кейс. экология кейс. Медициналы экология бойынша кейс Сирек жадай анны рНна гиперкапнияны сері. Идиопатиялы кпе фиброзы
Скачать 42.3 Kb.
|
Медициналық экология бойынша кейс: Сирек жағдай: Қанның рН-на гиперкапнияның әсері. Идиопатиялық өкпе фиброзы « Сәлем, Джилл»,- деді апасы, есікті ашыңқырап. «Кел төрлетіңдер, дастархан басында бізді атамыз күтіп отыр». Джиллиан, 20 жастағы студент, болашақ мейірбике, ол әр жексенбінің кешінде атасы мен әжесінеқалыптасқан дәстүр бойынша карта ойнауға келеді. «Сәлем, поп!» - деп атасымен көңілді амандасты да, атасының жанынадастарханғажайғасты. Осы аптаңыз қалай өтті?-деді атасына күлімсіреп «Ия,-деп атасы сөзін бастады,- жұма күні маған идиопатиялық өкпе фиброзы диагнозын қойды». Сәл үнсіздіктен кейін, атасы сөзін жалғастырды: -Сен мейірбикелер дайындайтын мектепте оқисың ғой, мынаны маған түсіндірші. Джиллиан ең үлкен немересі болғандықтан , атасы үнемі оның оқуына көмек көрсететін. Небәрі бес жасында атасы оғанNational Geographic басылымына жазылуды сатып алып берген болатын, ол оқи алмаса да, алыс та қызық жерлердің суреттерін тамашаласын деп. Джиллиан атасының сұрағынан, оны оқуға ынталандыруға тағы бір жайды аңғарды. «Эээ...бұл сіздің өкпеңіздегі газ алмасуға қатысатын тіндердің, қатайып тыртық тіндерге айналуы, дәрігерлер неден екенін білмейді» -Ата, дәрігерлердің болжамы қандай ?- деді дірілдеген дауыспен. «Дәрігер маған 18 бен 24 ай арасында өмір сүруің қалды деді , енді мен өмірімнің әрбір сәтін қуанышпен өткізуді жоспарлап отырмын»-деді атасы. «Джиллиан, сен білесің ғой, мен барлық қызметтік жолымды ғимараттар мен көпірлердің жобаларын жасауға жұмсадым. Мен үнемі жобаларымды құрылысы мен қызметін сәйкестендіріп жасайтынмын. Ал енді мынаны айтшы: менің өкпемнің құрылысының өзгерісі , өкпемнің қызметіне қалай әсер етеді». Медэкология бойынша сұрақтар: 1.Қандай сыртқы орта факторлары өкпенің идиопатиялық фиброзының дамуына ықпал етуі мүмкін? Шылым шегу:тыныс алу жүйесіне ең көп әсер ететін фактор болып табылады.Деректерге сәйкес өкпенің идиопатиялық фиброзы бар адамдардың 75%-ы шылым шегеді. Әртүрлі өндіріс жағдайында пайда болған шаң-тозаң, түтін, т.б. (тұрмыстық, металл, ағаш, тас шаңдары) арқылы атмосфералық ауаның ластануы Вирустық инфекция (Эпштейн-Барр вирусы, цитомегаловирустар, С гепатитінің вирустары, герпесвирустар және т.б.) Әртүрлі аурулар:Қант диабеті, туберкулез, өкпе ,жүрек аурулары Жынысы:Осы аурумен ауыратын адамдардың 75%-ы ер адамдар. Жасы:Көпшілігі 50 жастан асқан. Бұл факторлар өкпенің идиопатиялық фиброзын ауырлатып жібереді. 2. Өкпенің идиопатиялық фиброзы өмір сүру сапасына қалай әсер етеді? Көп жағдайда осы аурумен ауыратын пациенттер аурудың физикалық, әлеуметтік және эмоционалдық әсерін сипаттайды.Олардың айтуы бойынша: Күнделікті өмірге әсер етеді: Ең жиі кездесетін шағымдар физикалық жағдайдың нашарлауына байланысты: баспалдақпен жүру, жуу, киіну, пәтерді жинау және басқа күнделікті істерді орындау қиынға соғады. Жұмыс және мансап. Тыныс алу мен шаршау жиі зейнеткерлікке ерте шығарады. Стигматизация. Науқастар қоғамдық орындарда олардың жөтел ұстамаларына байланысты адамдар жұқпалы науқас деп ойлап, тезірек құтылуға тырысуы сияқты қолайсыз жағдайларға тап болады. Әдеттер мен хоббиден бас тарту. Науқастар өздерің сүйікті істері жаяу жүру, спортпен шұғылданудан бас тартуға мәжбүр болады. Оқшаулану және қарым-қатынасқа әсері. Әлеуметтік өмір және отбасымен және достарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері азаяды, көбінесе жалғыздық сезімі пайда болады. |