Главная страница
Навигация по странице:

  • Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық

  • Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары

  • III. Өртті ауыздықтау кезіндегі МДҰ меңгерушісі мен өрт күзетінің бірлескен іс-әрекетінің тәртібі

  • IV. Арнайы талаптар

  • Өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулық. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық. МД дние млкін тгендеу материалды жауапкершілікті алу


    Скачать 19.82 Kb.
    НазваниеМД дние млкін тгендеу материалды жауапкершілікті алу
    АнкорӨрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулы
    Дата02.03.2022
    Размер19.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӨрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық.docx
    ТипДокументы
    #379344

    МДҰ дүние мүлкін түгендеу материалдық жауапкершілікті алу

    Өткен жылы ғимарат күрделі жөндеуден өткізілген. Топтарға және ас қоймасына арналған ыдыс аяқтар жууу құралдары сатып алынды.Толық қамтамасыз етілген. Қосымша топтарға балалар отыратын орындықтар алынды.Бүгінгі таңда балабақшамызда 2топ жұмыс істейді. Олар талапқа сай жабдықталып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай үстел, орындықтармен жабдықталған. Балабақшаны қаржыландыру бюджеттік есептен болады (коммуналды қызмет, қызметкерлердің еңбек ақысы) балалардың тамағы (азық-түлік) ата-аналардың төлем ақысы арқылы алынады. Ай сайын 7000 (жеті мың) тенге төлеп отырады. Квитанция көшірмесін тәрбиешіге әкеліп беріп, «ата-аналардың жарнасы» дәптеріне қол қойып, тіркетіп отырады.

    Балабақшаның негізгі топ бөлмелері мен кабинеттерден басқа бөлмелері: медициналық блок (кабинет, егу бөлмесі, оқшаулағыш бөлме (изолятор)), асхана (тамақ дайындау залы, балалар тамақтанатын бөлме), бар. Биылғы оқу жылы балабақша мүліктерін түгендеу барысында бірнеше топтарда орындықтардың сынып, көзге ілінбей тұрғанын, балабақшаның кітапхана қорындағы кітаптардың түгел еместігіне көз жеткіздік. Сынған орындықтарды жөндеу, кітаптарды түгелдеп орнына қою қажет. Мұның барлығы есепте тұрған заттар.

    Материалды-техникалық база

    Бүгінгі таңда балабақшамызда 5 топ жұмыс істейді. Олар талапқа сай жабдықталып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай үстел, орындықтармен жабдықталған. 1 музыка залы, директор кабинеті, психолог, этнопедагогика кабинеті жаңа заман талабына сай жабдықталған. Балабақшаны қаржыландыру бюджеттік есептен болады (коммуналды қызмет, қызметкерлердің еңбек ақысы) балалардың тамағы (азық-түлік) ата-аналардың төлем ақысы арқылы алынады. Ай сайын 7000 (жеті мың) тенге пошта арқылы төлеп отырады. Квитанция көшірмесін тәрбиешіге әкеліп беріп, «ата-аналардың жарнасы» дәптеріне қол қойып, тіркетіп отырады.

    Балабақшаның негізгі топ бөлмелері мен кабинеттерден басқа бөлмелері: медициналық блок (кабинет, егу бөлмесі, оқшаулағыш бөлме (изолятор)), асхана (тамақ дайындау залы, балалар тамақтанатын бөлме), шаруашылық бөлім меңгерушісінің бөлмесі және қоймасы, балабақшаның сыртында қажетті заттарды сақтайтын гараж бар. Биылғы оқу жылы балабақша мүліктерін түгендеу барысында бірнеше топтарда орындықтардың сынып, көзге ілінбей тұрғанын, балабақшаның кітапхана қорындағы кітаптардың түгел еместігіне көз жеткіздік. Сынған орындықтарды жөндеу, кітаптарды түгелдеп орнына қою қажет. Мұның барлығы есепте тұрған заттар.

    Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық

    ОТпен мұқият болыңыздар ! Мұқият болмағандықтан өрт жағдайлары ның кең тараған оқиғаларға балалар назарын аударыңыздар! Сөндірілмеген сіріңке, темекі қалдықтары саяжай және орман шетіне қоқыс жағу шөптерді өртеу, электротехникалық құрылғыларды дұрыс пайдаланбау кейбір кездерде өртке әкеліп соғады.

    Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары

    1. Аумақты ұстау:

    1.1. Мекеме аумағы үнемі таза ұсталуға тиіс және жүйелі түрде қоқыстан, құрғақ бұтақтан, қағаздан және т. б. тазартылуға тиіс.

    1.2. Ғимараттың барлық кіреберісіне еркін кіруге рұқсат берілуі керек. Ғимарат пен өрт сөндіру кезінде су көздеріне баратын жолдар мен подъездер, сондай-ақ өрт сөндіру мүкәммалдары мен жабдықтардың маңайы әрқашан бос болуы керек.

    1.3. Жолдың жекелеген учаскелерінің немесе өрт сөндіру машиналарының өтуіне кедергі келтіретін жолдардың жөндеуге жабылғаны туралы дереу өрт сөндіру күзетіне хабарлау керек.

    1.4. Ғимарат жанында алау жағуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

    2. Ғимарат пен үй-жайды ұстау:

    2.1. Ғимараттың топтық, қызметтік, қоймалық және көмекші үй-жайлары уақтылы жиналып, таза ұсталуға тиіс.

    2.2. Өтетін, кіретін жолдар, тамбурлар, дәліздер еркін болуға тиіс. Көшіру жолдарының есіктері ғимараттан шығу бағытында ашылуы керек.

    2.3. Баспалдақ алаңының есіктері, сондай-ақ әрқашан жарамды күйде болуға тиіс өздігінен жабылатын құрылғы ойықтарда нығыздалуы керек.

    2.4. Өртке қарсы кедергілерді (қабырғалар, қалқан, аймақ, белдеу) әртүрлі коммуникациялар кесіп өткенде тосқауылдардың саңылаулары мен құрылымдарының барлық қалыңдығы жанбайтын материалдардан саңылаусыз жасалуға тиіс.

    2.5. Өрт күзетімен келісілген жобасыз үй-жайды қайта жоспарлауға тыйым салынады.

    2.6. Отқа төзімділігі 1, 2, 3-ші деңгейдегі өндірістік ғимараттарда антресоль, қалқан, тұрмыстық бөлме, қоймалық және кеңселік үй-жайларды жанғыш материалдардан тұрғызуға жол берілмейді.

    2.7. МДҰ ғимаратында:

    • көшіру жолдарында жиһаз, құрал-жабдық, сейф және басқаларды қоюға;

    • жұмыс аяқталғаннан кейін электр құралдарын қосулы күйде қалдыруға;

    • қызметтік кабинеттің қабырғаларын жанғыш маталармен қаптауға;

    • көшіру жолдарындағы қабырғалардың өрнегін жанғыш материалдармен жүргізуге;

    • қатып қалған құбырларды дәнекерлеу лампаларымен және ашық от қолдану арқылы кез келген тәсілмен қыздыруға;

    • едені жанғыш бүркеуден тұратын кабинеттер мен топтық бөлмелерде жанғыш және торлы урналар қолдануға тыйым салынады.

    2.8. МДҰ аумағында және ғимаратта темекі тартуға қатаң тыйым салынады.

    2.9. Өрт сөндірудің бастапқы құралдары мен өрт мүкәммалдарын мақсатсыз қолдануға тыйым салынады.

    2.10. МДҰ ғимаратында балалар мен жұмыскерлер болған кезде үй-жайлар мен топтық бөлмелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

    3. Электр қондырғылары:

    3.1. Жұмыс аяқталғанда жабылатын және кезекші персонал бақыламайтын барлық үй-жайларда (мақсатына қарамастан) электр қондырғылары мен электр құралдарының бәрі тоқтан ажыратылуға тиіс (кезекші және апаттық жарықтандыруды, өрт сөндіру, өрт және күзет дабылының автоматты қондырғыларын, сондай-ақ технология талабы бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін электр қондырғыларын қоспағанда).

    3.2. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде:

    • дайындаушы кәсіпорынның ұсынымына (нұсқаулығына) сәйкес келмейтін жағдайларда немесе өртке алып келуі мүмкін ақаулығы бар болғанда электр аппараттары мен құралдарын пайдалануға, сондай-ақ зақымдалған немесе оқшаулау қорғаныш қасиетін жоғалтқан сымдар мен кабельдерді пайдалануға;

    • зақымдалған розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа да электрге бекітілетін бұйымдарды қолдануға;

    • электр лампалары мен шамдалдарды қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен тыстауға, сондай-ақ оларды түсірілген қалпақтармен (шашыратқыш) пайдалануға;

    • электр үтіктерін, электр плиткаларды, электр шайнектерді және басқа да электрлік қыздырғыш құралдарды жанбайтын материалдардан жасалған тіреусіз пайдалануға;

    • желіге қосылған электрлік қыздырғыш құралдарды, теледидарды, радиоқабылдағыштарды және т. б. қараусыз қалдыруға;

    • стандартты емес (қолдан жасалған) электрлік қыздырғыш құралдарын пайдалануға, калибрлік емес еритін тіреуіштерді немесе қысқа тұйықталу мен шамадан тыс жүктемеден сақтайтын басқа да қолдан жасалған қорғаныс аппараттарын қолдануға тыйым салынады.

    3.3. «Кірудің» жарық көрсеткіштері жарамды және үнемі қосулы болуға тиіс.

    3.4. Терморегулятормен жабдықталмаған электр пештерін, электр каминдерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

    4. Өртке қарсы сумен жабдықтау желілерін ұстау:

    4.1. Өртке қарсы сумен жабдықтау желілері жарамды күйде болуға және өрт сөндіруге қажетті норма бойынша су шығынын қамтамасыз етуге тиіс. Олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеруді жылына екі реттен (көктемде және күзде) сиретпей жүргізген жөн.

    Өрт гидранттары жарамды болуға тиіс, ал қыс кезінде жылытылып, қар мен мұздан тазалануы керек.

    Су өтетін желілер мен гидранттар учаскелерін өшіргенде немесе желідегі қысымды талап етілгеннен төмен азайтқанда бұл туралы аудандық өрт күзеті бөлімшесіне хабарлау қажет.

    4.2. Ішкі өртке қарсы су өтетін сымдардың өрт сөндіру крандарын түтіктермен және ұңғылармен толымдап, ал өртке су себетін түтік құбырды кран мен ұңғыға қосу керек.

    Алты айда бір реттен сиретпей жаңа қатпарға зығырдан жіп орау керек.

    4.3. Әкімшілік, қойма және қосымша үй-жайлар өрт бола қалған жағдайда дереу өрт сөндіру көмегін шақыру үшін өрт сөндіру және байланыс (өрт сөндіру сигнализациясы, телефон) құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

    4.4. Өрт сөндіргіштерді орналастыру, қызмет көрсету және қолдану тәртібін дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулығы көрсеткішіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қолдану керек.

    4.5. Өрт сөндіргішті нұсқаулығындағы жазу оның корпусында анық көрінетіндей орнату керек.

    4.6. Өрт техникасын шаруашылық, өндірістік және өрт сөндірудің қалыптасуына оқыту мен өрт сөндіруге қатысы жоқ басқа да қажеттіліктерге пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

    III. Өртті ауыздықтау кезіндегі МДҰ меңгерушісі мен өрт күзетінің бірлескен іс-әрекетінің тәртібі

    1. Өрт немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуі, т. б.) әрбір қызметкер бұл туралы 101 телефонына өрт күзетіне (бұл ретте объектінің мекенжайын, өрттің жанып жатқан (туындаған) жерін атап, сондай-ақ өзінің аты-жөнін айту керек) хабарлауға міндетті.

    1.1. МДҰ-ғы балалар мен жұмыскерлерді көшіру бойынша барлық қолдан келетін шараларды қабылдау және өртті сөндіру мен материалдық құндылықтарды сақтауға кірісу керек.

    2. Өрт орнына келген МДҰ басшысы:

    2.1. Өрттің туындағаны туралы хабарламаны өрт күзетіне қайталап айтуға.

    2.2. Жұмысқа өртке қарсы қорғаныстың автоматты жүйелерінің (адамдарды өрт туралы, өртті сөндіру, өртке қарсы қорғаныш туралы хабардар ету) қосылуын тексеруге.

    2.3. Балалар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төнген жағдайда қолда бар күш пен құралдарды пайдалана отырып, дереу оларды құтқаруды ұйымдастыруға.

    2.4. Қажет жағдайда электр энергиясын (өртке қарсы қорғаныс жүйелерін қоспағанда) өшіріп, өрттің өршуі мен ғимараттағы үй-жайдың түтіндеуінің алдын алуға ықпал ететін іс-шараларды орындауға.

    2.5. Өртті ауыздықтау жөніндегі іс-шаралармен байланысты жұмыстардан басқа барлық жұмыстарды тоқтатуға.

    2.6. Өртті сөндірумен бір мезгілде көшіруді және материалдық құндылықтарды сақтауды ұйымдастыруға.

    2.7. Өрт күзеті бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыруға және машиналардың өрт ошағына кіруінің қысқа жолын таңдауда көмек көрсетуге.

    2.8. Өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде МДҰ басшысы өртті сөндіру басшысын ғимараттың құрылымдық ерекшеліктерімен, қабылданған шаралар мен өртті дұрыс ауыздықтауға қажетті басқа да мәліметтермен хабардар етуге, сондай-ақ объектінің күші мен құралдарын өртті жоюға әрі оның өршуінің алдын алуға байланысты қажетті шараларды жүзеге асыруға тартуды ұйымдастыруға міндетті.

    IV. Арнайы талаптар

    1. МДҰ ғимаратын оқу жылы басталар алдында аудан әкімшілігінің комиссиясы қабылдап алуға тиіс, оған өртті бақылау инспекторы міндетті түрде қатысады.

    2. Топтық бөлмелерде тек қана оқу-тәрбиелеу процесін қамтамасыз етуге қажетті жиһазды, құралдарды, үлгілерді, жабдықтарды орналастыру керек, олар шкафтарда, стеллаждарда немесе стационарлық түрде орнатылған тіреулерде сақталуға тиіс.

    3. Төсектер (жатын жайлардағы) және ойын бөлмелері мен кабинеттердегі үстелдер (басқа жиһаздар)  саны жобалау нормативтерінде белгіленген саннан аспауға тиіс.

    4. МДҰ тәрбиеленушілерімен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін оқып-үйрену бойынша сабақ (әңгіме) ұйымдастыру қажет.

    5. Сабақ аяқталғанда барлық өртке қауіпті заттар мен материалдар арнайы жабдықталған үй-жайға жиналуға тиіс. 


    написать администратору сайта