Тест сестринское дело. Медбике ісі негіздері тест. Медбике ісі негіздері пніне кіріспе. Медбике ісіні маызы
Скачать 105.02 Kb.
|
Төсекте жатқан пациенттің қалпын ауыстыру қажет: Әр 1 сағат сайын Әр 2 сағат сайын+ Әр 3 сағат сайын Әр 4 сағат сайын Әр 5 сағат сайын Пациент бір қырымен жатыр, төменгі қолы арқасына қарай созылған, ал екі аяғы тізесінен жеңіл бүгілген. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгілген, төменгі аяғы төсекте созылып жатыр. Пациенттің төсектегі дене қалпын анықтаңыз: Симс қалпы+ ортопноэ қалпы Фаулер қалпы төменгі Фаулер қалпы жоғарғы Фаулер қалпы Науқас Фаулер қалпында жатқанда: бір қырымен жатады етбетінен жастықсыз жатады арқасымен жастықсыз жатады+ жартылай бір қырымен, жартылай ішімен жатады төсекте жартылай отырады Жоғарғы Фаулер жағдайында кереуеттің бас жағын көтеру керек: 45˚ бұрышта 60˚ бұрышта 90˚ бұрышта+ 30˚ бұрышта 15˚ бұрышта Ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып қалай аталады? Белсенді қалып Енжарлы қалып Еркін қалып Мәжбүр қалып+ Төсектік қалып Адамның еңбек қызметінің тиімділігін арттыру, еңбек жағдайларын оптимизациялау мақсатымен еңбек процестерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Биомеханика Кинезиология Механика кинезика эргономика+ Медбикелерде жиі ауыр салмақ көтеру нәтижесінде тірек-қимыл жүйесінде байқалатын патологиялық процесс: остеопороз остеохондроз+ компрессионды сынықтар артрит артроз Омыртқа остеохондрозының жиі орналасатын аймағы: мойын омыртқаларында кеуде омыртқаларында бел омыртқаларында+ сегізкөзде кеуде, сегізкөз Скелет сүйектерінің зақымдалуымен сипатталатын ағзаның жүйелі ауруы, сүйектердің тығыздалуының төмендеуімен, сүйек массасының төмендеуімен, соның нәтижесінде сүйектердің нәзік, сыңғыш болуымен сипатталады. Бұл қандай патологияға тән болып келеді? Остеопороз+ остеохондроз компрессионды сынықтар артрит артроз Ұзақ қысылу, үйкелу салдарынан тері және басқа жұмсақ ұлпалардың жаралы-некротикалық өзгерістері қалай аталады? Контрактура Пысынау Баздану Бұлшықет гипотрофиясы Ойылу+ Буындарда қимыл-әрекеттердің шектелуі қалай аталады? Артроз Артрит Контрактура+ Остеопороз Гемартроз Қоректенудің бұзылу салдарынан бұлшықет талшықтарының біртіндеп жұқаруы, зақымдалуы, жиырылу қасиеттерінің төмендеуі қалай аталады? Контрактура Бұлшықет атрофиясы Бұлшықет гипертрофиясы Бұлшықет гипотрофиясы+ ойылу Өздігінен толық қозғала алмайтын, бірақ негізі жүктемені қол ұшына және шынтақ буынына түсіріп дене салмағын жартылай ұстай алатын пациенттерге арналған қозғалудың қосалқы затын анықтаңыз: таяқтар қолтық асты балдақтар шынтақ асты тіреуші бар балдақтар+ арба (ходунок) орындық-арба (кресло-коляска) Аяқ жарақаттары бар пациенттерге ерте реабилитация кезеңінде қолдануға арналған қозғалудың қосалқы затын анықтаңыз: таяқтар қолтық асты балдақтар+ шынтақ асты тіреуші бар балдақтар арба (ходунок) орындық-арба (кресло-коляска) Төсек тартып жатқан пациенттерде аяқ-қолдардың ұзақ уақыт қимыл-әрекетсіз болуынан буындарда активті және пассивті қимыл-әрекеттердің шектелуі қалай аталады? атрофия анкилоз тромбоз плегия контрактура+ Медбике пациентті қарағанда сегізкөз аймағында терісінің қызарғанын, қабыршақталғанын анықтады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Пациентті бір қырымен жатқызғанда да гиперемия кетпейді. Бұл өзгерістер ойылудың трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай қай кезеңіне тура келеді? ойылудың І-кезеңі+ ойылудың ІІ-кезеңі ойылудың ІІІ-кезеңі ойылудың ІV-кезеңі ойылудың регенерация кезеңі Төсек тартып жатқан науқастың жамбас аймағында күлбір анықталады. Бұзылыстар тері асты май қабатын зақымдаған.Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылуды кезеңін анықтаңыз: ойылудың І-кезеңі ойылудың ІІ-кезеңі+ ойылудың ІІІ-кезеңі ойылудың ІV-кезеңі ойылудың регенерация кезеңі Науқастың өкшесінде күлбірдің жарылып жара пайда болуы пайда болуы байқалады. Терінің бұлшық етке дейін барлық қабаттары зақымдалған. Осы кездегі емді таңдап алыңыз: бриллиант көгінің 1-2% спирттелген ерітіндісін жағу жараның айналасын антисептик ерітіндісімен өңдеп, құрғақ таңғыш байлау теріні 10% камфор спиртімен өңдеу теріні жуып, құрғатып опа себу УКС қолдану, 1%синтомицин эмульсиясы, Вишневский майымен таңғыш қойып, дөңгелек резеңке қолдану+ Ауыр халдегі науқастың қолы жарақат болса, киімін киіндіру тәртібі: алдымен ауру қолын кигізеді+ оң қолынан бастап кигізеді сол қолынан бастап кигізеді киімін басынан кигізеді екі жеңін кигізеді Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша қанша сақтауға болады? 6 сағатқа дейін 10 сағатқа дейін 12 сағатқа дейін+ 24 сағатқа дейін 48 сағатқа дейін Пациенттердің киім-кешегін ауыстыру неше күнде жүргізіледі? Күніне бір рет және ластануына қарай 3 күнде бір рет және ластануына қарай 5 күнде бір рет және ластануына қарай 7 күнде бір рет және ластануына қарай+ 10 күнде бір рет және ластануына қарай Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру неше күнде жүргізіледі? Күніне бір рет және ластануына қарай 3 күнде бір рет және ластануына қарай+ 5 күнде бір рет және ластануына қарай 7 күнде бір рет және ластануына қарай 10 күнде бір рет және ластануына қарай Жиі әлсіз пациенттерде, жүйелі қысым түсетін аймақтарда байқалатын терінің дистрофиялық немесе жаралы-некротикалық өзгерістері қалай аталады? Ойылу+ Баздану Пысынау Некроз Ишемия терідегі тер, май бездері секреттері, пациенттің бөлінулерімен ластанудан соң пайда болатын тері қыртыстары аймағында терінің қабынуы қалай аталады? Ойылу Баздану Пысынау+ Некроз Ишемия тері ұзақ уақыт суда тұрғанда немесе дымқыл ортада көп тұрғанда пайда болатын терінің өзгеруі қалай аталады? Ойылу Баздану+ Пысынау Некроз Ишемия Пациенттің құлағына күтім жасау үшін қолданылатын ерітінді: Фурацилин Дистилденген су Вазелин майы 3% сутегі асқын тотығы+ Физиологиялық ерітінді Пысынаудың 2-ші кезеңінің белгілерін анықтаңыз: шекарасы айқын болмаған терінің жеңіл қызаруы терінің беткей, ұсақ зақымданулары, сызат пайда болуы және айқын қызару+ шекарасы айқын болған терінің қызаруы, бөртпелер терінің қызаруы, күлбірлердің пайда болуы + терінің қызаруы, кең көлемді жаралардың (эрозия) пайда болуы. Пациенттің мұрнына күтім жасау үшін қолданылатын ерітінді: Фурацилин Дистилденген су Вазелин майы+ 3% сутегі асқын тотығы Физиологиялық ерітінді Медбике пациентке назогастральді сүңгіні енгізу кезінде пациенттің жағдайы нашарлап, бет-әлпеті көгерді, жөтелу, ентігу байқалды. Бұл жағдайдың себебі неде? пациенттің емшарадан қорқуы сүңгілеуді тамақтанудан соң жүргізу психологиялық дайындықтың болмауы сүңгінің тыныс жолдарына түсуі+ сүңгіні жылдам енгізу Бөлімшеде дайын тағамды таратуды «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған халаттарда кімдер жүргізеді? буфетшілер және бөлімшенің кезекші медбикелері+ буфетшілер және кіші медбикелер буфетшілер және күтім жасаушылар буфетшілер және жанұя мүшелері буфетшілер Іш өтумен сипатталатын энтериттерде тағайындалатын диета: диета № 1 диета № 2 диета № 3 диета № 4 диета № 5 Парентеральді тамақтандыру дегеніміз не? Бұл қөректік ерітінділерді асқорту жолдарынан тыс енгізу+ Бұл қөректік ерітінділерді ингаляциялық енгізу Бұл қөректік ерітінділерді ауыз арқылы енгізу Бұл қөректік ерітінділерді ректальді енгізу Бұл қөректік ерітінділерді бұлшықетке енгізу гипертония ауруында тағайындалатын диетада ұсынылады: тұз және сұйықтықты шектеу+ сұйықтық және ақуыз мөлшерін көбейту майлар және көмірсуларды шектеу май және ақуыздарды шектеу тұз ва ақуыз мөлшерін шектеу Асқазан жарасымен ауыратын пациентке тамақтану рационын құрастырудағы ұсыныстар: рационда ақуыз мөлшерін көбейту жиі-жиі, аз мөлшерде тамақтану+ тек ауырсыну кезінде тамақтану аптасына 2 рет тек жеміс-жидек қабылдау апасына 2 рет тек сүт тағамдарын қабылдау Жедел гломерулонефрит кезінде диетада шектеледі: Ақуыздар және майлар Ақуыздар және көмірсулар Сұйықтық және тұздар+ Сұйықтық және көмірсулар Ақуыздар және тұздар Семіздік кезінде медбике диетаның қай түрін ұсынады? Ақуыздың аз мөлшерімен сипатталатын нұсқасын Төмен калориямен сипатталатын нұсқасын+ Стандартты диетаның негізгі нұсқасын Ақуыздың көп мөлшерімен сипатталатын диетаны Көмірсулардың аз мөлшерімен сипатталатын диетаны Пациентте дене температурасының жоғарылауына қарамастан терісі суық,”қаз терісіне ұқсас”; науқас бас ауруына, сүйектердің сырқырауына, қалтырауға шағым жасайды. Қызбаның бұл кезеңіндегі күтімді анықтаңыз: дәрігерді шақыру, тері астына егу үшін 10%сульфокамфокаин ерітіндісін дайындау аяғын жоғары көтеріп, басынан жастықты алып тастау маңдайына компресс немесе мұзды мұйық қою емделушіні жылыту, аяғына жылытқыш қою, тәтті ыстық шай беру+ жеке пост ұйымдастыру, дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу, ерінді вазелинмен майлау Пациентте дене температурасы 1 сағат ішінде 41°С-тан 36°С-қа дейін төмендеді. Пациенттің терісі бозарған, ұстағанда мұздай, суық тер анықталады. Пациенттің еріндері көгерген, қатты әлсіздікке шағымданады. Пациентте қызбаның кезеңін анықтаңыз: І-кезең ІІ-кезең- лизис ІІ- кезең-кризис ІІІ-кезең-лизис ІІІ-кезең-кризис+ Науқастың дене температурасы 40˚С-қа дейін жоғарылаған. Бас ауруына, сүйек сырқырауына, ауыздың құрғауына шағымданады. Беті қызарған, терісі ұстағанда ыстық. Қызба кезеңіне қарай күтімді анықтаңыз: тыныштық, төсекті және іш киімін ауыстыру кофе немесе ыстық шай беру, науқасты қымтап жабу науқасты салқындату, салқын сусынды ішкізу, ерінді вазелинмен майлау+ 10% сульфокамфокаин және 10% кофеин бензоат-натрий ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау жылы көрпемен жабу, аяғына жылытқыш қою Науқаста тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп жоғарылайды, 5-7 ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен аяқталады, пауза бір минутқа дейін созылады. Пауза кезінде науқас есін жоғалтады. Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді. Патологиялық тыныс түрін анықтаңыз: Куссмауль тынысы Биот тынысы Чейн-Стокс тынысы+ Грокк тынысы атоналды тыныс Дене температурасы 1˚С-қа көтерілгенде тыныс алу жиіленеді: орташа 2 тыныс әрекетіне орташа 4 тыныс әрекетіне+ орташа 6 тыныс әрекетіне орташа 8 тыныс әркетіне орташа 10 тыныс әрекетіне 15 күн бойы дене температурасының жоғары болуы қызбаның ұзақтығы бойынша қай түріне тән ? өткінші қызбаға жедел қызбаға+ жеделдеу қызбаға созылмалы қызбаға Пиретикалық қызбаға Қызбаның ұзақтығы 15 күннен 45 күнге дейін созылуы қызбаның қай түріне тән болып келеді? өткінші қызбаға жедел қызбаға жеделдеу қызбаға+ созылмалы қызбаға Пиретикалық қызбаға Тамыр қабырғасына қанның басу күші; пульс толқынының өтуін толық тоқтатуда жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Пульстің бұл қасиеті қалай аталады? пульстің ырғағы пульстің жиілігі пульстің кернеулігі пульстің толуы+ пульстің ағымы Айналымдағы қанның көлемі азайғанда, жүректің айдау көлемі төмендесе (қан жоғалтқанда) қандай пульс байқалады? қатты пульс орта кернеулі пульс толық пульс ретсіз пульс бос пульс+ Қан қысымы жоғарлағанда қандай пульс байқалады? қатты пульс+ орта кернеулі пульс толық пульс ретсіз пульс бос пульс пациент ағзасы бейімделген қан қысым деңгейі қалай аталады? систолалық қан қысымы диастолалық қан қысымы қалыпты қан қысымы Физиологиялық қан қысымы жұмысшы қан қысымы+ |