Главная страница

пиза тест. пиза 12 сурак. Математикалы сауаттылы


Скачать 35.6 Kb.
НазваниеМатематикалы сауаттылы
Анкорпиза тест
Дата15.05.2022
Размер35.6 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлапиза 12 сурак.docx
ТипДокументы
#530442

Математикалық сауаттылық

№1. Бір литр сүттен 150 г қаймақ алынады, ал бір литр қаймақтан 300 г сары май алынады. Жүз литр сүттен қанша сары май алуға болатынын анықтаңыз.

  1. 4,3 кг

  2. 4,1 кг

  3. 5,3 кг

  4. 4,5 кг

  5. 6,5 кг

№2. 1; 3; 6; 11; 18; 29....... сандар тізбегінің жетінші мүшесін табыңыз.

  1. 47

  2. 59

  3. 57

  4. 53

  5. 42

№3. Мұғалім оқушыға 20 санына дейінгі жай сандардың қосындысын табуды тапсырды. Қосындының мәнін табыңыз.

  1. 76

  2. 100

  3. 77

  4. 87

  5. 86

№4. Төмендегі сандар қатарының медианасын табыңыз:

5,2; -3,7; -3,4; 5,8; 5,1; -3,6; 5,7

  1. 5,15

  2. 0,75

  3. 5,1

  4. 5,25

  5. 5,2

№5. Мұғалім тақтаға алғашқы жүз натурал санды жазды. Ақылбек 3-ке бөлінетін барлық сандарды өшірді. Ал Бекзат 3 цифры бар сандарды өшірді. Тақтада неше сан қалғанын табыңыз.

  1. 46

  2. 45

  3. 55

  4. 52

  5. 48

№6. А және В бағандарын салыстырың. Дұрыс тұжырымды анықтаңыз:

А бағаны

В бағаны

29-ға еселік екі таңбалы сандар қосындысы

28 санының екі таңбалы бөлгіштерінің көбейтіндісі

  1. А>В

  2. А˂В

  3. А + В=0

  4. А – В=0

  5. А+218=В

№7. Кеме штурвалы бірдей тең секторларға бөлінген. Егер штурвалдың диаметрі 40 см болса, бір секторына сәйкес доғаның ұзындығын есептеңіз. (π ≈ 3)





  1. 18 см

  2. 16 см

  3. 14 см

  4. 15 см

  5. 13 см

№8. 3 пен 7-ге бөлінгенде 1 қалдық қалатын екі таңбалы натурал сандарды анықтаңыз.

  1. 15; 22; 43; 64

  2. 22; 43; 64; 88

  3. 19; 43; 64; 85

  4. 15; 44; 64; 85

  5. 22; 43; 64; 85

№9. Абзал 12 тортқа тапсырыс беруді ұйғарды. Кестеде кондитер цехтарындағы тортты дайындауға және оны безендіруге кететін бағалар көрсетілген.

Кондитер

Торт бағасы

(100 г үшін)

Безендіру

(1 торт үшін)

А

650 тг

950 тг

В

600 тг

1000 тг

С

700 тг

850 тг

Бір торттың массасы 0,9 кг болса, кестені пайдаланып, Абзалдың ең арзан тортты таңдаған кездегі төлейтін ақшасын табыңыз.

  1. 85800 тг

  2. 82000 тг

  3. 81400 тг

  4. 85000 тг

  5. 76800 тг

№10. Мектептегі оқушылардың 85% латын тілін біледі, ал 75% грек тілін біледі. Егер кез келген оқушы екі тілдің біреуін білетін болса, мектеп оқушыларының неше проценті екі тілді білетінін анықтаңыз.

  1. 70%

  2. 55%

  3. 30%

  4. 60%

  5. 65%

№11. Қандай да бір санға 10∙11∙12 көбейтіндісін қосқанда 2000 шықты. Осы санды табыңыз.

  1. 680

  2. 2680

  3. 780

  4. 880

  5. 1680

№12. Тіктөртбұрыш тәрізді тақтайшаның ауданы 1 см2. Тақтайшаның екі қабырғасының орталары арқылы қиылып алынған үшбұрыштың ауданын табыңыз.
















написать администратору сайта