Аманғали Еңлік 103 (1). Масаттары, міндеттері, проблемалары Масаттары
Скачать 13.97 Kb.
|
Аманғали Еңлік 103 Қазіргі Қазақстан Тарихы бойынша үй тапсырмасы 1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының мақсаттары, міндеттері, проблемалары: Мақсаттары: Еліміздің өткенін болашағымен байланыстырып, келешекке нақты қадамдар жасау. Өткенге көз салмай жатып, болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Мемлекетіміздің қазіргі даму жағдайы, дамудың негізгі кезеңдерін нақтылау. Тәуелсіз Қазақстан іргетасы құрылуы, жеткен жетістіктері Міндеттері: Тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзі тарихындағы алар орны мен ерекшеліктерін анықтау; Еліміздің мемлекеттілігінің құрылуы, қалыптасу жолдары,қиындықтары туралы нақты ақпарат беру : Қазақ елінің шығу тарихын , қазақ өркениетінің пайда болуы туралы нақты көзқарастар қалыптастыру Проблемалары: Тарихи зерттеулер барысында нысандар мен объектілердің толық ашылмауы Зерттеулер мен зерттеушілердің аясының аздығы 2.Қазіргі заман тарихының кезеңделуі: ХХ басындағы Қазақстан (1905-1917жж); Қазақстандағы Кеңестік құрылыстың қалыптасуы мен орнығуы кезеңі (1918-1945жж); Сталиндік –тоталитарлық дәуірдегі Қазақстан (1936-1945жж); ХХ ғасырдың ІІ жартысындығы Қазақстан (1946-1964жж); Тоқырау жылдарындағы Қазақстан (1965-1985жж); Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан (1985-1990жж); Тәуелсіз Қазақстан және қазіргі уақыт. |