Мет.реком. к нав анаф шок каз. Медицина университеті коммерциялы емес акционерлік Оамы білім алушыларды зіндік жмысы шін
Скачать 38.44 Kb.
|
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ өзіндік жұмысы үшін ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқаУлар(практикалық дағдыларды игеру) Мамандық: «Жалпы медицина» Пән: «Жедел және шұғыл медициналық көмек» Кафедра: Жедел шұғыл медициналық көмек Курс: 5 Тақырып:Анафилактикалық шокты тоқтату Құрастырған: М.ғ.к. ___________Садуов М.А. Ассистент_________Усенова М.Б. Ақтөбе-2021 1.Тақырып: Анафилактикалық шокты тоқтату. 2. Мақсаты: Студенттерді анафилактикалық шокты тоқтату дағдысына үйрету. 3. Оқыту әдістері: кіші топтар, жұптарды жұмыс істеу, көру ролигі, дебрифинг, берілген тақырып бойынша тәжірибелік дағдыларды көрсету 4. Ақырғы нәтиже: сабақ соңында студент: білуі керек:- анафилактикалық шок кезінде көмек көрсету, - анафилактикалық шок кезінде медициналық жәрдем көрсету әдістемесі; істей білуі керек:- анафилактикалық шок кезінде көмек көрсету, 5.Сабақ барысында клиникалық дағдыларды игеруде пайдаланылатын медициналық құралдар және жабдықтар тізімі: - Ambu Man тренажері - Оттегі, - Перифериялық катетерлер, - Дәрі-дәрмектер.
6. Дағдыны орындау алгоритмі. 1. Науқасты Тренделенбург қалпында аяқ жағын жоғары көтеріп, басын жанына бұрып жатқызу, тілдің ары қарай түсіп кетпеуін, асфексия және құсық массасымен аспирация болмаудың алдын алу үшін төменгі жақты алға қарай жылжыту керек. Ауыз қуысын бөгде заттардан тазалау. 2. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету (терезені ашу) немесе оттегін беру. 3. Организмге ары қарай аллергендердің түсуін тоқтату. 4. Т/а немесе б/е 0,5 мл адреналин ертіндісін енгізу және бірнеше минуттан соң қайталауға болады (1,0 мл көп емес), балаларда 0,1 мл/ 1 жасқа қосу арқалы, АҚҚ және жүректің жиырылу жылдамдығын бағалай отырып. 5. Көк тамырға енуді қамтамасыз ету (шеткі көк тамырларға катетеризация жасау керек). 6. Глюкокортикостероидтар: к/т ағызып преднизолон 90-150мг , балалар үшін - преднизолон 2-4 мг/ кг салмағына ағызып құямыз. Инфузионды ем 0,9% натрии хлориді ертіндісін 10-20 мл/кг көлемінде (АҚҚ тексере отырып) үлкендер мен балаларда бірдей көлемде. Егер алғашқы 10 минутта гемодинамикасы тұрақсыз болса коллоидты ертінділер құямыз (ГЭК) 1-4 мл/кг/мин. 7.Антигистаминді препараттарды егу: к/т1% -1,0– 2,0 мл димедрол ертіндісін (супрастин/тавегил), балаларда 0,1 мл/ 1жасқа қосу арқалы. 8. Егер науқаста: а) гипотония болса– к/т 200 мг допаминді 0,9% -400 мл натрии хлориді ертіндісіне қосып минутына 2-11 тамшы жылдамдықта АҚҚ тексере отырып жібереміз. б) бронхоспаз болса–к/т струйно 2,4%-5,0- 10,0 мл эуфиллин ертіндісін 0,9%-20,0 мл натрии хлориді ертіндісіне қосып немесе 2,5–5,0 мг сальбутамолды небулайзер арқылы жіберу. в) брадикардия болса–т/а 0,1%-0,5 мл р-р атропин ертіндісін енгізу, қажет болған жағдайда осы мөлшерде 5-10 минуттан кейін қайталап енгізу. Реанимация және қарқынды ем бөлімшесіне шұғыл түрде жатқызу. 7. Бағалау: Студенттің дағдыларды қаншалықты игергенін бағалау үшін, дағдылар бойынша әр қадамы 0-0,5 баллдар аралығында бағаланады да бағалау парағына жазылады (№1 қосымша) және барлық қадамдары бойынша жалпы балл шығарылады. Студенттің қорытынды баллы көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағалау межелігіндегі (шкаласындағы) бағаға сәйкес шығарылады.
БАҒА БЕЛГІЛЕЙТІН ПАРАҚ Дағды тақырыбы _________________________________________________________________ Күні __________________ _______________________________________________________________________________ (студенттің аты, жөні) Мамандығы ______________________ Тобы _____________ Оқытушы _______________________________________________________________________ (аты, әкесі, тегі)
Баға _____________ Оқытушының қолы _______________ 8. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі: негізгі: 1. Тұрланов К.М., Қалқабаева С.А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы, 2004. 2. Руководство по скорой медицинской помощи + СД. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г.-М., 2008, 816с. 3. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Михайловича В.М., 2007, 808с. қосымша: 1. Скорая медицинская помощь. Верткин А.Л., М., 2007, 364с. 2. Тоғайбаев А.А.,Мұратханов Е.Ж. Реаниматология және қарқынды емдеу Алматы,2003. 3. Неотложные состояния. Сумин С.А., М., 2005, 752с. . |