Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқушылардың білімін тексерудің формалары мен әдістері

  • Білімді тексерудегі

  • Үлгірмеушіліктің алдын алу

  • Көрсеткіштік функциялар, қасиеттері, графиктері

  • 9 билет гос емтихан. Математика сабатарында оушыларды білімін тексеруді формалары мен дістері. Баалау трлері


    Скачать 389.67 Kb.
    НазваниеМатематика сабатарында оушыларды білімін тексеруді формалары мен дістері. Баалау трлері
    Дата15.06.2022
    Размер389.67 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 билет гос емтихан.docx
    ТипДокументы
    #594821

    • Математика сабақтарында оқушылардың білімін тексерудің формалары мен әдістері. Бағалау түрлері.

    9-дәріс Оқушылардың білімін тексерудің формалары мен әдістері

    Оқушылардың математикадан алған білімдерін, біліктерін және дағдыларын тексеру.

    Білім іскерлік және машықтарды тексеру-математиканы оқытудың маңызды бөлігі. Мақсаты әрбір оқушының және барлық кластың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау. Білім тексеруге қойылатын талаптар. Әділдігі. Жүйелілігі. Оқушының жеке ерекшелігі. Ауызша тексеру. Математикалық диктант. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді программалап тексеру. Емтихан

    Оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын тексеру және бақылау – сыныптардағы оқу процесінің ажыратылмайтын құрама бөлігі.

    Математика сабақтарында, басқа сабақтардағыдай, оқу процесінің қай кезеңінде пайдаланып отырғандығына қарай, тексеру жұмысы негізінен үш түрде жүргізіледі.

    Алдын-ала тексеру оқу жылының басында немесе жаңа тақырыпты оқып үйренудің алдында жүргізіледі. Оның міндеті – оқушылар жаңа материалды оқып үйренуге дайын ба, соны айқындау.

    Күнделікті тексеру оқу жұмысының барысында ұйымдастырылады.

    Ол – мұғалісге жаңа материалды меңгерудің барысы қандай екенін, оқушылардың бәрі бірдей жұмысқа кірісті ме, жоқ па, оларға қандай қиыншылықтар кездесті, соны тексеруге мүмкіндік береді. Бұл тұста мұғалім өзін де тексереді: өзінің жұмысын қаншалықты табысты өткізіп жүргенін, оның математиканы оқытуда қолданып жүрген әдістемелік әдістерінің қаншалықты дұрыс және тиімді екенін. Тексеру нәтижелеріне сәйкес мұғалім не жаңа тақырыпты оқып үйренуге кірісе алады, не оқу процесіне қажетті өзгерістер мен түзетулер жасай алады.

    Қорытындылаушы тексеру тақырыпты, бөлімді оқып үйрену соңында, не тоқсан, не оқу жылының аяғында жүргізіледі.. Оның міндеті – оқыту нәтижелерін айқындау, оқушылардың алған білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының сапасын тексеру.

    Оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеруін тексерудегі негізгі әдістер ауызша сұрау және оқушылардың жазбаша жұмыстары болып табылады.

    Білімді тексерудегі Тест-жеке тұлғаның қасиеттері мен сапасын өлшеудің дәйекті ғылыми әдісі; сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы; сыналушының білімін бақылаудың ерекше түрі.Тест мазмұны - тестілік тапсырма жүйесіндегі білім мазмұнының құрылымды, үйлесімді кескіні.

    Тест әзірлемесінің негізгі артықшылықтары

    • Қатысушылардың білім деңгейін объективті түрде ғылыми сараптау

    • Тестілік әдістемесінің технологиясы

    • Өлшеудің дәлме-дәлділігі

    • Педагогикалық тексерістің жүргізілуі барлық қатысушыларға бірдей болуы, тестінің нәтижелігі

    • Тестілік технологияның тіркесімі қазіргі білім саласындағы технологияларымен сай болуы.

    Тест тапсырмаларына қойылатын талаптар:

    • тапсырма мен жауаптың қысқалығы;

    • -технологиясы;

    • -тест тапсырмаларының логикалық тұжырым ретінде берілуі;

    • -пiшiннiң, мазмұнның ,құрылымның дұрыстығы;

    • -жауаптардың нақты орынды болуы;

    • -сыналатындарға нұсқаудың бірдейлігі;

    • -жауаптар бағанының ережелерiнiң бiрдейлiгi;

    • -тапсырма элементтерiнің орналастырылуының дұрыстығы;

    • -тест мазмұнының сәйкестігі;

    • -сыналушыға арналған нұсқаудың біркелкілігі;

    • -тапсырма түрi мен мазмұн нұсқауынының адекваттылығы.

    Тест тапсырмалары: Ашық пішінді, жабық пішінді

    Тест тапсырмасының жасалу үлгісі:

    01 тапсырма (логикалық тұжырым түрінде)

    А)

    В)

    С)

    D)

    Е)

    Дұрыс жауабы}=хххххх

    Күрделігі}=хххххх

    Оқулық }=хххххх авторы, атауы, баспасы, жылы

    Тарауы }=хххххх

    Тақырыбы}=хххххх

    Характеристикасы A-сөздік түрінде (словесный текст)

    B-графиктермен ( с графическими объектами)

    C- кесте түрінде (с табличными данными)

    D- формуламен текст с формулами)

    E- кесте, диаграммамен (текст со схемами и диаграммами)

    Үлгірмеушіліктің алдын алу

    Мектепке оқылатын пәндер бойынша үлгірмеушіліктің алдын алу – жаппай орта білім беруді жүзеге асыру жолдарының бірі. Жаппай орта білім беру жағдайында оқушылар пән программасында қарастырылған білім, іскерлік және машықтарды орта мектеп қабырғасында игеруге міндетті.Дегенмен, математикалық білімді меңгеруде, теориялық білімді іс жүзінде қолданғанда, өздігінен қосымша әдебиеттермен жұмыс істегенде, сондай-ақ олардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істегенде, сондай-ақ олардың математикалық іс-әрекеттерінде олқылықтар мен кемшіліктер бой көрседі. Оқушылардың математикадан алған білімі, іскерлігі мен машықтарындағы кемшіліктер, соның нәтижесінде үлгермеушілікке ұрындыратын себептерді атап өтейік [60, 224] :

    • Оқушылардың білімінде олқылықтар болу, ұғымдарды, теоремаларды, ұғымдардың ерекше белгілері мен қасиеттерін және т. б. Тұжырымдауға мүмкіндік бермейді;

    • Теоремаларды дәлелдегенде, есеп шығарғанда білім қолдану іскерлігінде олқылықтардыың болуы;

    • Есептеу сипатындағы іскерлік пен машықтарда, схемаларды құрғанда, графиктік жұмыстарды орындағанда, құралдарды пайдаланғанда олқылықтардың болуы;

    • Оқушының жұмысқа кірісуге немесе бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін дербестігінің, зейінің, табандылығынның жеткіліксіздігі;

    Үлгермеушіліктің алдын алу бүкіл кластың немесе әрбір оқушының сабақтағы және үйдегі қызметін пәрменді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

    Үлгермеушіліктен сақтандыру үшін мұғалім жалпы математикалық білімді меңгергенде кездесетін қастелерді болдырмау шараларын іздестіреді және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді тәсілдерін жолға қояды. Сонымен, үлгермеушіліктің алдын алудың шарты программалық материалды әрбір оқушының жүйелі оқуы болып табылады. Бір жағынан, бұл оқу материалының бір-бірімен тығыз байланысы немесе сабақтастырылуарқылы қарастырылады. Мысалы, векторларға амалдар қолдануды рационал сандарға амалдар қолдануды өтпей тұрып оқыту мүмкін емес. Сондай-ақ, туынды ұғымын игермей, интегралды қарастыруға болмайды, т. с. с.


    • Көрсеткіштік функциялар, қасиеттері, графиктері





    написать администратору сайта