Паркинсон ауруы. №1 тәжірибелік сабақ физ. Меббм азастанресей нуо казахстанскороссийский
Скачать 381.59 Kb.
|
Тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар Тақырыбы: Жұлын № 1 тапсырма. Анықтамасын жазу. Жұлынның құрылысы ақ және сұр заттары, орталық өзегі- Жұлын ортасында сұр заты (substantio grisea), шетiнде ақ заты (alba) жатады (61 сурет). Жұлынның ақ заты төменгi бөлiгiне қарағанда, жоғары бөлiгiнде көп болады. Сұр заты көлденең кесiнде көбелек тәрiздi (61 сурет, 1), қос алдыңғы, артқы, бүйiрлiк ашалардан (cornu ventrale, dorsale, laterale) тұрады. Жұлынның тең екi бөлiгiндегi сұр заттың ашалары бiр-бiрiмен орталық сұр комиссуральды жабыспа аймағында қосылады. Сұр заттар нейрондар денесiнен, дендриттерден, жартылай аксондардан және глия жасушаларынан тұрады. Нейрон денелерiнiң арасында жүйке талшықтары мен глия жасушалары өсiндiлерiнен құралған тор - нейропиль орналасады. Жұлынның сұр затында айқын шектелген нейрондар тобын көру қиын.Жұлынның ақ заты сұр затын қоршап тұрады. Сұр заттың алдыңғы және артқы түбiрлерi ақ затты тең арқа тұс (дорсальдi), бүйiрлiк (латеральдi), iшкерi (вентральдi) бауларға (funiculus) бөледi. Ақ зат жүйке талшығынан (көбiнесе миелиндi) тұрады, ол жұлынның ұзына бойында орналасып, өрлеме, төмендеушi өткiзгiш жолдарын құрады. Кейiнгiлер бiр-бiрiнен дәнекер ұлпаның жұқа қабаты, астроциттермен бөлiнедi.. Орталық жұлын өзегi (canalis centralis) сұр затта орналасқан орталық сұр комиссуральды жабыспасынан өтедi. Ол жұлын-ми сұйығымен толы болады, эпендиманың бiр қабатты куб, призма тәрізді жасушаларымен төселген. Бұл жасушалардың жоғары бетiнде микробүрлерi және жартылай талшықтары байқалып, бүйiрлерi жасуша аралық байланыс кешендерiмен қосылады. Жұлыннаң шығатын жүйелер-. Жұп жұлын жүйкелері адамда жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) және артқы (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің, ал жануарларда жоғарғы (сезімтал жүйке талшыктарынан құралған) және төменгі(қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктері арқылы шығады. Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Бұлардың құрамында симпатикалық жүйке талшықтары да болады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлынжүйкелерінің дорсальды тармақтары (адамда артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді Жұлынның маңызы, оның рефлекстік және өткізгіштік қызметі- Рефлекстік: жұлыннын арқа, белдіңәр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы;тізе рефлексі – жұлынның бел бөліміндезәр шығары орталығы – сегізкөздекөз қарашығын үлкейту – арқа бөлімінде тб орналасқан.Өткізгіш: жұлын орталыққа тебетін және орталықтан тебетін қызмет атқарады. Яғни сырттан тітіркену болғанда оның сигналдары сенсорлы нейрон арқылы жұлыннан миға, онан жауап моторлы нейронмен жұлыннан мүшеге өтеді. Осы оның өткізгіш қызметі. Рефлекс пен рефлекс доға және олардың классификациясына анықтама беріңіз- Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығыРефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты. Рефлекстің жіктелуі- Биологиялық бағыттағы рефлекстер, Рецепторлардың түріне қарап рефлекстер,жұмысшы мүшенің» қызметіне байланысты пайда болған рефлекстер,орналасуына байланысты рефлекстер, тума рефлекстер: шартты, жүре пайда болған, шартсыз тума рефлекстер болып бөлінеді. № 2 Тапсырма. Нейрон құрылысының схемалық суретін салыңыз № 3 Тапсырма. Саластырмалы түрде сомалық және сіңір рефлекстерінің схемаларын салыңыз Сомалық рефлексі рефлекторлық доғасының схемасы Сіңір рефлексі рефлекторлық доғасының схемасы № 4 Тапсырма. «Рефлекстік доға бөлімдері» атты кестені толтырыңыз
№5 Тапсырма. Сіңір рефлекстерін (шынтақ, тізе, Ахилл) тексеріңіздер. Орындаған студент :Өміртай Қымбат Тобы:213А Факультет:ЖМ |