шақпақ ата жерінің киесі. Шақпақата жерінің киесі. Мазмны Кіріспе 3 бет Негізгі блім. Шапа улие гірі 5 бет ыры ыз улие 11 бет орытынды 13 бет Пайдаланан дебиеттер тізімі 14 бет Аннотация
Скачать 5.92 Mb.
|
Мазмұны Кіріспе ______________________________________________________ 3 бет Негізгі бөлім. «Шақпақ әулие» үңгірі____________________________________ 5 бет «Қырық қыз» әулие _______________________________________11 бет Қорытынды ___________________________________________________13 бет Пайдаланған әдебиеттер тізімі___________________________________14 бет Аннотация Мен «Әулиеатаның киелі тарихы» атты ғылыми жоба байқауына ұсынып отырған «Шақпақата жерінің киесі» ғылыми жобамда туған жерім Тараз төңірегіндегі әлі жалпы жұртқа белгілі бола қоймаған киелі тарихи ескерткіштерге тола Жуалы өңіріндегі Шақпақата елді мекеніндегі киелі ескерткіштер туралы таныстырмақпын. Үлкен ата-әжелер мен ел аузынан естіген осы киелі өңірге деген қызығушылығыма бүгінгі байқаудың өтілуі Шақпақата өңірін туралы аңыздарды жазуыма түрткі болды. Қазақ жері тұнып тұрған тарих, біздің өлке сол тарихымыздан хабар беретін киелі өңірдің бірі. Менің мақсатым Шақпақата елді мекеніндегі киелі орындармен таныстыру. Бұл ғылыми жұмыс кіріспе және 2 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе Дала фольклорының «антологиясын» Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары қиссалары мен эпостары жинақталады. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ІІ. Тарихи сананы жаңғырту 21 қараша 2018ж Біздің тарихымыз - өз шежіреміз, болашағымызды қалыптастыратын өткеніміздің тірі тағлымы. Кешегіміз бүгінгі күнмен сабақтасып жататын, ата - бабамыздың тарихы мен мәдениеті бізге қалдырған тамаша туындылары баға жетпес құнды дүние. Заманауи қоғамда «киелі орындар», «сакральдік», «сакральді кеңістік» сияқты маңызды мақалалар мен зерттеу тақырыптар үлкен танымалдылыққа ие болуда. Оған басты себеп: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді- деп атап өткен болатын. Қазақ даласының оның халқы қазақтардың ежелгі тарихы ерте заманнан бері бізге аңыз - әңгімелер мен шежірелер түрінде жеткен. Ерте замандарда өмір сүрген қазақ жеріндегі түркі тайпалары сарайлар мен қалалар тұрғызған, ондаған тіпті одан да көне шежіресі бар ата - бабаларымыздың өткен өмірінен сыр шертетін ортағасырлық қалашықтар, тарихи орындар біздің Жуалы өңірінде де баршылық. Жазба жәдігерлеріміздің тым аздығы мен тарихи деректердің жоқтығы ежелгі дәуірлер тарихын танып білуге үлкен қиыншылық туғызады. Дегенмен мұндай кезде бізге тарихшы-археологтардың зерттеулері мен еңбеңбегі зор. Сонымен бірге өткен тарихымызды танып білуге ел аузында жүрген аңыз әңгімелердің де көмегі тиері сөзсіз. Бүгінгі кезде Жуалы жерінде қала жұрттары мен көптеген қорған төбелердің халқымыздың тарихына қосар үлесі зор деп білемін. Сондай өңірлердің бірі Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Шақпақата елді мекенінің маңындағы «Шақпақ әулие» үңгірі мен «Қырық қыз әулие» туралы ел аузында тараған түрлі аңыздардың маңызы зор. Зерттеудің мақсаты: Туған өлкеміз Тараз маңындағы киелі орындар туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелер арқылы тарихи орындарды таныстыру. Зерттеудің міндеті: Туған жеріміздің әр төбе, әр өзен-бұлақтары арқылы тың деректердің негізінде, жаңа көзқарастар, тарихи-аңыздарды көпшілікке жариялау. Зерттеудіің өзектілігі: Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштер, қасиетті мекендер, сакральді орындар жайлы зерттеулер жыл өткен сайын кеңейіп жалғасып келеді. Менде осы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Сакральді Қазақстан» бағдарламасының дамуына өз үлесімді қосу. Зерттеудің практикалық құндылығы: Жұмыс кіріспеден, Негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. «Шақпақ әулие» үңгірі Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Шақпақ әулие» үңгірі туралы ел аузында тараған түрлі аңыздар бар. Бүгінде мұнда келіп тәу етіп, табиғаттың таңғажайып жаратылысын тамашалаушылар аз емес. Жер жәннаты атанған Жуалы ауданыңда қасиетті мекен саналатын, табиғаттың тылсым сыры тұнған айрықша орындар аз емес. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстанның сокралды географиясы картасына аталған ауданнан бірнеше нысан енген десек, соның бірі – осы «Шақпақ әулие» үңгірі. Бұл үңгір Шақпақ ата елді мекенінің оңтүстігіне қарай 600 метрдей жерде, Шақпақ қалашығының шығыс беткейінде, шоғыр тау жыныстарында орналасқан. Тереңдігі 5,5 – 6, биіктігі 2,5 метрдей болады. Осы аймақтағы жұрт оны «Шақпақ әулие» атап, ол жерге барып зиярат етеді. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен дертіне шипа іздеп, кие тұтып, қызықтап келетіндерде де баршылық. Келгендер үңгір алдындағы шетікке ырым етіп шүберек байлап барып, ішке енеді. Әулиенің басына күтім жасап отыратын шырақшысы бар. Шақпақ ата әулие жерінен 200 метрдей жерде бүйірінен бүлкілдей қайнап шығатын бастау бар. Халық оны « Шақпақ ата әулиенің бастауы « деп құрмет көрсетеді, суын емге пайдаланады. Шақпақ әулие үңгірі Ел ішінде, Шақпақ әулиеге байланысты әртүрлі аңыз әңгімелер айтылады. Соның бірінде Шақпақ әулие Шақ және Пақ деген егіз кісі екен. Осы жерде оларды қарақшылар өлтіріп кетіпті. Олардың әруақтары түйе болып, тазы болып осы маңда жүреді екен делінеді. Тағы бір деректерде Шақпақ әулие Жүсіп Баласағұнның шәкірті болған деседі. Ол Қашқариядан шығып Бұхара, Самарқанд жерінен өтіп, осы өңірге келгенде қайтыс болыпты. Оның жерленген жері тәңірлік нанымға байланысты «әулие» аталып кеткен. Тарихшы Әділбек Байбатша: «Б.д.д заманның соңында өмір сүрген Шақпақ әулие мекендеген жер Шақпақ ата болды»,-деп жазады өз зерттеулерінде. Ал, жазушы, тіл маманы С.Дүйсебайұлының айтуына қарағанда «Шақпақ» сөзі қазақтың архаизм сөзіне жатады. Шақпақ сөз тіркесі «биік», «шоқтықты» дегенді білдіреді. Бұрынғы ат баптаушы сыншылар «аттың үш шақпағы болады»- дейді екен; басы, шоқтығы, сауыры. Осы белгілеріне қарап аттың жүйріктігін болжаған деп түсіндіреді. Демек, «шақпақ» сөзі сол жердің басқа жерлерге қарағанда биік екендігін, биікке орналасқандығы туралы мәлімет беріп тұр деп болжам жасауға болады. Іргедегі ауыл тұрғындары «Шақпақ әулие» үңгірі маңындағы барлық тастардың өз аттары бар екендігін айта д ы. Ондағы тастарды пішініне қарай «Жігіт пен қыз», «Арыстан тас», «Басын кескен адам», «Төрт бура», «Екі басты айдаһар», «Бүркіт әулие», «Құмай тазы» тағы басқа деп атап кеткен. Расында да тастар ерекше бір мүсіндер мен кескіндер секілді көзді арбайды. Оларға қарап табиғаттың тылсым жаратылысына қайран қалары ң даусыз. «Шақпақ әулие үңгірінің төңірегіндегі тастарда аппақ, бір-біріне ұрғыласа от шығатын шақпақ тастары көп. Бұрынғы кезде осы тастардың ортасына мақта қойып ұрғылау арқылы от тұтатқан екен. Кезінде Шыңғыс хан Отырар ды жаулауға аттанғанда осында келіп саят құрған деседі. Сонда қаған әскері осындағы шақпақ тастарын оттық ретінде қоржындарына керегінше жинап алыпты. Бұл туралы Лев. Гумилеевтің деректерінде кездеседі»,-дейді өлкетанушы Дәулетжан Байдалиев. Бұл аймақта «Шақпақ» сөзіне қатысты көптеген атаулар бар. Олар: «Шақпақ асуы», «Шақпақ темір жол бекеті», «Шақпақ өзені», «Шақпақ ата ауылы», «Шақпақ қалашығы», «Шақпақ әулие үңгірі», «Шақпақ желі», «Шақпақ құстарға сақина салу орталығы». Әрине, бұл атаулар ғалымдардың қызығушылығын күннен-күнге арттыра түсуде. Өйткені бұл аталған атаулардың әрқайсысының өз ерекшеліктері, өз тарихы, өздеріне тән қасиеттері жетерлік. Ендеше, Шақпақ өңірі туризмді дамыту үшін жағымды жағдайлар туғыза алатын аймақ болып табылады десек артық айтпаймыз. Табиғатының көркемдігі, экологиялық ерекшеліктері, жерінің шұрайлылығы, таза ауасы, мөлдір, тұнық суы, мұнар таулары, кең даласы туризмді дамыту үшін қолданылатын табиғат ең бір қажетті ресурстар болып табылады. Әсіресе туризмнің танымдық, экологиялық, экзотикалық түрлерін дамытуға көптеген мүмкіншіліктер бар. Ауылдың аты осылай аталғанмен, күні бүгінге дейін ел аузында Шақпақ атауына қатысты көптеген аңыз-әңгімелер, түрлі деректер қалыптасқан. Шақпақ асуы, Шақпақ қалашығы, Шақпақ өзені, Шақпақ желі, Шақпақ әулие үңгірі сияқты атаулардың өзі ұлттың сан ғасырлық тарихын танытып тұрғандай әсер береді. Әсіресе Қаратау сілемдерінің арғы жағындағы Желдіқорадан, Амансайдың аузынан соққан Шақпақтың желі көпке таныс. Жалпы, ұлы қазақ даласында орналасқан әрбір жер, оның ішінде Шақпақ төңірегі де бар, өзіндік тағдырымен, өзіндік тарихымен ерекшеленеді. Түркістан өңірінің аумағында Шақпақ баба ауылы жатыр. Жергілікті тұрғындар бұл екі атаудың бір екенін айтады. Көзіқарақты көпшіліктің айтуынша, І ғасырда өмір сүрген Шақпақ деген емші, көріпкел кісі болған екен. Аңыз бойынша, сол кісі осы жерде тұрақтап емшілікпен айналысқан деседі. Сол адамның құрметіне осылай аталыпты дейді. Дегенмен, кез келген атаудың өзінің негізі, өзінің мағынасы болатынын ескерсек, бәлкім мұның ақиқатқа жанасуы да мүмкін. Себебі көпшілік әлі күнге дейін Шақпақ ата ауылының маңындағы Шақпақ әулие үңгіріне барып тәу етеді. Ал аңыз бойынша Шақпақ әулие су ішкен делінетін бастаудан ырымдап су ішіп жатқан көпшілікті де кездестіруге болады. 1905 және 1916 жылдар аралығында бүгінгі Жуалы жеріне орыс келімсектерінің келуімен байланысты Шақпақ ата ауылы Кременевка деп аталған. Бұл атау кезінде осы өңірдегі тау жыныстарында кездесетін кремний тастарына байланысты қойылған. Ерте замандарда адамдар осы шақпақ тастарын бір-біріне ұрып, ұшқын шығару арқылы от тұтатқан деседі. Тарихи деректер бойынша, бұдан кейінгі кездерде де монғолдың керуеншілері сол тастарды Керуленге, Қарақорымға жіберген екен. Еліміз егемендік алған соң атауы Шақпақ ата болып өзгерген ауылдың маңында әлі күнге дейін кремний тастары бар. Сонымен қатар Шақпақ асуының өзі тарихи маңызға ие. Тарихи деректер бойынша, кезінде Шығыстан шыққан керуен Ұлы Жібек жолы арқылы Шақпақ ата асуынан асып, Түлкібасқа қарай бет алған дейді. Жергілікті өлкетанушы Дәулетжан Байдалиев кейбір тарихшылар Шақпақ асуын төбешік деп жазып жүргенін, алайда оның өз атымен «Шақпақ асуы» деп атау керектігін айтады. «Шақпақтың асуын кейбір тарихшылар картада жоқ деп жүр. Бірақ атақты Шақпақ асуы, Шақпақтың белі Алатау мен Құлантау арасындағы дүмпуден пайда болған дейді. Тарихшы Әділбек Байбатша кезінде Фенько деген орыс ғалымының Арыс бекеті, Алматы, Семей жерінің аралығындағы өлкелерді зерттегенін, геодезиялық өлшеулер нәтижесінде жердің ең жылдам көтерілу нүктесі Үлкен Қаратау жотасының Құлантау арқылы өтетін Шақпақ асуында екенін анықтағанын жазады. Сондай-ақ Шақпақ асуы жылына 2,5 сантиметр биіктікке өсіп отырады екен», дейді өлкетанушы. Бүгінгі таңда Шақпақ ауылынан солтүстікке қарай біршама жерде VІІІ-Х ғасырларда өмір сүрген қалашықтың орны бар. Тарихи деректер бойынша, бұл қалашықтың орнын 1903 жылы Каллаур ашып, зерттеген. Сонымен қатар 1940 жылы Пациевичтің жетекшілігімен Жамбыл облысының археологиялық экспедициясы, 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы, ал 2000 жылы Карл Байпақовтың жетекшілігімен Ә.Марғұлан атындағы Археологиялық институттың экспедициясы зерттеу жүргізген екен. Зерттеушілердің мәліметі бойынша, аталған қалашық екі төмпешіктен тұрады. Шақпақ қалашығының орнын жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін «Қалмақтөбе» деп атайды. Көнекөз қариялар бұл жерде бір кезде қасап қырғын болғанын, бұл жерде қалмақтардың қабірстаны бар екенін айтады. Себебі осы уақытқа дейін бұл жерден соғыстың түрлі қару-жарақтары табылған. Жалпы, Шақпақ қалашығының айналасында ортағасырлық бірқатар қалалар бар. Мәселен, қазіргі кезде қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Баркуаб қалашығының өзі талай тарихтан хабар береді. Сол сияқты, Адыраспантөбе қалашығының да тарихы тереңде екенін бағамдауға болады. «Баркуаб қаласынан шыққан керуен жолы келесі бір тармақпенен Көсегенің көк жоны арқылы Шаян, Түркістан өңірлеріне қарай жүріп отырған дейді. Өйткені кезінде бұл жерден балбал тастар да табылған. Жазушы Шерхан Мұртаза «Жұлдызы биік Жуалы» атты очеркінде көне түріктердің кезінде Мыңбұлақ өлкесінде аң көп болғанын жазады. Түркілердің ханы ешқандай аң мен құсқа ешкімді тигізбей, олардың мойнына қоңырау тағып қояды екен. VІ-VІІ ғасырларда Естеми ханның немересі Ышпара хан Мыңбұлақтан қала салдырған дейді. Бірақ мен оның орнын талай рет іздеп таба алмадым. Бірақ сол қала Үштөбе шығар деп жорамалдаймын. Өйткені Шақпақ асуына шықсақ, Үштөбе қалашығы көрінеді», дейді Дәулетжан Байдалиев. Бүгінгі Амангелді ауылының арғы жағында сол ежелгі Үштөбе қалашығының орны бар. Мұны жергілікті жұрт «Мұнаралы қала» дейді екен. Өкінішке қарай, орыс келімсектері қалашықтың мұнарасын бұзып, пеш салған деседі. Бірақ күні бүгінге дейін мұнараның орны сақталыпты. Одан кейін Бірлік дейтін ескі ауыл жатыр. Ауылға кіреберісте Қырық Құржы деген қалашық кездеседі. Сол сияқты, Күреңбел ауылындағы екі өзеннің ортасында Төрткүлтөбе қалашығы бар. Кезінде осы жерге қазба жұмыстары жүргізілгенде де, су жүретін құбырлар табылған екен. Сол кездегі жергілікті тұрғындар жота-жотамен Шақпақ қалашығына су тартқан. Бұл да ежелден қазақ даласы өркениеттің бесігі болғанын айғақтайды. Сонымен қатар Шақпақ қалашығының маңы қыпшақ кірпіштердің де ордасы болғандығын талай тарихи деректер айқындайды. Әулиеата өңіріндегі Айша бибі кесенесі заманында осы қыпшақ кірпішпен қаланған екен. Өлкетанушы Дәулетжан Байдалиевпен мәліметтерінде «Шақпақ қалашығы-нан монеталар да табылған деген деректер келтірген. Бұл құнды жәдігерлерді ғалым Карл Байпақовтың кітабындағы монеталармен салыстырып көрсем, бұл Отырар қаласында соғылған болып шықты. Ғалымның кітабында бұл монеталардың 1248 жылы соғылғандығы көрсетілген. Яғни бұл біздің өлкеге Ұлы Жібек жолы арқылы келген. Жалпы, «Шақпақ» сөзі «Шоқтығы биік» деген сөзден шыққан дейді. Бұлай болуы да мүмкін. Қалашықтың бұлай аталуына тағы бір себеп, мұнда шақпақ тастар көп. Әлі күнге дейін осындағы тау жыныстарынан кездеседі. Аппақ тастарды бір-біріне ұрса, от шығады. Тағы бір айта кететін мәселе, Билікөлдің жоғары жағында Берікқараға дейінгі аймақта 400-ден астам оба бар. Бұл обалар ІІ-ІV ғасырларға жатады. Бірақ әлі күнге дейін қазба жұмыстары жүргізілмеген», дейді ол. Шынында да, құпиясы ашылмаған қазыналар көп. Сол сияқты жер атауына қатысты да түрлі аңыз-әңгімелер бар. Жалпы, Шақпақ ата ауылы туралы ойға алғанда, Шақпақ атауына қатысты бірнеше нұсқаның бар екенін айттық. Соның бірі – Шақпақ әулие үңгірі. Аталған үңгірдің төбесінде түрлі пішіндегі мүсіндер бар. Тіпті түйенің шөккеніне, кесірткенің басына ұқсайтын да бейнелерді көптеп кездестіруге болады. Аңыз бойынша, Асап, Күсеп деген екі адам осы жерге түйелерін шөгеріп қойып демалып жатқанда, оларды қарақшылар өлтіріп кетіпті дейді. Табиғи мүсінге айналып кеткен түйелер сол Асап пен Күсептің түйелері екен деседі. Жергілікті жұрт олар әлі күнге дейін елес болып жүреді екен дегенді айтады. Тағы бір дерек, осы өлкеде Шақпақ әулие деген қасиетті адам өтіпті деген әңгіме. Қазіргі кезде Шақпақ әулие үңгіріне баратын жол салынған. Сондай-ақ емшілікпен айналысқан Шақпақ әулие су ішкен деген бастау да тазаланған. Алайда жаздың аптап ыстығында бұл бұлақ тартылып қалады екен. Негізінен білетіндер бұл бұлақтың әйгілі Мыңбұлақтың бір тармағы екенін айтады. Ал аталған табиғи үңгірдің тереңдігі шамамен 6-7 метр болса, биіктігі 2 метрге жуық. «Келушілер мұнда әлі күнге дейін от жағып, осы үңгірге тәу етеді. Оның арғы жағында тағы бір үңгір бар. Оның ар жағы бос кеңістік. Оның ар жағында, шамамен 250-300 метр жерде Керуенсарай деген жер жатыр. Кезінде мұнда керуен тоқтап, қыш өндірген дейді. Бұл жерде 1957 жылы қыш кірпіш шығаратын зауыт болған. Ол зауыт тоқсаныншы жылдарға дейін жұмыс істеген. Ал Шақпақ әулие үңгірінің жанынан қарағанда, Шақпақ өзені төменде қалып кетеді. Қазіргі кезде өзен деңгейі төмендеген», дейді Дәулетжан Байдалиев. Шақпақ атауының шындығының қандай екені бір Жаратушыға ғана аян. Дегенмен де, топырағына терең сыр жасырған жердің өзіндік тағдыры мен тарихы бар. Тарихшы ғалым Лев Гумилев Шыңғыс хан Отырарға жорыққа барар алдында Шақпаққа келіп саят жариялағанын жазады. Ал жазушы Еркінбек Тұрысов өз еңбектерінде Ақсақ Темірдің осында келіп аялдағанын дерек қылып келтіреді. Қалай болғанда да әрбір жердің тарихы ғасырлар қойнауынан сыр болып сақталып келе жатқан қымбат рухани қазына екені анық... Суреттегі белгі қойылған орынға тілі шықпаған баланы кіндік шешесімен түнетеді деген де аңыз бар екен. Шақпақ әулие үңгірі (жақыннан көрнісі) Шақпақ әулиенің түйесі. Шақпақата ауылы Қырық қыз әулие Ауылдың солтүстік-батысында Құлан тауының шатқалында тастың арасынан өтетін оншақты метрлік қуыс. Оны "Қырық қыз әулие мекені" деп атайтын жергілікті халық оған зиярат жасап, жақсы тілектер тілейді. Қасиеті бар кісілер зиярат жасай келгенде көзіне атқа мінген қырық қыздың бейнесі елестейді екен. Бүгінгі Жуалы ауданы Шақпақата ауылының солтүстік-батысында Құлан тауының шат¬қалында тастың арасынан өтетін оншақты метрлік қуыс бар. Оны жергілікті жұрт «Қырық қыз әулие мекені» деп атайды. Яғни, қаһарлы қыс мез-гілінен аман шыққан халық көктемнің жаңа туған көкөзек шағында осы жерге зиярат жасап, игі тілектер тілейді. Жаратушыдан жыл сайын төрт көзінің түгел, төрт құбыласының сай болуын сұрайды. Атадан балаға мирас болған әңгімелер-ге жүгінсек, кейбір кісілер осында зиярат жасай келгенде, көзіне атқа мінген қырық қыздың бейнесі елестейді екен. Бұл да бәлкім, жаңа туған көктемнің келбеті мен жаңарған рухтың көрінісі болса керек. Бұл киелі орындарға зиярат етушілер ауыруына ем іздеп келіп жатады. Кейбір әйел адамдар ана болу бақытына қол жеткізу үшін осы киелі орындарға сыйынып, оның құдіретіне табынады. Бұл жерлерден адамдар қаншалықты көмегі тиіп жатқандығы маңызыды емес, бұл жердің тау-тасының тұнып тұрған тарихы маңызды деп білемін. Шақпақ ауылдық округінен Ақжан Ілиясұлы Ахметов – Ауыл тұрғындарының тілегі киелі Шақпақ әулие Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына қосылса зор қуаныш болар еді, дегені мені де ойландырды. Әрине бұл ауыл тұрғындары ғана емес қазақ халқы үшін де мақтаныш болар еді. Елімізде ашылмай, танылмай жатқан киелі жеріміздің құпияларын әлем таныса деген ойдамын. Шақпақ үңгірінде шырақшы болған Дербісәлі Дүйсенбіұлының кенже қызы Аймарал Дербісәліқызы: Әкем көп әңгімелер айтатын бірақ, өкініштісі ол кездерде біз оған аса мән беріп көңіл аудармадық. Өйткені біздің қоғамдағы кеңестік тәрбие солай болды – деп өкінішін де жасырмады. Әкем «Шақпақ ата жай адам емес қасиетті адам, ол адамдарға рухани және тәніне дем беруші» дейтін. Әкем Дербісәлі Шақпақ әулиені елім танып, болашақ ұрпақ өз киелі жерлерін осы рухтарды жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырса деп армандайтын -дейді. Қорытынды Шақпақ әулие үңгірі сияқты атаулардың өзі ұлттың сан ғасырлық тарихын танытып тұрғандай әсер береді. Болашақ ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, туған жерге, Отанға деген құштарлыққа тәрбиелеу үшін осындай тарихи аңыздар мен көне ескерткіштерімізді баршамыз қолдап, қорғау міндетіміз деп білемін. Осындай аңыз-әңгімелерді жинақтай отырып еліміздің жазылмай ауыз әдебиеті арқылы тарап, жоғалып кетпей тұрғанда сақтап оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу әр қазақ азаматының міндеті болуы керек. Өйткені көне көз ата-әжелеріміз азайған сайын ауыздан ауызға көшкен аңыздарымыз да жоғалып кете ме деген күдікте мазалайды. Ұсыныс: Еліміздегі ертеден бергі тарихқа бай өлкеміз Әулиеата өңірінің әлі де танылмай жатқан жерлерін жария етуді тоқтатпай жалғастырып, көпшілікті жұмылдырсақ деймін. Пайдаланған әдебиеттер Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. Алматы 2002, 170 б Шақпақ атауы туралы шындық қандай? (egemen.kz: https://egemen.kz/article/244471-shaqpaq-atauy-turaly-shyndyq-qanday ) Хамит ЕСАМАН. Құлантау һәм қырық қыз әулие. egemen.kzhttps://egemen.kz/article/186848-qulantau-qam-qyryq-qyz-aulie Жобаны жазуға көмек берген адамдар: Шақпақ ауылдық округінен Ақжан Ілиясұлы Ахметов (7 701 164 5252) Шақпақ үңгірінде шырақшы болған Дербісәлі Дүйсенбіұлының кенже қызы Аймарал Дербісәліқызы. (7 705 844 6976) |