Теория 14. МДтжтм 14 апта Иманжан Жаннат дов 201 Мектепке дейінгі йымда экономикалы трбие беруді маызы
Скачать 15.28 Kb.
|
МДҰТЖТМӘ 14 апта Иманжан Жаннат ДОВ 20-1 1. Мектепке дейінгі ұйымда экономикалық тәрбие берудің маңызы. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады. Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек. Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адамзат қоғам өмірінің құпия сырларын ұғынудың, қоғамды қайта құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді. Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады. Экономикалық тәрбие – мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі. “Эканомикалық тәрбие – қоғам мүшелерінің білім , қаблетін және дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін,ойлау стилін қалыптастыру мақсатында жүйелі , мақсатты бағытта ықпал ету ” деп түсініледі. Сонымен қатар , экономикалық тәрбие “ қоғамның адамға оның ойлау жүйесін және әрекетін қалыптастыру үшін жүйелі , мақсаты бағытта ықпал етуі ”, “эканомикалық даму заңдылықтарын тану негізінде адамды белсенді қоғамдық – пайдалы әрекетке дайындау үрдісі” деп те анықталады. Экономикалық тәрбие – кең мағынада ұйымдастырылған педагогикалық әрекет, ол экономикалық білім беруге, экономикалық мақсатты әрекетпен байланысты экономикалық білік пен дағды қалыптастыруға, экономикалық ойлауын дамытуға бағытталған. 2. Мектепке дейінгі мекемедегі экономикалық тәрбие жүйесінің міндеттері, оның мәні. Экономикалық тәрбиенің негізгі міндеттері – оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту, балалардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру құралы ретінде еңбекке ұмтылу, мамандық таңдауға саналы қатынасы, экономикалық талдау іскерлігі мен дағдысын игерту, мінез құлықтың белгілі сапасына тәрбиелеу, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін игерту. Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адамзат қоғам өмірінің құпия сырларын ұғынудың, қоғамды қайта құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді. Экономикалық тәрбиелеудің маңызды міндеті оларды экономикалық әрекетке дайын болуға тәрбиелеу болып табылады. Бұл мектеп бітірушілердің өз экономикалық білімін, білігін, қоршаған ортаны аялау мен бос уақытын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін білдіреді. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған. Экономикалық тәрбие – жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларды экономикалық тәрбиелеудің әдістері, құралдары. Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістер: • Жаттықтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электр қуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б. • Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. • Экономикаға байланысты есептер шығару – еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру. • Сандық материалдарды талдау әдісі – саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау. • Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс. • Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту. Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының төл ісі. |