Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Енгізілетін жері

  • Стандарт «Тері астына инъекция жасау»

  • Карсы көрсетілімдері

  • Енгізілетін жерлері

  • Стандарт «Бұлшық етке инъекция жасау»

  • Енгізу жерлері

  • Стандарт « Көк тамырға инъекция жасау ».

  • Дәрі енгізілетін жерлер

  • Ескерту

  • Мақсаты

  • Стандарт «Көк тамырлық перифериялық және бұғаналық катетерге күтім жасау»

  • Стандарт по ОСД с рисунками на каз. Масаты диагностикалык. олдану крсетілімдері


    Скачать 245.5 Kb.
    НазваниеМасаты диагностикалык. олдану крсетілімдері
    Дата02.12.2020
    Размер245.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСтандарт по ОСД с рисунками на каз.docx
    ТипДокументы
    #156222

    Стандарт: «Тері ішілік инъекция жасау»

    Мақсаты: диагностикалык.

    Қолдану көрсетілімдері: туберкулез (Манту. Пирке байкауы), бруцеллез диагностикасы үшін, антибиотиктерге аллергиялык реакцияны анықтау үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін, сырткы жансыздандыру үшін.

    Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасалатын жерде тері ауруларының болуы.

    Аскынулар: инфильтрат.

    Енгізілетін жері: білектің ішкі бетінің үштен бір бөлігі.

    Дайындау қажет: стерильді: ұзындығы 15 мм инесі бар сыйымдылығы 1мл бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, 70% спирт, КБСУ.



    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Бір рет колданылатын орауды ашып, шприцті кұрастырыңыз (стандартты караңыз).

    4. Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, білектің ішкі бетін жоғары қаратып койыңыз.

    6. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне батырылған екі мақта шариктерімен келесі реттілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сонан кейін тікелей инъекция жасайтын жерді (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

    7. Шприцті оң қолыңызға алыңыз:,оң қолдың II саусағымен - иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенінен, III, IV, I саусақтармен - цилиндрден ұстаңыз.

    8. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекция жасалатын төмендеу жерді тартыңыз.

    9. Иненің қиығын жоғары қаратып, тері бетіне (5°С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек кана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің калыңдығынан корінеді) енгізіңіз.

    Оң қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан сәл басып бекітіңіз.

    10. Шприцті бір қолдан екінші қолға ауыстырмай, сол колдың II, III саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» кабығындай).

    12. Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам шығарып алыңыз (тері антисептигімен батырылған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

    13. Шприцті КБСУ ыдысына тастаңыз..

    14. Қолғапты шешіңіз, КБСУ ыдысына салыңыз.

    15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    16. Белгілі бір уакытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқаска түсіндіріңіз.



    Стандарт «Тері астына инъекция жасау»

    Мақсаты: емдік - тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Карсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялык реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің закымдануы.

    Аскынулары: инфильтрат, дәрілерді кателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялык реакция, анафилактикалык шок, сепсис.

    Енгізілетін жерлері: иыктың сырткы бетінің жоғары бөлігі, санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі, іш перделік беттің алды, жауырын асты аймағы (сирек).

    Дайындаңыз: стерильді: ұзындығы 20 мм инесі бар сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, 70%, спирт, КБСУ.



    Іс-әрекеттер алгоритмі:

    1. Наукаска емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы кажетті мәліметті хабарлаңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті кұрастырыңыз (стандартты қараңыз).

    4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

    5. Науқасты отырғыңыз немесе жаткызыңыз.

    6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

    7. Тері антисептигіне батырылған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді келесі реттілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сонан кейін инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз).

    8. Тері антисептигіне батырылған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV- V саусақтарының арасына қойыңыз.

    9. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: оң колдың II саусағымен иненің канюлясын, V саусақпен - шприцттің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрін ұстаңыз.

    10. Сол колдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін негізін төмен каратып, үш бұрышты қыртыс түрінде жинаңыз.

    11. Тері кыртысының негізіне инені 45°С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

    12. Сол қолмен поршенді ұстап, II и III саусақтарыңызбен цилиндрдің жиегін ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік затты енгізіңіз.

    13. Инъекция жасаған жерге спиртті мақта шаригін қойыңыз.

    14. Инені канюлясынан ұстап, жылдам шығарып алыңыз.

    15. Мақта шаригін теріден алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз.

    16. Шприцті қалпағын кигізбей, мақта шариктерін және қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    18. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.


    Стандарт «Бұлшық етке инъекция жасау»


    Мақсаты: емдік – бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клечаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялардың болуы.

    Енгізу жерлері: бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр бетінің ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы бетінің жоғарғы үштен бір бөлігі.

    Асқынулары: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис, май эмбодиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс, инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирусты гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

    Дайындау қажет: зарарсыздандырылған: мақта шариктері, көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприц, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар, 70 % спирт, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.



    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

    2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

    3. Науқасқа ыңғайлы қалыпқа көшуіне көмектесіңіз:

    • бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

    • санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

    • иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

    4. Инъекция жасайтын жердің киімін шешіңіз.

    5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігі).

    6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз, түйін болмауы тиіс және қатаймауы керек.

    7. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).

    8. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

    9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке алыңыз: шприцті орауының ішіне салаңыз.

    10. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

    11. Спиртке малынған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сонан кейін инъекция жасайтын жерді. Спирттелінген үшінші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақ арасына салыңыз.

    12. Оң қолға шприцті алыңыз (V саусақпен иненің канюласын; ІІ саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; І, ІІІ, ІV саусақтарды цилиндрге қойыңыз - поршеннің сабы бос болуы керек).

    13. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп ұстаңыз.

    14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 90º бұрышпен ұстап тұрып), тері үстіндегі иненің қалған бөлігінің ұзындығы кем дегенде 0,5 см болуы тиіс.

    15. Сол қолды поршенге қойыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстаңыз, І саусақпен поршенді басып тұрып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    16. Спиртке малынған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

    17. Оң қолмен инені жылдам шығарып алыңыз.

    18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл массаж жасаңыз.

    19. Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту:

    • cанның алдынғы жағының ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігінің бұлшық еттеріне инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 45º бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін;

    • майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізу алдында, иненің қан тамырларына түспегеніне көз жеткізіңіз, поршенді өзіңізге қарай баяу тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненің қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжыта отырып, иненің қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көз жеткізгеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайта салыңыз, инені ауыстырыңыз және басқа жағынан енгізіңіз.

    • инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқыш қойыңыз, йодты тор жасаңыз.

    • майлы ерітінділерді енгізу алдында, су моншасында t – 37- 38ºC жылытыңыз.

    Стандарт «Көк тамырға инъекция жасау».

    Мақсаты: емдік – дәрілік затты қанға ағызып енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Қарсы көрсетілімдері: дәрілік заттарға аллергиялық реакцияның болуы, терінің инъекция жасалатын жерінің және тері асты май талшықтарының зақымдануы, көк тамырды тесетін жерде флебиттің болуы.

    Дәрі енгізілетін жерлер: шынтақтың ішкі бетінің, білектің, саусақтардың көк тамырлары, табан сыртының көк тамырлары, бастың көк тамырлары (балаларда).

    Асқынулары: көгеру, жансыздану, флебит, тромбофлебит, дәрілік заттарды қателесіп енгізу, медикаменттік және ауа эмболиясы, сепсис, ЖИТС, вирусты гепатит, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

    Дайындау қажет: стерильді: көлемі 10-20 мл. бір рет қолданылуға арналған шприц (иненің ұзындығы 40 мм), салфеткалар, мақта шариктері, қолғап, дәрілік ерітінді; тері антисептигі; резіңке жгут (веналық манжетка), клеенка валик, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, есеңгіреуге қарсы жинақ, КБСУ.



    Іс-әрекеттер алгоритмі:

    1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, дәрілік препарат туралы тиісті ақпаратты беріңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Орамды ашыңыз, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

    4. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

    5. Науқасты кушеткаға отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

    6. Науқастың шынтағының астына клеенка валик қойыңыз (шынтақ буынының барынша бүгілуі үшін).

    7. Шынтақ пен иықтың ортасына салфетка төсеп немесе киімінің үстінен резіңке жгут (венозды манжетка) қойыңыз.

    8. Жгуттың ұштарын жоғары қаратып, ал байлауын төмен қаратып байлаңыз, артерия тамырының соғуы өзгермеуі тиіс.

    9. Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып жұмуын, сонан кейін қатты жұмуын өтініңіз (көк тамырға қанды молырақ айдау үшін)

    10. Науқастың білегін саусағынан шынтағына қарай уқалаңыз, шынтақ шұңқырын саусақтарыңызбен сәл ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

    11. Көк тамырды үстінен басып тексеріп көріңіз, барынша толықтау жерін табыңыз.

    12. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

    13. Инъекция жасалынған жерді тері антисептигіне батырылған екі мақта шаригімен өңдеңіз: алдымен үлкен аймақты, сонан кейін тікелей инъекция жасалынған жерді, үшінші шарикті сол қолыңыздың IV және V саусақтарымен ұстаңыз.

    14. Шприцті оң қолыңызбен ұстаңыз: оң қолыңыздың II саусағымен иненің канюлясын ұстаңыз, V саусағымен – шприцтің поршенін, ПІ, IV, I саусақтарыңызбен цилиндрді ұстаңыз.

    15. Шприцтің ауасын шығарыңыз.

    16. Көк тамырды табу үшін, сол қолыңыздың бас бармағымен шынтақтың іш жағының терісін тартыңыз; қолыңыздағы шприцтің қалыбын өзгертпей, инесін жоғары қаратып ұстап, көк тамырды көлденеңінен тесіңіз, сонан кейін инені көк тамырға 1/3 ұзындықта «бос жерді» сезінбегенше енгізіңіз.

    17. Иненің көк тамырға кіргеніне көз жеткізіңіз, поршеньді өзіңізге қарай тартыңыз, шприцте қан пайда болуы тиіс.

    18. Сол қолыңызбен жгутты бір ұшынан тартып шешіңіз, науқатан жұдырығын ашуын өтініңіз.

    19. Иненің көк тамырда екеніне тағы да көз жеткізіңіз.

    20. Шприцтің қалыбын өзгертпей, сол қолыңыздың бірінші саусағымен поршенді басыңыз; шприц поршенін түбіне дейін жеткізбей, дәрілік ерітіндіні көк тамырға баяу енгізіңіз.

    21. Тесілген жерге тері антисептигіне батырылған үшінші стерилді мақта шаригін қойып, инені шығарып алыңыз.

    22. Тесілген жерді тері антисептигіне батырылған мақта шаригін басып тұрып, қанды толық тоқтату үшін, науқастан 3-5 минут шынтағын бүгіп ұстауын өтініңіз.

    23. Мақта шариктерін, қолғапты және иненің қалпағын кигізбей шприцімен біргеКБСУ ыдысына тастаңыз.

    24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту: арнайы веналық манжетканы қолданғанда оның клапанын басып, көк тамырдан қан тоқтағанша бос ұшын тартыңыз.

    Стандарт «Ампуладан дәрілік ерітіндіні алу».

    Мақсаты: Дәрілік затты ауыз арқылы енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Дайындау қажет: стерильді: бір рет қолданатын шприц, мақта шариктері, қолғап, дәрілік заты бар ампула, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, лоток, 70% спирт, егеу, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф.004-1/у).



    Іс-әрекеттер алгоритмі:

    1. Дәрігер белгілеген дәрілік затты алып, дәрігердің ем тағайындау парағымен салыстырыңыз.

    2. Дәрілік заттың атауын, концентрациясы мен дозасын мұқият оқып шығыңыз, жарамдық мерзімі мен сыртқы түрін тексеріңіз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    4. Бір рет қолданатын шприцті орамасынан алып жинаңыз (стандартты қараңыз).

    5. Ампуланы сол қолыңызға алыңыз, ерітінді ампуланың кең бөлігіне ауысқанша баяу сілкілеңіз.

    6. Ампуланың мойын жағын спиртке малынған стерилді мақта шаригмен жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз, мақта шаригін КБСУ ыдысына тастаңыз.

    7. Ампуланың мойнын егеумен егеңіз.

    8. Ампуланың егелген жерін мақта шаригімен сүртіңіз, ампуланың ұш жағын өзіңізден әрі қарай жылдам сындырып алып, аузын ашыңыз. Ампуланың сынықтары мен мақта шаригін КБСУ ыдысына тастаңыз.

    9. Сол қолыңыздың II және III саусақтарымен ампуланың ашық жағы алақаныңыздың ішкі жағында болатындай етіп ұстаңыз.

    10. Цилиндрінің бөліктері көрінетіндей етіп жиылған шприцті оң қолыңызға алыңыз, II саусағыңызбен иненің канюлясынан ұстаңыз, ал I, ІІІ, IV саусақтарыңызбен цилиндрді ұстаңыз, V саусақпен шприцтің поршенін ұстаңыз.

    11. Инені ампулаға 0,5 мм ұзындыққа дейін шеттеріне тимей енгізіңіз, сол қолыңыздың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтары цилиндрде болуы тиіс. Оң қолыңызбен поршеньді төмен тартып ерітіндінің қажетті мөлшерін шприцке алыңыз, иненің ерітіндіде болуын қадағалаңыз.

    12. Сұйықтық кеміген сайын ампуланың түбін жоғары көтере отырып, дәрілік ерітіндіні шприцке баяу алыңыз.

    13. Ерітіндіні алған инені шешіп, инъекцияға арналған инеге ауыстырыңыз. Бір рет қолданатын шприцпен жұмыс жасағанда басқа орамдағы шприцті алыңыз.

    14. Шприцті сол қолыңызға алып инесін жоғары қаратып көз деңгейінде тік қалпында ұстаңыз, ауасын шығарыңыз, ерітіндінің 1-2 тамшысын инеден тысқа шығарыңыз (V саусақ поршенде, II – иненің канюлясында, 1, III және IV саусақтар – цилиндрде болуы тиіс).

    15. Оң қолыңыздың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтарыңызбен цилиндрді ұстап, ауасы мен 1-2 тамшы дәрісін шығарыңыз, шприцте ауаның болмауын тексеріңіз. Иненің қақпағын шешпеңіз.

    16. Дәрілік заты бар шприцті орамның ішкі жағына қойыңыз.

    17. Қолғапты шешіңіз.

    18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Стандарт «Көк тамырлық перифериялық және бұғаналық катетерге күтім жасау»

    Мақсаты: инъекциядан кейін болатын асқынулардың алдын алу.

    Асқынулары: катетердің бітелуі, жара мен катетерде ЖИТС белгілерінің пайда болуы (катетерді жылдам алып тастау қажет); катетердің сыртқы жағының зақымдануы (катетерді ауыстыру қажет).

    Дайындау қажет: стерильді: тамырішілік перифериялық катетерлерге арналған орамындағы тығын, 1:1000 гетаринизирленген ерітіндісі бар 10 мл шприц, 5 мл стерилді физиологиялық ерітіндісі бар шприц, лоток, таңу материалы, қолғап, тері антисептигі, КБСУ.




    Іс-әрекеттер алгоритмі:

    1. Науқасты тыныштандырыңыз, алда болатын манипуляцияның барысын түсіндіріңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Жалғау түтікшесінің астына екі стерильді салфетканы салыңыз, инфузияны тоқтатыңыз.

    4. Көк тамырлық (бұғаналық) перифериялық катетердің жалғау түтікшесінен дәрілік заттарды тамырішілік құюға арналған жүйені шығарып алыңыз.

    5. 5 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті катетерге жалғаңыз және оны жуыңыз (антибиотиктерді, қоюланған глюкоза ерітінділерін, қан препараттарын енгізгеннен кейін).

    6. Шприцті катетердің жалғау түтікшесінен шығарыңыз.

    7. Катетердің жалғау түтікшесіне гепаринизирленген ерітіндісі бар 10 мл шприцті жалғап (тромбоздың алдын алу үшін және көк тамырда катетердің жұмысын ұзарту үшін), катетерге енгізіңіз.

    8. Катетердің жалғау түтікшесінен шприцті шығарыңыз.

    9. Катетердің аузын тығынымен бекітіңіз.

    10. Қолданылған шприцтерді КБСУ ыдысына салыңыз.

    11. Таңғышты тексеріңіз, қажет болған жағдайда ауыстырыңыз.

    12. Асқынуды ертерек байқау мақсатында пункция жасалған жерді жиі тексеріп тұрыңыз.

    13. Препаратты енгізу барысында ісіну, қызару, дене қызуы, ағу, ауырсыну сезімдері пайда болса дәрігерге хабар беріңіз.

    Ескерту: катетердің әрбір жалғануы – инфекцияның кіру есігі. Сондықтан асептика ережелерін қатаң сақтау керек, стерилді қолғаппен жұмыс жасау қажет.



    написать администратору сайта