инфектология. инфекционка 120 түзетілген. Ж Тілме Жергілікті крінісіне байланысты эритематозды формасы Терілік заымдануды таралу дрежесіне байланысты жергілікті Шыу жиілігіне байланысты біріншілік
Скачать 57.89 Kb.
|
1. Ер адам 28 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: орташа бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағуы, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37ºС, склера тамырларының инъекциясы, сол жақтық конъюнктивит, жұтқыншақ шырышты қабатының орташа қызаруы және түйіршіктенуі. Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелері өзгеріссіз. Ең ықтимал диагноз: Ж:Аденовирусты инфекция 2. Жас жігіт 16 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: дене қызуының 3 күн бойы 37,70С-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, тамағы мен трахея бойының ауыруы, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел. Қарап тексергенде: ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатының орташа гиперемиясы, бадамша бездерқалыпты. Тынысы жиілеген және қиындаған, дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 82 рет/мин., ҚҚ 100/60 мм с. б. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Кіші дәреті қалыпты. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Парагрипп 3.Әйел адам, 65 жаста. Шағымдары: қалтырау, қатты бас ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, оң жақ саны мен балтыры аймағындағы кернейтін ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Аурудан бір күн бұрын педикюр жасаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 39°С. Status localis: оң жақ саны мен балтырының жоғарғы бөлігінде нақты шекарасы бар айқын гиперемия, ісіну, жергілікті гипертермия анықталады. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Тілме Жергілікті көрінісіне байланысты:эритематозды формасы Терілік зақымданудың таралу дәрежесіне байланысты:жергілікті Шығу жиілігіне байланысты:біріншілік 4. Ер адам, 42 жаста. Жедел ауырып бастаған. Қарап тексергенде: Дене қызуы 37,7°С. Status localis: бетінің оң жағында түбі қоңыр түсті струппен жабылған, гиперемиямен қоршалған жара анықталады. Беті ісінген. Жақ асты, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімді. Патологиялық үрдістің осы орналасуы немен қауіпті? Ж: Карбункулдың бетте орналасуы өте қауіпті,өйткені ісіну жоғарғы тыныс жолдарына өтіп,асфикцияға және өлімге әкелуі мүмкін. 5. Ер адам 45 жаста, емханаға келген. Шағымдары: оң қолының саусағындағы жара. Кәуәбші болып жұмыс істейді, бір апта бұрын етті өңдееген кезде қолын кесіп алған. Ауру 5 күн бұрын басталған: дене қызуы жоғарылаған. 4-ші күні саусағындағы жараны байқаған. Жара ауыру сезімісіз, бірақ қолы иыққа дейін ісіп кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Status localis: оң қолының саусағында түбі қара түсті, гиперемиямен қоршалған жара, айқын ісіну байқалады. Оң жақ қолтық астындағы лимфаденит. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 20х109/л, т/я нейтрофилдер– 4 %, с/я нейтрофилдер – 88 %, лимфоциттер – 6 %, моноциттер – 2 %. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады: Ж:Сібір жарасы(түйнеме) терілік түрі 6.Ер адамда (25 жаста), жоғары фебрильді қызба, айқын бас ауыруы, беті мен мойынының гиперемиясы, миалгия. Эпидемиологиялық анамнез: кене шаққан. «Кенелік энцефалиттің ықтимал жағдайы». Аурудың қай түрі дамыған? Ж:Қызбалық түрі 7.Кенелік энцефалиттің қай түрінің болжамы қолайлы? Ж:Қызбалық түрі 8.Талгар қаласының тұрғыны, 6-шы маусымда жедел ауырып бастаған: бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы пайда болған, дене қызуы 390С-қа дейін жоғарылаған. Объективті: жағдайы ауыр. Пациент тежелген, шүйде бұлшық еттерінің кернеуі +3 см, Керниг симптомы «оң». Бөртпе жоқ. Жоғары қызбамен және жалпы милық белгілермен қатар, «кеудесіне иілген басы» байқалады. Аурудан бес күні бұрын кене шаққан. Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады? Ж: Кенелік энцефалит, полиомиеломенингоэнцефалды түрі Менингококковый менингоэнцефалит (вариантта кенелік энцефалит болмаса) 9. Әйел адам 38 жаста, Оңтүстік-Қазақстан обылысының Созақ ауданының тұрғыны. 4 күн бойы дене қызуының жоғарылаған, әлсіздік, бас ауыруы, дененің сынып ауыруы мазалаған. Бүгін мұрнына қан кеткен. Сегодня было носовое кровотечение. Объективті: дене қызуы 39,00С. беті мен мойыны қазарған. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты қызарған, жұмсақ таңдайында қан құйылулар байқалады. Денесі мен қолдарында геморрагиялық бөртпе бар. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ, бауыры +1,0 см-ге ұлғайған Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Конго-Крымская геморрагическая лихорадка 10. Ер адам, 33 жаста. 15-ші маусымда жедел ауырып бастаған. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, бұлшық еттерінің ауыруы, айқын әлсіздік, мұрынна кету, кофе тәрізді құсу, қара түсті нәжіс. Объективті: жағдайы ауыр. Денесінде көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Гепатомегалия. Жалпы қан анализінде: тромбоцитопения. Ең ықтимал диагноз: Ж:Конго-Крымская геморрагическая лихорадка 11.Әйел адам, 35 жаста. Ауруханаға 5-ші мамырда түскен. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауы, айқын бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу. Эпидемиологиялық анамнез: өткен аптада Алма-Арасан тауларында болған, кене шаққан. Объективті: жағдайы ауыр. Беті қызарған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі + 4 см-ге ұлғайған Ең ықтимал диагноз: Ж:Кенелік энцефалит 12.Ер адам, 37 жаста, бұзылған тағам жегеннен 6 сағат бұрын ауырған: іш ауыруы, жүрек айнуы, көп рет құсу, іш өтуі пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. ҚҚ 100/70 мм с. б. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, сулы, «ет жуындысы» сияқты. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң науқастың жағдайы тез жақсарған. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Тағамдық токсикоинфекция 13.Студент, 18 жаста, бұзылған котлет жегеннен кейін 40 минуттан соң жеде ауырып бастаған. Шағымдары: әлсіздік, бас айналуы, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, көп рет құсу, іш өтуі, дене қызуының жоғарылауы. Медициналық көмек көрсету бөлмесінде асқазанын жуғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарған. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Тағамдық токсикоинфекция 14.Ер адам, 50 жаста, буфетте бұзылған тағам жеген. Бір сағаттан кейін әлсіздік, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Одан кейін іш өтуі қосылған. Объективті: дене қызуы - 38,6С. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, қорытылмаған тағам қалдықтары қосылған. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Тағамдық токсикоинфекция 15.Бойжеткен 17 жаста, емханаға келген. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, көп рет құсу, жиі іш өтуі, аяқтарының құрысуы. Эпидемиологиялық анамнез: базардағы асханада тамақтанған соң 4 сағаттан кейін аурып бастаған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 37,5°С. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 90/60 мм с. б., пульс 98 рет/мин. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, "ет жуындысына" түстес. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Тағамдық токсикоинфекция 17.Бойжеткен 17 жаста, емханаға келген. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, көп рет құсу, жиі іш өтуі, аяқтарының құрысуы. Эпидемиологиялық анамнез: базардағы асханада тамақтанған соң 4 сағаттан кейін аурып бастаған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 37,5°С. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 90/60 мм с. б., пульс 98 рет/мин. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, "ет жуындысына" түстес. Асқазан-ішек жолдарының зақымдалуының қай синдромы осы ауруға тән? Ж: Гастроэнтериттік синдром тағамдық токсикоинфекция 18.Ер адам, 37 жаста, бұзылған тағам жегеннен 6 сағат бұрын ауырған: іш ауыруы, жүрек айнуы, көп рет құсу, іш өтуі пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. ҚҚ 100/70 мм с. б. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, сулы, «ет жуындысы» сияқты. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң науқастың жағдайы тез жақсарған. Осы ауруға аса тән: Ж: ет жуындысы тәрізді нәжіс, эпид.анамнез, гастроэнтериттік синдром. тағамдық токсикоинфекция 19.Әйел адам, 32 жаста, шикі қуырылған жұмыртқа жегеннен кейін ауырған. Ауру жедел басталған: дене қызуы 39 С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, бас ауыруы, әлсіздік, іштің толғақ тәрізді ауыруы, 5-6 рет құсу, 10 рет іштің өтуі. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, эпигастрийде, кіндік маңында, оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Соқыр ішектің құрылдауы анықталады. Нәжісі сұйық, жасыл түсті. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Сальмонеллез (Гастроитестинальды түрі, гастроэнтериттик формасы) 20.Ер адам, 30 жаста, ауруының 2-ші күні ауруханаға келген. Нашар қуырылған жұмыртқа жегеннен кейін жедел ауырған: іштің толғақ тәрізді ауыруы, жүрек айнуы, құсу 3-4 рет, іш өтуі 5-7 рет пайда болған. Объективті: дене қызуы - 38ºС. Іші жұмсақ, эпигастрий мен оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. ҚҚ - 110/70 мм с. б. Нәжісі көп мөлшерлі, жасыл түсті, нашар иісті, шырыш қосылған. Сальмонеллездің қай клиникалық түрі ең ықтимал? Ж:Гастроитестинальды түрі, гастроэнтериттик формасы Егер сол жақ мықын ауырса сальмонеллез кезинде, онда Гастроэнтероколиттік вариантболады 21.Әйел адам 45 жаста, ауруханаға ауруының 2-ші күні жеткізілген. Нашар пісірілген тауық жегеннен кейін 10 сағаттан соң ауырып бастаған: іштің толғақ тәрізді ауыруы, жүрек айнуы, құсу 3-4 рет, іш өтуі 10 рет пайда болған. Объективті: жағдайы ауыр, дене қызуы – 36,5ºС. Тері жабындылары бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған. ҚҚ – 60/40 мм с. б., пульс – 110 рет/мин. Іші жұмсақ, эпигастрий мен оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Диурезі төмендеген. Нәжісі көп мөлшерлі, жасыл түсті, нашар иісті, шырыш қосылған. Дәрігер Сальсонеллез болжама диагнозын қойған. Қандай асқыну ең ықтимал? Ж:Инфекционды токсикалық шок 22.Студент, 18 жаста, жатақханада тұрады. Ауруы жедел басталған: дене қызуы 39 С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, ішінің төменгі аймақтарындағы толғақ тәрізді ауыру сезімі, 7-8 рет іштің өтуі пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары бәсеңдеген. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Шигеллез(дизентерия) (сальмонелездің гастроэнтероколиттік формасынан ерекшелегі, құсу жоқ) 23.Ер адам, 34 жаста, ауруғанаға іштің толғақ тәрізді ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, 15 рет іштің өтуіне, дефекацияға жалған шақыруға, тенезмдерге шағымданып келген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,8С. ҚҚ - 100/70 мм с. б. Пульс 92 рет/мин. Іші жұмсақ, кіндік маңында, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Сигма тәрізді ішек жиырылған, ауыру сезімді. Нәжісі «ректальді түкірік» тәрізді. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Шигеллез(дизентерия) 24.Әйел адам 25 лет. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауыруы, жүрек айнуы, әлсіздік, 10 рет іштің өтуі, тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар. Өзінің ауруын жулмаған қияр жегенімен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары бәсеңдеген. ҚҚ - 110/70 мм с. б. Пульс - 98 рет/мин. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Сигма тәрізді ішек жиырылған. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер - 11,4x109/л, ЭТЖ - 17 мм/сағ. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Жедел дизентерия , шигеллез 25.Ер адам 20 жаста. Ауруы бір апта басталған: әлсіздік, жүрек айнуы, құсу 4-5 рет пайда болған, тәбеті төмендеген, дене қызуы 380С-қа дейін жоғарылаған. Аурудың 6-шы күні зәрдің қоңырлауын байқаған, 8-ші күні нәжісі түссізденген. Кеше сарғыштықты байқаған, бірақ дене қызуы қалыптасып, жалпы жағдайы жақсарған (жүрек айнуы тоқтап, тәбеті пайда болды). Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған. Пульсі – 68 рет/мин. Бауыры 1,5 см-ға ұлғайған. Нәжісі түссізденген. Зәрі қоңыр түсті. Ең ықтимал диагноз: Ж:Вирусты гепатит А 26.Әйел адам 35 жаста. Шағымдары: айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, қайталамалы құсу, сарғыштық, терінің қышуы, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі. 2 ай бұрын қан құйылған (гемотрансфузия). Ауруы 10 күн бұрын басталған: әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Аурудың 7-ші күні зәрі қоңырлап, сарғыштық пайда болған. Сол кезде әлсіздік күшейгенін, құсудың жиілегенін байқаған. 1 рет мұрыннан қан кеткен. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы. Тері мен шырышты қабаттары айқын сарғайған. Пульсі – 88 рет/мин. Бауыры 1,5-2,0 см-ге ұлғайған. Нәжісі ахолиялы. Зәрі қоңыр түсті. Ж:Ең ықтимал диагноз: Вирусты гепатит В, жедел формасы Мұрыннан қан ағуы- бауыр жетіспеушілігінің әсерінен 27.Ер адам, 30 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген. Науқаста қандай асқыну ең ықтимал болып табылады? Ж:Бауыр жетіспеушілігі, кома алды жағдай 28.Ер адам, 40 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген. ИФА нәтижесі: HBsAg+, anti HDV+, anti HB corе total+ Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Гепатит Д , созылмалы гепатит В фонындағы, суперинфекция 29.Әйел адам, 48 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, түндегі тершеңдік, сол жақ қолының білезік аймағындағы және бел аймағындағы ауыру сезімі. 8 ай бұрын жоғары қызбамен, қалтыраумен, тершеңдікпен, буындарының ауыруымен көрінген аурумен ауырған. Эпидемиологиялық анамнез: үй шаруашылығында ешкі, қой ұстайды. Объективті: көңіл-күйі эмоциональді тұрақсыз. Дене қызуы - 37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Сол қылының білезік буынының аймағында терісі қызарған, ісіну байқалады. Осы буынның пальпациясы, активті және пассивті қимылдары ауыру сезімді. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Ж:Созылмалы бруцеллез, сүйек-буын формасы 30.Ер адам, 45 жаста, мал дәрігері, ауруханаға түскен кездегі шағымдары: шаршағыштық, поступил в стационар с жалобами на утомляемость, бас ауыруы, әлсіздік, қалтырау, тершеңдік, дене қызуының 37,80С-қа дейін, кешкі уақытта –390С-қа дейін жоғарылауы. 1 ай бойы ауырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Мойын, қолтық асты, шап аймағындағы лимфа түйіндері үлкейген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады? Ж:Жедел бруцеллез, орташа ауырлықта 31.Әйел адам 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді. Ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, қалтырау, тершеңдік, бұлшық еттер мен буындарының ауыруы, жөтел. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,2 С. Бөртпе жоқ. Өкпесіндегі тынысы әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Rikketsia Burnetti қоздырғышына қарсы комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) арқылы анықталған антиденелер титрі – 1/32. Сипатталған ауруға аса тән тыныс алу жүйесінің зақымдалуы: Ж:Спецификалық интерстициальді пневмония 32. Әйел адам 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді. Ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, қалтырау, тершеңдік, бұлшық еттер мен буындарының ауыруы, жөтел. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,2 С. Бөртпе жоқ. Өкпесіндегі тынысы әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Rikketsia Burnetti қоздырғышына қарсы комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) арқылы анықталған антиденелер титрі – 1/32. Сипатталған ауруға аса тән тыныс алу жүйесінің зақымдалуы: Сипатталған аурудың фебрильді түрінің жиі кездесетін ұзақтылығы: Ж:7-10 күн 33.Әйел адам 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді. Ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, қалтырау, тершеңдік, бұлшық еттер мен буындарының ауыруы, жөтел. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,2 С. Бөртпе жоқ. Өкпесіндегі тынысы әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Rikketsia Burnetti қоздырғышына қарсы комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) арқылы анықталған антиденелер титрі – 1/32. Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? |