«Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны». Баяндама. Мапал негізгі орта мектебі
Скачать 20.5 Kb.
|
Мақпал негізгі орта мектебіБаяндама Тақырыбы: «Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны» Оқыған: Маймаков Медет Байзоллаұлы дене шынықтыру пән мұғалімі Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы. Мемлекеттің ертеңгі күн тұтқасын ұстайтын, ұлт мүдесін, халық қамын ойлайтын жастарды тәрбиелеп қалыптастыру-әрбір ата-ананың, мектептегі мұғалімдердің мойнындағы міндеті. Бала- тәрбиенің үштен бірін үйдегі ата-анасынан алса, тағы бірін мектептен, қалғанын қоршаған ортасынан, айналасындағы адамдардан, достарынан алады. Егеменді ел болып, тәуелсіздігімді қолға алғаннан бері оқу, білім, тәрбие саласында біршама жұмыстар атқарылды. Тоғызқұмалақ ойыны адамнын шыдамдылықты, салқын қандылықты , терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Күрделілігі жағынан тоғызқұмалақ -шахмат, дойбы ойындардан кем соқпайды. Тоғызқұмлақтың басқа есеп ойындарынан бір ерекшелігі бұл-өте нәтижелі ойын: тең ойын сирек кездеседі. Халықтың болашағы-жастардың келешегіне қамқорлық жасау, мектеп қабырғасынан басталады.Мектеп- жас ұрпақты біліммен бірге дені сау, мықты, жан-жақты дамыған салауатты салауатты азамат етіп тәрбиелеуде басты рөл атқарады. Жеткіншек ұрпаққа біліммен бірге дене тәрбиесін беру аса қажет. Өйткені күш-қуат адам өміріне керек факторлардың бірі болып табылады. Спорттың және дене тәрбиесінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі зор. Сондықтан баланы жас кезінен бастап дене қимылдарын жасап, спорттық жеңіл жатттығуларды өз тәжірбиесіне енгізуге баулу жеткіншектің дені сау мықты болып өсуіне мүмкіндік береді. Бұл ретте дене шынықтыру пәнінің атқарар рөлі зор. Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың салауатты өмір салтына ден қоюына жағдай жасау. Менің айтайын дегенім мектептегі балаларға беретін дене тәрбиесінің мәні туралы. Балаларды дене тәрбиесіне баулу қалыптасқан бірыңғай бағдарламаларға сай жүргізіледі. Әрине, бұның қай сыныпта болмасын кейбір бөлімдер бойынша аздық ететіні анық. Ол үшін сабақтан бос уақыттарды онымен пайдаланған жөн қайратыңды тасытып, ойыңды дамытып, жігеріңе-жігер қосатын алып күшті шынығу, шыңдалу арқылы бойыңа сіңіретін , кейіннен өзіңнің нәсібіне жол ашатын дүние –ол спорт. Сондықтан кімде-кім спортпен айналысып, адам өз бағытын табам десе, әлбетте тынымсыз жаттығу қажет. Мектеп спортының өзіне тән жүйесі және түрлері бар. Бүгін ұлттық ойындар туралы соның ішінде қазақ халқының ескі мұрасының бірі- тоғызқұмалақ ойыны жайында ой қозғамақпын.Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда, әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырайды. ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары ғана қайта жанданып, жаңа даму жолына түсті. 1974 жылы тоғызқұмалақ ойынының жанашырларының бірі Тілеубаев Серікбай Қаратау қаласында тақтаның ашық (жарыс) түрін және цифрлы жазуын ойлап тауып, өмірге ендірген соң, ойынның алғаш рет сеанс (бір адамның бірнеше адаммен бір мезгілде ойнауы) , блиц-турнир (10-15 минутта бітетін жылдам жарыс) өткізу мүмкін болды. Әрі тақта бетінде тастар саны, олардың тақ не жұп санды екені анық көрініп тұратындықтан, есептеуге анағұрлым қолайлы болып, ойын позициясын анықтауды көп жеңілдетті. Тоғызқұмалақ тақтасын тек Қазақстанда бір жерде-Кентау эксковатор зауытында ғана пластмассадан жасайды. Сондықтан қазірге кезде материалдың тапшылығынан өнімнің шығуы өте аз және қымбат. Үкімет тарапынан қаншама қомқорлық жасалып жатса да, өкінішке орай көне ойын әлі баяу дамып келеді. Сондықтан «ана тілді, ұлттық әдеп-ғұрыпты, ұлттық ойындарды жандандыруды мақсат тұтатындықтан, бала тәрбиесінде, оның математикалық қабілетін артыруда игі әсері бар тоғызқұмалақ ойынын жас ұрпаққа үйретуден жалықпаңыздар. !»-демекпін. Тек көп ойнап жаттыққан адам, әр алуан жаңалықты ойын үстінде тауып, тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырын аша алады. Шыдамдылық пен қыруар еңбек, ұлттық ойынға деген шексіз махаббат пен ынта-жігер арқылы ғана ата-бабадан мұра боп қалған ұлттық өнерді асқақтатып, дамытып, қиындықтарды жеңе бермекпіз. Бұл ойынынның ерекше бір қасиеті терминдерінде: терминге қарап бұл нақтылы мал шаруашылығының тудырған ойыны екен дейсің. Шынында «құмалақ» деген сөздің өзін алыңыз. Құмалақ-қойға, түйеге, ешкіге, қоянға т.б тиісті зат. Ал тоғызқұмалақ ойынындағы тоғыз отаудың аттарын алып қараңыз. Атап айтқанда, 1-отауды арт деп, 2-тектұрмас, 3-атөтпес, 4-атсұратар, 5-бел, 6-белбасар, 7-қандықақпан, 8-көкмойын, 9-маңдай деп аталады. Ал, « көкмойынды» алсақ, оның өзі бернелі сөз. Нақтылы « көк мойын» деп қазақ, көпке дейін ұстатпай ыза қылған, артынан ұсталғаннан кейін айлар бойы мойнынан бұғалығы түспей, мойны көгерген жылқыны айтады. Бұғалығы мойнындағы жылқыны оп-оңай ұстап алуға болады; міне осыған қарап, ойында № 9 отауға «маңдайға» «тұздық» салуға рұхсат жоқ болғандықтан ойыншы айналып тұздықты осы көкмойыннан алады. Тағы сол сияқты көптеген терминдер: «атөтпес», «атсұратар», «атсырау» т.б. осы ойынды қой бағып, мал айдаған дана ата-бабаларымыздан ойлап тапқанын дәлелдейді. Енді еліміз егемендік алған соң, ата-бабадан қалған алтын мұраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді ойындармен теңестірмесек, онда келешек ұрпақ алдында парызымызды өтей алмай, ұятты боларымыз анық. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В. А. Сухомлинскидің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы жа мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз. |