Мәдениеттану. Мдениеттану Мдениеттану
Скачать 14.41 Kb.
|
Мәдениеттану Мәдениеттану – негізі түрде әлі жас ғылым. Ол XIX ғасырда пайда болып, осы өткен ғасырда әлеуметтану, антропология, тарих, психология, философия және басқа да бірқатар ғылымдардың элементтерін біріктіре отырып пайда болған. Егер бұрын адамзат мәдениетінің әртүрлі аспектілері шашыраңқы және үстірт боп зертелген болса, енді көптеген білімдер бір боп ғылыми пәнге біріктірілген. Мәдениеттану дегеніміз - әр түрлі факторлардың әсерінен, адамдзат мәдениетін, оның даму заңдылықтарын зерттеу. Қазіргі мәдениеттану тек мәдениетті ғана емес, сонымен бірге өмірдің басқа салаларын да зерттейді, тарих, әлеуметтану, философия, антропология, лингвистика және психология сияқты ғылымдармен бірге қиылысады. Мәдениеттану – күрделі құрылымы бар кешенді ғылым. Ол көптеген бағыттарды қамтиды, ал оның құрылымын негізгі түсіну үшін оның екі деңгейі бар екенін білу маңызды: Іргелі. Бұл мәдениеттің теориялық және тарихи таным деңгейі екен. Іргелі ғылыми мәдениеттану аясында категориялық аппарат құрылады, осы ғылым қолданатын зерттеу әдістері жасалады. Бұл бөлімде мәдениет психологиясы, мәдениеттану тарихы, әлеуметтік мәдениеттану және мәдени семантика сияқты бағыттарға жатады. Қолданбалы. Іргелі білімді негіз ретінде қолдана отырып, қолданбалы мәдениеттану мәдениеттің жекелеген компоненттерін (діни, экономикалық, көркемдік және басқалар) зерттейді. Оның негізгі мақсаты-әртүрлі мәдени институттар (мектептер, мұражайлар, университеттер, БАҚ, қоғамдық ұйымдар және басқа мекемелер) арқылы осы ішкі жүйелерді басқару әдістерін құру. Мәдениеттану ғылымы көптеген мәселелерді шешеді. Олардың ішінде ең маңыздыларын келесі міндеттер деп атауға болады. Мысалы: мәдениет, оның мәнін, мазмұны мен негізгі функцияларын толық ретінде терең аңықтап түсіндіреді. Мәдениеттің пайда болуы мен дамуы туралы сұрақтарға жауап береді. Адамзат мәдениетінің жекелеген аспектілерін зерттейтін басқа ғылыми пәндерден білімді біріктіреді. Әр түрлі мәдениеттердің дамуын және осы процестің сыртқы жағдайларға тәуелділігін зерттейді. Өнерден, діннен, философиядан және басқа салалардан алынған Мәдениет туралы білімді жалпылайды. |