.Омарованың 10 сыныптағы қазақ тілі пәні сабағына ендім. Оқушылар түгел . «парасат пайымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау алынды. Үш тапсырма берілді. 1 тапсырма. А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің сюжеттік құрылымын көрсету. 2-тапсырма . Ғ.Сұлтанбековтің «көшпелі алтын» әңгімесінде автор көтерген мәселені анықтау. 3-тапсырма . А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінен алынған үзіндінің тіліне талдау жасау. БЖБ өз дәрежесінде алынды. Дінге қатысты теріс пиғылды діни ағымдар мен секталардың зияндылығын әшкерелеу мақсатында облыстық дін маселелерін зерртеу орталығының теолог маманы Жорабек Жолдас аудандық ішкі саясат бөлімінен Досжан Есенгелдінің қатысуымен «Дін жане терроризм бір –біріне байланыспайтын ұғымдар» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Фестивал дайындығы бойынша сатира юмор жанры дайындығы бойынша жастар ұйымының жетекшісі С.Әлімқұлмен пікірлесу барысында қатысатын оқушылар анықталып дайындық жұмыстары жүргізіліп отырғаны анықталды.АӘД пәні семинарына наурыз көженің дайындалуына бақылау жасау барысында қажетті жабдықтар әкелініп көже бықтыруға дайын екендігі анықталды. Сәрсенбі оқушылардың қатысымын бақылау жасау барысында 2-сыныптан Жолшыбек Ж, Қуатбай А, 6-сыныптан Төрехан К, Сұлтан Н ауырып, 8-сыныптан Төлепбек Ж,Ердеш Н ауырып сабаққа қатыспағаны анықталды. АӘД пәні бойынша өткен семинардың өтілуіне бақылау мен басшылық жасадым. Іс-шара өз дәрежесінде ұйымдастырылып өткізілді. Өнер фестивалінің дайындығына бақылау жасау барысында би жанры бойынша 1 жеке би, 1 топпен екі би даайындалу үстінде екендігі анықталды. Көркемсөз жанры бойынша дайындық жұмыстары бойынша оқушылар анықталып оқитын өлеңдері беріліп дайындық жүргізіліп отырғаны анықталды. Бейсенбі күні отбасылық жағдайыма байланысты жұмыста болмадым Жұма күні отбасылық жағдайыма байланысты жұмыста болмадым Ұсыныс: Өнер фестивалінің би жанры бойынша сахналық киім үлгісіне М.Әуезов мектебімен ауысу тәртібімен көмек ұйымдастыруды ұсынамын. Өнер фестиваліне сахнаны безендіруге бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан демеушілік жасалуын ұсынамын Дайындаған ДТІЖО: А.Нусербаев Бекітемін: Мектеп директоры: К.Алипбеков «Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие ісі орынбасарының 14-18 наурыз аралығына апталық жұмыс жоспары 14.03.2022 ж
|