Тест сестринское дело. Медбике ісі негіздері тест. Медбике ісі негіздері пніне кіріспе. Медбике ісіні маызы
Скачать 105.02 Kb.
|
пациент жатқан «горизонталды қалыптан» отырған немесе түрған «вертикалды қалыпқа» өткенде қан қысымының бірден төмендеуі қалай аталады? постуральді гипотензия+ вертикальді гипотензия физиологиялық гипотензия биомеханикалық гипотензия патологиялық гипотензия сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады. Патологиялық тыныстың бұл түрі қалай аталады? Куссмауль тынысы+ Биот тынысы Чейн-Стокс тынысы Грокк тынысы атоналды тыныс Пациентте кризис кезінде жиі байқалатын асқыну: тырысулар естен тану коллапс+ криз сандырақ Біркелкі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануымен сипатталатын пульс қалай аталады? жіп тәрізді пульс қатты пульс жұмсақ пульс бос пульс ырғақты пульс+ Медбике дәрігердің тағайындауымен пациенттерге темір препараттарын, ацетилсалицил қышқылын, кальций хлориді ерітіндісін таратты. Бұл дәрілерді қабылдау бойынша медбике пациенттерге қандай нұсқаулық айту қажет? таңертең ашқарынға қабылдау аспен бірге қабылдау тамақтанудан 30 минут алдын қабылдау ас ішіп болған соң, 15-30 минуттан кейін қабылдау + ұйқыдан 30 минут алдын қабылдау Қандай дәрілерді егу үшін ампуланы алған соң арнайы журналға тіркейді; ампуланы ашпас бұрын мойынын спиртпен өңдеуді қажет етпейді, дәріні егу үшін міндетті түрде дәрігер қатысуы тиіс? қымбат дәрілерді жүрекке әсер ететін дәрілерді есірткілік дәрілерді+ әсері күшті дәрілерді наркозға қолданатын дәрілерді Бұл әдіспен қатты дәрілік формалар, кейбір сұйық түрдегі дәрілер (ерітінділер) және аэрозольдар енгізіледі. Дәрілік затты осы әдіспен енгізілгенде, жергілікті қан тамырларынан жоғары қуысты венаға өтіп, жүректің оң бөлімдеріне, кіші қан айналымына түседі. Содаң соң дәрілік зат жүректің сол бөлімдеріне барып артериалды қанмен ағзаларға жетеді. Бұл дәрілерді енгізудің қай әдісіне жатады? ректальді сублингвальді+ парентеральді ингаляциялық пероральді Пациентке жөтелге қарсы микстура 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішуге тағайындалды. Медбике микстураны мензуркаға қанша мөлшерде құйып беруі керек? 5 мл 7,5мл 10мл 15мл+ 20мл Дәрілік зат бұл әдіспен енгізілгенде асқорыту жолдарына бармай, қан айналымына түседі; майлы ерітінділерді, эмульсия мен суспензияларды енгізуге болмайды; асқорыту жолдарында ыдырайтын дәрілерді енгізуге болады. Бұл сипаттама дәрілерді енгізудің қай әдісіне тән болып келеді? тері астына енгізу бұлшық етке енгізу тері ішіне енгізу сублингвальді енгізу күре тамырға енгізу+ Білектің ішкі аймағын иньекция диагностикалық мақсатта және жергілікті жансыздандыру үшін ұзындығы 2см-ден ұзын емес инемен жасалады. Бұл қандай инъекцияға тән болып келеді? бұлшықет инъекциясы көктамыр инъекциясы тері асты инъекциясы тері ішілік инъекция+ буынішілік инъекция Қажет өлшемдегі иненің болмағандықтан, емшара бөлмесі медбикесі пациентке 50% анальгин ерітіндісін тері астына инъекция жасайтын инемен орындады. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін? липодистрофия абсцесс инфильтрат+ иненің сынуы гематома Бұлшықет инъекциясы орындалған пациент инъекция орнының қатты ауырсынуға шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы 38°С. Инъекция орнында терінің қызаруы, жергілікті қызба байқалады. Бұл симптомдар қандай асқынуға тән? Инфильтрат Сепсис Гематома Абсцесс+ Майлы эмболия Медбике пациент бөксесінің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықет инъекциясын жасады. Иненің ұзындығы 20мм, сыйымдылығы 2мл шприц . Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін? Абсцесс Майлы дистрофия Инфильтрат+ Иненің сынуы Жүйке сабауының зақымдануы Медбике пациентке 10% кальций хлорид ерітіндісін енгізді. Нәтижесінде инъекция орнында ісіну, күйдіріп ашыту сезімі пайда болды. Бұл асқыну түрі қандай, оның себебі не? гематома- ине тамырдың екі қабырғасын тескеннен некроз- дәрілік зат тері астына кеткеннен+ дәріні қателесіп енгізгеннен егу орнын дұрыс таңдамау- жүйке сабауының зақымдалуы сепсис – қанға инфекция түскеннен Медбике көктамырдан қан алу үшін «ине -ине ұстағыш» жүйесін құрастырып, артынан пробирканы жалғастырды. Содан соң пациентке венепункция жасады. Венепункция кезінде қан пробиркаға өздігінен келмеді, оның себебі не болуы мүмкін? пациенттің қан қысымы жоғары болғандықтан пациент қатты қорққандықтан жүйені көктамырдан тыс құрастырып, пробиркаға ауа кіргендіктен+ пациенттің көктамыр ерекшелігінен иненің ұшы жіңішке болғандықтан Инфузиялық терапия кезінде медбике флаконды ауыстыру үшін система тамызғышының толық босауын күтіп, содан соң екінші флаконды жалғастырды. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін? инфекцияның қанға енуі гематома жүйке сабауының зақымдану ауалы эмболия+ сепсис Медбике перифериялық тамырды катетерлеу үшін пациенттің денесінің операция жасалмаған жағының қолындағы жұмсақ, диаметрі кең, катетер ұзындығына сәйкес келетін тамырды, оған ең жіңішке перифериялық көктамыр катетерін таңдап алды. Медбикенің қателігі неде? қабырғалары тығыздалған көктамырды таңдау керек пациенттің операция жасалған жағындағы тамырды анықтау керек диаметрі жіңішке тамырды таңдау керек ең ірі катетерді таңдау керек катетерді жіберетін сұйықтыққа байланысты таңдау керек+ Дәрігердің тағайындауы бойынша пациентке 2 күн алдын шеткі көктамыр катетері қойылған. Қарау кезінде катетер айналасында терінің қызаруы, ісінуі, көктамыр бойымен пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Бұл қандай асқынудың белгілері болып саналады? Абсцесс Эмболия Сепсис Катетердің тромбпен бітелуі Флебит+ Пациентке бициллин инъекциясы тағайындалған. Медбике пациентті таңертең емшара бөлмесіне шақыртып, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді дистилденген сумен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігі неде? бициллин тек күре тамырға енгізіледі бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет бициллинді дистилденген сумен ерітуге болмайды бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет+ бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды Пациентке майлы ерітіндіні енгізуден алдын медбике шприц поршенін кері тартқан кезде ине канюлясында аз ғана қан көрінді. Бұл жағдайда медбике не істеуі қажет? дәріні әрі қарай енгізу инені шамалы тереңірек енгізу немесе артқа қарай тартып тағыда тексеру+ инені алып тастап екінші жағына енгізу инені ауыстыру шприцті ауыстыру Абсцесс пайда болу себептеріне жатады: инъекцияны өткір емес инемен орындағанда инъекцияны қысқа инемен салу инъекция орнын дұрыс таңдамау асептика ережесін сақтамау+ шприцте ауа қалдықтары қалуы Тромбофлебит пайда болады: тамыр тесуді дұрыс орындамағаннан асептика ережесін бұзғанда стерильденбеген ерітіндіні қолданғанда бір тамырға бірнеше инъекция жасағанда + венепункция дұрыс орындамағанда Мейірбике өздігінен науқасқа берілетін дәріні тоқтатуға немесе басқасын беруге құқығы бар: науқас дәрігердің нұсқауларымен келіспеген жағдайда шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге жоғары сезімталдық байқағанда + қажет дәрілер таусылған жағдайда дәрігер тағайындаған дәрігерлерді ішуге мүмкіндік болмаған жағдайда дәрігер тағайындаған дәрілер аса қымбат болған жағдайда Медбике қателесіп пациентке прогестерон ерітіндісі күре тамырға жіберілді. 1 минутқа жетпей бірден тұншығу ұстамасы, жөтелу, дененің жоғары бөлігінің көгеруі, кеудеде қысылу сезімі байқалды. Асқынуды анықтаңыз: абсцесс сепсис тромбофлебит майлы эмболия+ ауалы эмболия Күре тамырға инъекция орындау кезінде пациенттің иығындағы бұрау алып тасталады: теріні өңдегеннен соң тамырға дәріні жібергеннен соң ине тамырға түскеннен соң+ тамырға дәрінің жартысын жібергеннен соң науқаста жағымсыз сезім пайда болғанда Егер зерттеуді дереу өткізу керек болса жолдамаға жазылады: Nota bene! жылдам! кезексіз! Cito+ АИВ Гемолиз дегеніміз: Қанның ұю қасиеттерінің жоғарлауы құрамында антикоагулянттары бар қан зерттеуге жарамды қан қан жасушаларының ыдырауы+ қанның ұю көрсеткіштерінің төмен болуы Гемолизді қан дегеніміз: пробиркадағы стерильді қан құрамында антикоагулянттары бар қан зерттеуге жарамсыз қан+ зерттеуге жарамды қан пробиркадағы ұю көрсеткіштері төмен қан Шеткі көктамыр катетеризация орны ауыстырылады: күніне 2 рет әр 6 сағатта 48-72 сағат сайын+ аптасына 1 рет дәрігердің тағайындауымен Шприцті орамынан ашқаннан соң инесінің өткізгіштігін тексергенде: иненің қақпағын ашу керек инені ұстау керек саусақпен канюляны ұстап тұру керек+ мақтамен инені жабу керек шприцті 45º та ұстау керек Қолданылған шприцті қорапшаға тастаудан алдын: қақпағын кигізбеу керек+ мақтаны инемен жабу керек ағынды суда шприцті шаю керек инелердің өткізгіштігін тексеру керек қағазға орап тастау керек Гепаринмен емдеу кезінде міндетті түрде бақылау керек: қан қысымын, пульсті қанның жалпы анализін қанның, зәрдің жалпы анализдерін коагулограмма (қанның ұю уақытын)+ қанның биохимиялық анализін Стернальды пункция жасау үшін қолданылады: плевроаспиратор троакар Кассирский инесі+ Дюфо инесі скарификатор Көктамырдан қан алу кезіндегі жергілікті кеш асқынуларға жатады: көктамыр тромбозы, сепсис гематома, коллапс абсцесс, сепсис көктамыр тромбозы, тромбофлебит+ инфильтрат Тері асты май қабаты жұқарған қарт жастағы науқастарға бұлшықет инъекциясын орындау үшін қолданылатын иненің ұзындығы: 15 см 20 см 40 см+ 50см 60 см Көктамыр жазықтықта шамалы ғана қозғалады. Тамыр кеңдігі қашықтығында жылжыту мүмкін емес. Көктамыр түрін анықтаңыз: Тиянақталған+ сырғымалы әлсіз контурлы сыңғыш қолпылдайтын Ваккумды пробирканы «ине-ине ұстағыш» жүйесіне жалғастырған кезде қан өздігінен пробиркаға ағады. Оның себебі: вакуумды жүйе инесі диаметрінің үлкен болуы пробиркадағы вакуум әсерінен+ көктамырға бұрау салынғандықтан науқастың қан қысымы жоғары болғандықтан иненін арнайы құрылғысынан Көктамырдан қан алу үшін венепункция жүргізу кезінде арнайы креслоны қолдану ұсынылады, оның себебі: вакуумды жүйемен ұзақ уақыт қан алынатындықтан, пациентке ыңғайлы болу үшін креслоның шынтақшалары қолдарға тіреуіш болып шынтақ жазылуына кедергі жасайды шынтақ бүгілуіне кедергі жасайды, естен тану кезде құлап кетуден сақтайды+ науқастың қан қысымы жоғары болғанды қолайлы, асқынулардың алдын алады науқас креслода арқасымен сүйеніп отырады Медбике науқасқа бициллинді егуге дайындады: науқасты кушеткаға жатқызды, инъекция орнын босатып шприцке сорып алынған бициллиннің новокаинды ерітіндісін бұлшықетке енгізді. Енгізуден алдын тамырға түспегеніне көз жеткізді, инъекциядан соң жылытқыш қойды. Медбикенің іс-әрекетіндегі қателікті табыңыз: бициллин тек күре тамырға енгізіледі бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет бициллинді новокаинмен ерітуге болмайды+ бициллинді енгізу кезінде науқас тұруы қажет бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды Науқасқа бициллин инъекциясы тағайындалған. Медбике науқасты емшара бөлмесіне шақыртты, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді физ.ерітіндімен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігін анықтаңыз: бициллин тек күре тамырға енгізіледі бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет бициллинді физ.ерітіндімен ерітуге болмайды бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет+ бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды Дәріханада дайындалған тұнба, қайнатпаларды сақтау мерзімі: 12 сағатқа дейін 1 тәулікке дейін 2 тәулікке дейін 3 тәулікке дейін+ 4 тәулікке дейін Спирт тұнбасының және ерітіндісін дұрыс сақтамағанда концентрациясы: Күшейеді+ әлсірейді өзгермейді бір қалыпты қалады төмендейді Науқаста жамбас аймағында иньекция орнында қызару, ісіну, температураның жоғарылауы, пальпация кезінде ауырсыну, флюктуация симптомы байқалады. Науқас бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Асқынуды анықтаңыз: инфильтрат тромбофлебит сепсис дәрілік эмболия абсцесс+ Медбике гигиеналық деңгейде қолды өңдеу үшін 3 мл антисептикті жақаннан соң қолы дымқыл болып қалғандықтан, қағаз сүлгімен сүртіп, залалсызданған қолғап киді. Медбикенің қателігі неде? антисептикті аз мөлшерде алған залалсызданбаған қолғапты кию қажет еді антисептікпен қолды кепкенше өңдеу керек еді+ мақта сүлгімен сүрту қажет еді антисептикпен өңдемей қолғап кию қажет |