Главная страница

РК 1- молекулалық биофизика. РК1 - молекулалық биофизика жауаптарымен. Медициналы биофизика рк 1 сратар тізімі


Скачать 26.52 Kb.
НазваниеМедициналы биофизика рк 1 сратар тізімі
АнкорРК 1- молекулалық биофизика
Дата20.10.2021
Размер26.52 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРК1 - молекулалық биофизика жауаптарымен.docx
ТипДокументы
#251755

Медициналық биофизика
РК 1 сұрақтар тізімі
1. Мембранада ақуыздардың функциясын жүзеге асыратын: +белсенді тасымал

2. Мембранада иондарды өткізетін мембрана бөлігі: +арна

3. Кардиомиоциттегі деполяризация фазасы......ион ағынымен анықталады: + Jna ішке қарай

4. Кардиомиоциттегі реполяризация фазасы......ион ағынымен анықталады: + Jк сыртқа қарай

5.Жасушаның ішіндегі органеллаларды және тіндерді қорғап тұратын жұқа қабықша ол: +биологиялық мембрана

6.Мембрананың негізгі қызметтері: +механикалық, матрицалық, барьерлік

7.Мембрананың сұйықтық – мозаикалық моделі: + ақуыздар мен билипидтерден тұратын құрылым

8.Молекуланың бір липидтік қабаттан басқа липидтік қабатқа өтуі:+флип-флоп

9.Липосома дегеніміз: +Ақуыздар мен липидтерден тұратын тұйықталған құрылым

10.Биологиялық мембрананың түрлерін көрсетіңіз: +жасушалық, жасушаішілік, базальді

11.Диффузияланатын заттың молекулалары мембрана арқылы басқа молекулалармен кешен түзбей қозғалса, онда диффузия:+қарапайым

12.Егер мембрана арқылы диффузияланатын заттың молекуласы тасымалдаушылармен бірігіп кешен тудырса, бұл диффузия: +жеңілдетілген

13.Биологиялық мембрана моделін мына түрде қарастырамыз:+жазық конденсатор

14.Биологиялық мембрананың беткі бөлігінде орналасқан ақуыздар:+перифериялық (сыртқы)

15.Липидтік қабатқа енгізілген ақуыздар:+ интегральдық (ішкі)

16.Биологиялық мембрана құрамындағы липидтер келесі күйде болады: +сұйық кристалл

17.Жасуша ішіне заттардың тасымалдану үрдісі: +эндоцитоз

18.Мембрана арқылы тек жеке молекулалар ғана емес, қатты денелер де тасымалданса, бұл тасымал: +фагоцитоз

19.Мембрана арқылы тек жеке молекулалар ғана емес, ерітінділер де тасымалданса, бұл тасымал: +пиноцитоз

20.Концентрациясы жоғары алабтан аз концентрациялы алабқа концентрация градиентіне қарсы бағытта заттарды тасымалдауды:+белсенді емес

21.Белсенді емес тасымалдың түрлері: +диффузия, осмос, фильтрация

22.Энергия метаболизмінің шығындалуымен өтетін мембранадағы заттың тасымалдануы: +белсенді тасымалдануы

23.Мембранада зат тасымалы үшін АТФ энергиясы пайдаланылса, онда бұл тасымал: +бірінші реттікбелсенді

24.Мембраналық липидтердің түрлері: +фосфолипидтер, гликолипидтер, стероидтар

25.Иондардың екінші реттік белсенді тасымалдануының түрлері:+унипорт, симпорт және антипорт

26. Әр типтегі бірдей зарядталған иондардың әр түрлі жаққа қарай тасымалдану үрдісіі: +антипорт

27. Зарядталған бөлшектердің потенциалдың аз мәніне қарай тек бір бағытта тасымалдануы: +унипорт

28. Қарама қарсы зарядталған иондардың бір бағытқа қарай тасмалдану үрдісі:+симпорт

29. Мембрана биқабатының бетiне келетiн жылулық қозғалыс қарқындылығының атауы: +латеральді диффузия

30. Жасуша өмір сүруінің негізгі жағдайын көрсетіңіз: +автономдығы, қоршаған ортамен энергия және зат алмасуы

31. Мембрананың жасуша ішіндегі АТФ синтездеу функциясы: +энергетикалық

32. Мембраналық ақуыздардың әрекеттесуін және нақты орналасуын қамтамасыз ететін мембрана функциясы: + матрицалық

33. Жасуша ішілік құрылымын және жасуша ішілік үрдістерді қамтамасыз ететін мембрана функциясы: механикалық

34. Жасушаның барьерлік функциясын көрсетіңіз: +селективтілік, активті және пассивті зат алмасу

35. Жасуша мембранасы құрылымын зерттеу әдістері: +ядролық-магниттік резонанс, электронды- парамагнитті резонанс, рентгендік – құрылымдық анализ

36. Мембрана құрылысын зерттеуде қолданылатын, тұрақты магнит өрісіндегі парамагниттерде, белгілі жиіліктегі электромагниттік сәулені жұтатын әдіс қалай аталады: +электронды-парамашнитті

37. Мембрананы зерттеу үшін тұрақты магнит өрісінде, парамагниттік ядролармен электромагниттік толқындардың резонансты жұтылу әдістері қолданылады. Бұл әдіс: +ядролық-магниттік

38. (D) диффузия коэффициенті неге тәуелді: температура мен зат түріне

39. Мембрананың өткізгіштік коэффициенті неге тәуелді: заттың концентрациясы мен мембрана қасиетіне

40. Диффузиялық потенциал: әртүрлі екі сұйықтықтың шекарасындағы иондарды тасымалдау жылдамдығына тәуелді 

41. Биоэлектрлік потенциалдардың туындауы ......... болады: жасуша ішілік және жасуша сыртындағы иондар концентрациясы айырмашылығынан

42. Әртүрлі ағзалардың биопотенциалдарын тіркеуге негізделген әдіс: +электрография

43. Жасуша мембранасының екі жағындағы иондар концентрациясының айырмашылығы нәтижесінде биопотенциалдар туындайды. Бұл үрдіс: +мембрана поляризациясы

44. Ми электрлік активтілігіне анализ жасау кезінде энцефалограммада тербеліс амплитудасын (....) және жиілігін (....) анықтайды: +микровольт, герц

45. a альфа – ритм үшін (энцефалография) (…) тербеліс амплитуда кезінде жиілік (…) тең: +8-15герц, 50-100 мкВ

46. Белсенді ми үшін бетта-ритм тән, бұл электр импульстері амплитудасы (..........) және жиілігі (..........) тең: +50-100 мкВ, 14-30герц

47. Биопотенциал: + Ұзақ өмiр сүру үдерісінде ағзада, ұлпада және жасушада пайда болатын электр кернеуi 

48.Тыныштық потенциалы – бұл: қозбаған жасушаның цитоплазмасы мен қоршаған орта арасындағы потенциалдар  айырымы 

49.Жасуша қозғанда жасуша мен қоршаған орта арасында пайда болатын потенциалдар: +әсер потенциалы

50.Әсер потенциалына сәйкес келетін үдеріс:+деполяризация, реполяризация

51.Миелинді нерв талшықтары бойымен әсерлік потенциалдың таралуы:+сальтаторлы

52.Әсерлік потенциалдың миелинсіз нерв талшықтары бойымен таралуы:+үздіксіз

53.Бір жасушадан басқа жасушаға сигналдар ауысуына қажетті жасуша аралық белгілер: +синапс

54.Нейрон денесіне жүйке импульсін жеткізетін нейронның қысқа өсіндісі: +дендрит

55.Мембрананың қозуы тоқтағаннан кейінде 1-3 секунд қалдық құбылыстар тіркеледі ол: +рефрактерлік кезең

56.Электрокардиография әдісі: +жүрек бұлшық еттерінің жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болатын биопотенцияларды тіркеу

57.Көрші циклдердегі бірдей тістердің арасындағы уақыт аралығы: +интервалдар

58.Кардиограммада тіркелетін: +тістер, сегменттер, интервалдар

59.Бірінші стандартты тармақта тіркейтін электродтар мынаған сәйкес келеді: +оң қол және сол қолдар

60.Екінші стандартты тармақта тіркейтін электродтар мынаған сәйкес келеді: +оң қол мен сол аяқ

61.Үшінші стандартты тармақта тіркейтін электродтар мынаған сәйкес келеді: +сол аяқ пен сол қол

62.Электрокардиография негiзделген: +жүрек биопотенциалын анықтаудағы Эйнтховен теориясы

63.ЭКГ тiстерiнің тiзбектері: + P-Q-R-S-T-U

64.ЭКГ да жүрек биопотенциалын тіркеу кезінде электрод пен тері арасындағы пайда болатын кедергіні азайту үшін... +теріге арнайы физиологиялық ерітінді жағады

65.Жүректің соғу жиілігінің қалыптан төмен болуы: +брадикардия

66.Жүректің соғу жиілігінің бірде артып, бірде төмендеуі: +аритмия

67.Жүректің соғу жиілігінің қалыптан жоғары болуы: +тахикардия

68.Қабылданған сигналдың әсерiнен ток күшi немесе кернеу тудыратын датчиктер: +белсенді

69.Қабылданған сигналдың әсерiнен параметрлерi өзгеретiн датчиктер: +белсенді емес

70. Механикалық әсер еткенде (сығу немесе созу) кейбір кристалдардың қарама қарсы жағында электр зарядтары және сәйкесінше потенциалдар айырмасы пайда болады. Бұндай датчиктер: +Пьезоэлектрлік

71. Датчиктің кірісіне қандай электрлік емес физикалық факторлар беріледі: +температура, қысым, қанның пульстік көлемі

72. Өткізгіштердің кедергісі температураның артуымен: +сызықты өседі

73. Резистивті датчик жұмысының физикалық негізін көрсетіңіз: +дене температура өзгерісі кезінде датчик кедергісінің өзгеруі

74. Электродтарды қолданады:+ емдеу мақсатында сыртқы электромагниттік әсерді өткізу, электр сигналдарын алу үшін 

75. Термография дегеніміз: + диагностика мақсатында ағзаның жеке нүктелеріндегі температураларын жазу 

76. Бұлшықет талшығы жіңішке жіптер құрамына кіреді: +актин, тропомиозин, тропонин

77. Бұлшықет жасушасының (талшығы) қысқартушысы ......... болады: +саркомер

78 Бұлшықет жасушасының ішінде, органеллалардан бөлек, көптеген параллель орналасқан ......... тұратын қысқарту аппараты бар: +миофибриллалардан

79 Кесілген бұлшықет талшығының құрылымы .......... болады: +дұрыс гексогональді

80. УЖЖ-терапия: +жоғарғы жиілікті айнымалы электр өрісімен ұлпаға әсер ету

81. Индуктотермия: +адам ағзасына үздіксіз тұрақты магнит өрісімен әсер ету

82. Бірдей жағдайда орналасқан электролит пен диэлектрикке УЖЖ өрісімен әсер еткенде:+электролитке қарағанда диэлектрикте температура тез көтеріледі

83. Тербелмелi контурдағы еркiн электромагниттiк тербелiстер өшетiн болып табылады, оның себебі: +тербеліс энергиясы контурдың ішкі энергиясына айналады

84. УЖЖ - терапия аппараты: +екі тактілі шамдық генератордан терапевтік контурдан тұрады

85.Тұрақты токтың көмегiмен дәрi-дәрмектi адам ағзасына егусiз ендiру әдiсi: +электрофорез

86. Адам ағзасына үздiксiз тұрақты магнит өрiсiмен әсер ету әдiсi: +магнитотерапия

87. УЖЖ электр өрiсiмен адам ағзасына әсер еткенде: +өткізгіштік және ығысу токтары пайда болады

88. Ағза арқылы жоғары жиiлiктi ток өткенде джоулдiк жылу бөлiнедi де, ұлпаны бұзады. Бұл әдістің аталуы: +электрохирургия

89. Адам ағзасына аз мөлшердегi тұрақты токпен әсер ететiн медициналық әдiс: +гальванизация

90. УЖЖ өрістің қарқындылығы: +ток көзінен қашықтаған сайын азаяды


написать администратору сайта