Жұтқыншак және жұтқыншак маны сақинасының аурулары. Маны саинасыны аурулары СРАтар
Скачать 23.24 Kb.
|
«Жұтқыншак және жұтқыншак маны сақинасының аурулары» СҰРАҚТАР Созылмалы фарингиттін жіктелуі Ж: Фарингит - жұтқыншақтың шырышты қабығының және лимфоидты тінінің жедел немесе созылмалы қабынуы . Клиникалық жіктелуі Жедел фарингит: вирустық саңырауқұлақтар Аллергиялық Бактериялық травматикалық. Созылмалы фарингит: катаральды гиперпластикалық субатрофиялық фарингит Атрофиялық аралас. Клиникалық түріне қарай баспаның жіктелуі . Ж: Баспаның жіктелуі : Стрептококты ангинаның клиникасына байланысты келесі Клиникалық түрлерін ажыратады : Біріншілік- алғаш пайда болған немесе бұрын болғаннан кейін 2 жыл өткен соң пайда болған жағдайда . Екіншілік- бұған біріншілік туындағаннан кейін екі жылдың ішінде пайда болса . Локализациясы бойынша : таңдай бадамшасының , тіл бадамшасының , жұтқыншақтың бүйір төсемдерінің , көмей . Ауырлығы бойынша : Жеңіл орташа ауыр . Қабыну сипаты бойынша : катаральды фолликулярлы лакунарлы фибринозды герпетикалық флегмонозды ( интратонзиллярлы абсцесс ) жаралы - некротикалық ( гангренозды ) аралас Жұтқьшшактың лимфаденоидты Пирогов-Вальдейера шеңберіне жататын бадамшаларын атаңыз Таңдайдң, жұтқыншақтың, тілдің бадамша бездері, есту түтігі аймағындағы лимфоидты тканьдер жиынтығы – Пирогов-Вальдейер лимфалық жұтқыншақ сақинасын құрайды. Таңдай безінің ең басты функцияларының бірі – иммунитет қалыптасуына қатысу. Созылмалы тонзилиттің жергілікті белгілері. Ж: Созылмалы тонзиллит кезінде бадамша безінің лакунасында өзгерістер пайда болады, жұмсақ лимфоидты ұлпа зақымдалады, оның орнын дәнекер ұлпасы басады. Шрамдар пайда болады, бадамша бездерінің кейбір лакуналары жабылады және нәтижесінде жабық іріңді ошақтар пайда болады. Саңылауларда лакуналардың шырышты қабығының өлі эпителийінің жинақталуы болып табылатын казеозды тығындар пайда болады . Бадамша бездердің созылмалы зақымдалуымен патогенді микробтардың сақталуы мен көбеюіне қолайлы жағдай туғызатын мазмұнды (азық -түлік, темекі шайыры, микробтар, лейкоциттер) табиғи эвакуациялау процесі бұзылады . Өмірлік белсенділігімен олар бадамша бездердің қабыну процесін қолдайды.Зак,Градениго,Преображенский белгілері пайда болады . 2. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ 1. Мұрын-жұтқыншақта кандай бадамша бар ? а) тандай б) тіл в) бүйір карталындағы вапиктер г) мұрын-жұтқыншақ д) түтікшелік 2. Катаральді баспаның белгілері : а) жұткыншақтын шырышты кабатының қызаруы б) жұтқыншақтың Ірінді фолликулалары в) ірінді жабынды г) араңның ассиметриясы д) жұтқыншактың шырышты қабатының ісінуі 3. Жұтқыншақтың қызметі а) жутыну б) тыныс алу в) дәм сезу г) сөйлеу д) қорғаныс 4. Лакунарлы баспаның жергілікті белгілері а) қызару б) іріңді жабын в) ыстықтың көтерілуі г) улану д) сөйлеудің бұзылуы 5. Фолликулярлы баспаның жергілікті белгілері. а) қызару б) фолликулаларда ірІңнің болуы в) ыстықтың көтерілуі г)улану д) тыныс алудың бүзылуы 6. Жұтқыншақтың бөлігінде жұтқыншақарты абсцесінің жиі орналасуы: а. Мұрын-жұтқыншақта б. Ауыз-жұтқыншақта в. Көмекей-жұтқыншақта г. Хоаналарда д. Алмұрт тәрізді синустарда 7. Людвиг баспасы дегеніміз : а. Түтікшелік баспа б. Көмекей баспасы в. Тілдік баспа г. Бадамша безі ішілік абсцесс д. Тіл түбінің флегмонасы 8. Бет скелетінің өзгерісі «аденоидты типті» деген түсініктемеге кірмейтіні: а. Готикалық таңдай б. Жартылай ашық ауыз г. Ұзарған және тарылған жоғарғы жақ д. Мұрын арқасының сколиозы Г. Дұрыс тістеспеу және жоғарғы күре тістерінің түзу орналаспауы 8. Аталған көмекей шеміршектерінің гиалинді болып табылатыні: а. Көмекей бөбешігі б. Санториниев в. Врисбергиев г. Ожау тәрізді д. Қосымша 9. Аталған көмекей бұлшық еттерінің делитатор болып табылатіні: а. Артқы сақина-ожау тәрізді б. Бүйірлік сақина-ожау тәрізді в. Көлденең ожау тәрізді г. Қисық ожау тәрізді д. Қисық қалқан-ожау тәрізді 3. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР Науқас тамағының ауыратындығына шағымданады. Анамнезінде тұмау бар, ыстығы 38- ге көтерілген. Фарингоскопияда бадамшаның шырышты қабаты қызарған фолликулаларда ірің бар. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз. Ж: диагноз : фолликулярлы баспа (ангина) . Емі және күтімі: Төсек режимі тағайындалады. Көп мөлшерде сұйықтықтар-компот, малина салынған шай, сүт т.б. Сағат сайын науқас тамағын ас содасымен, фурациллин ерітіндісімен, түймедағы, эвкалипт, календула қайнатпаларымен шайдыру . Тамақты булау. Каметон, ингалипт , себидин аэрозольдарын қолдану. науқас жасына қарай антибиотиктер, сульфаниламидтер(котримпксозол ) Ем 5-7 күн тағайындау. Дене қызуын басатын дәрілер-амидопирин, парацетамол 200 мг, 500 мг табл , флакондағы сироп 2,4%; суппозиторийлер 80 мг. аспирин. |