Главная страница

Манипуляция трлері жне олармен крес тсілдері


Скачать 14.56 Kb.
НазваниеМанипуляция трлері жне олармен крес тсілдері
Дата03.02.2022
Размер14.56 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла18.01.2022.docx
ТипДокументы
#350167

Манипуляция түрлері және олармен күрес тәсілдері. Манипуляция және онымен күресу тарихы

Психологиядағы манипуляция - бұл жасырын психологиялық әсер, онда манипуляция құрбаны өзінің еркіне қарсы, манипуляторға қажет әрекеттерді орындайды. Манипуляция - бұл жеке мақсаттары мен мүдделері үшін адамға жасырын ықпал ету әрекеті және олар өмірдің барлық саласында кездеседі.

«Манипуляция адамға әсер етуі мүмкін барлық жерде болуы мүмкін. Отбасы мен жұмыс қана емес, мемлекеттер немесе компаниялар деңгейіндегі ауқымды әсерлер туралы айтуға болады», - дейді М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, психология факультеттің әлеуметтік психология кафедрасының доценті Александр Рикель ТАСС-қа берген сұхбатында.

Александр Рикельдің айтуынша, сізге манипуляция жасалып жатқанын тез түсінуге мүмкіндік беретін әмбебап фразалар жоқ. Манипулятор әсер етудің алуан түрлі әдістерін қолдана алады.

«Техниканың бірі жағымпаздық болуы мүмкін. Бір адам былай айтуы мүмкін: "сіз, әрине, тәжірибелі маман ретінде, мұны менен гөрі жақсы түсінесіз ... " және одан кейін өзінің жеке мүддесін лаға шығарады, бірақ сізге жағымпазданғандықтан, сіз келісу керек немесе ұсынысты орындау керек деп ойлайсыз» деп түсіндіреді Александр Рикель.

Кейде манипулятор өзінің беделіне жүгінуді қолданады. «Олар сізге: «Сен менің орныма өзіңді қойып көр, кандидаттық диссертацияңды қорға, он жыл психология кафедрасында дәріс оқы, сонда ғана сен қандай да бір тақырыпта сөйлесе аласың», - дейді. Оның жоғарыда айтқаны бұл тақырыпқа мүлдем қатысы болмауы мүмкін , бірақ бұл өзінің мәртебесін көрсетеді. Сонымен қатар манипуляция», - дейді психолог.

«Кінәлі сезіндіру» - танымал стратегияның бірі. Сіздің қателіктеріңізді бетіңізге баса отырып, манипулятор өзінің қажетін алу үшін сіздің кінәлі сезіндіріп, пайдалануға тырысады.

Манипуляция орын алатын көптеген жағдайларды айтуға болады, бірақ олардың барлығына тән жалпы ерекшеліктер бар: манипулятор сізді жасанды түрде әрекеттер мен шешімдерге итермелеп, сіздің еркіңізге қарсы әрекет етуге тырысады. Сондықтан, қабылданған шешімдерді саралай отырып, оларды біз өзіміз қабылдағанымызға көз жеткізу өте маңызды.

Манипуляторды тоқтатудың ең тиімді тәсілі - оның нақты не істеп жатқанын жақсы біліп тұрғаныңызды және құрбан рөліне сай еместігіңізді білдіру. Мұны істеу үшін, жағдайды ұрысқа әкеп тіреудің қажеті жоқ, алдымен сіз өзіңізді ұялтуыңызға немесе беделін пайдаланбай-ақ, оның сұрақтарына тікелей жақсы жауап беретіндігіңізді түсіндіре аласыз.

Видео: https://www.youtube.com/watch?v=2r0y0EckRBY


написать администратору сайта