Раб пр 4к. Раб_пр_4к_каз. мейірбике ісі бакалавры ндірістік тжірибесіні
Скачать 145 Kb.
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛГИЯ КУРСЫМЕН Бекітемін Оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша проректор, м.ғ.д. __________ М.Ұ. Анартаева «_____» _____________2010 ж. «МЕЙІРБИКЕ ІСІ БАКАЛАВРЫ» ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі» Сағат көлемі – 300 сағат (4 кредит) Курс – 4 Семестр – 8 Өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі бакалавры» типтік оқу бағдарламасына сәйкес 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша құрастырылған. Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды. Хаттама № ________ «_______» ___________ 2010 ж. Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент __________ А.Ә. Әлдешев Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА хирургиялық пәндер әдістемелік комиссиясында талқыланды. Хаттама № ________ «_______» ___________ 2010 ж. Төрағасы, м.ғ.к., доцент ___________ М.М. Нартаева Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА Әдістемелік Кенесте талқыланды. Хаттама № ________ «_______» ___________ 2010 ж. Төрағасы, м.ғ.д., доцент ___________ М.Ұ. Анартаева 2. Бағдарлама: 2.1. Кіріспе «Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практикасы бойынша жұмыс бағдарламасы 051101 – «мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалавриат түлектерінің диплом алдындағы практикасын теориялық және әдістемелік қамтамасыз етуге арналған. Өндірістік практиканың жұмыс күні 6 академиялық сағатты құрайды, практиканың ұзақтығы 10 апта (50 күн). Пәндердің көлеміне қарап («Денсаулық сақтаудағы экономика және маркетинг», «Әлеуметтік медицина, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері, медициналық статистика», «Мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс және менеджмент», «ЕПҰ – дағы инфекциялық бақылау», «медициналық биоэтика» пәндер бойынша білімді, іскерлік пен практикалық машықтарды бекіту мен жетілдіруді қамтамасыз ететін) денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері базасында практиканың 8 аптасы қамтамасыз етіледі, 2 аптасы – «мейірбике ісі» бакалавриаты бойынша білім беру бағдарламасын іске асыратын медициналық колледждер мен ЖОО кафедраларының базасында («Педагогикалық білімнің негіздері» пәні бойынша білімді, іскерлік пен практикалық машықтарды бекіту мен жетілдіру) өтеді. Кәсібінің ерекшелігін және практика базаларының қызметін жақсы білетін ЖОО – ның оқытушылары мен ЕПҰ директорының мейірбикелік процесс жөніндегі орынбасарлары практикаға жетекшілік жасай алады. 2.2. Тәжірибе мақсаты: мейірбике ісі бакалавры академиялық дәрежесі бар мейірбике – менеджердің болашақ кәсіптік қызметінің функциясы мен негізгі бағыттарын жүзеге асыруға қажетті негізгі біліктілікті бекіту, практикалық машықтар мен тәжірибені меңгеру. 2.3. Тәжірибе шаралары: мейірбикелік іс қызметінде денсаулық сақтау саласында негізгі заңнамалық құжаттар мен заң күшіндегі актілерді пайдаланып мейірбикелік процесс жағдайын талдау принциптеріне, оны ұйымдастыру және оның сапасын басқаруға үйрету; адамдармен ұйымдастырушылық және тәрбие жұмыстарын жүргізу машықтарын игеру, биоэтика және денсаулық сақтау туралы заңнама негіздері принциптерін сақтау; менеджер рөліндегі өзінің мықты және осал тұстарын анықтай алуға, өзінің шектеулерін бағалауға және тұлғаның өсуі мен дамуын талап ететін саланы анықтауға үйрету; денсаулықты саны мен сапасын бағалаудың статистикалық әдістерін қолдануға үйрету; колледжде немесе ЖОО-да мейірбикелік іс негіздері бойынша прктикалық сабақтардың құрылымын, әдістемелік қамтамасыз етілуін және дидактикалық компоненттерін әзірлеуге үйрету; студенттерге білім беру процесінде, медициналық кадрлармен жұмыс істеу кезінде, сондай-ақ пациенттермен және олардың туыстарымен жұмыс істеу кезінде педагогикалық білімді қолдануға үйрету; пациенттерге дұрыс ақпарат беруге және үйретуге, сонымен қоса нозокомиаль инфекцияларыдың алдын алудың қарапайым әдістеріне үйретуге оқыту; пациенттермен, медициналық персоналдармен, науқастардың туыстарымен өзара қарым-қатынас орнатуда биомедициналық этиканың принциптерін қолдану; 2.4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі: Студенттің «Мейірбике ісі» өндірістік практикасынан өту кезінде игеруі шарт практикалық іскерлік пен машықтардың үлгі ретіндегі тізімі: аға мейірбикенің көмекшісі ретінде жұмыс істеу; медициналық құжаттарды ресімдеу; бөлімшенің таңертеңгі мейірбикелік лездеме жұмысына қатысу; салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу; емдік профилактикалық ұйымның пациенттерін оқыту; орта және кіші медициналық персоналға арналған үйретуші ғылыми практикалық – конференцияға немесе «Мейірбикелер» кеңесінің жұмысына қатысу; «Мейірбике ісі» мамандығының пәндері бойынша медициналық колледждің немесе ЖОО – ның кафедрасында практикалық сабақ өткізу; курстасы өткізген практикалық сабақты талдау; «Мейірбике ісі» мамандығының пәні бойынша пәннің оқу әдістемелік кешенін (ПОӘК) құру; «Мейірбике ісі» мамандығының пәні бойынша бақылау - өлшеу құралдарын құру. 2.5. Тәжірибенің реквизитіне дейін: «Жалпы практика мейірбикесі» өндірістік практикасы 2.6. Тәжірибе реквизитінен кейін: 2.7. Тәжірибенің мазмұны 2.7.1. Студенттің жұмысының көлемі мен түрі «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша пән оқытушысы ретінде жұмыс істеу
Бас мейірбикенің және/немесе бас дәрігердің мейірбике қызметі жөніндегі орынбасарының көмекшісі ретінде жұмыс істеу.
2.7.2. Күн тәртібі:
2.7.3. Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі. 2.7.3.1. Практика жетекшісінің ағымдық бақылауы: Бөлімдегі жұмыс орнындағы студенттің практикалық әрекеті мен қатысуын бақылау. Практика жетекшісі күнде журналға келгендерді және келмегендерді тіркейді. Студенттердің практикалық дағдыларды меңгеруін бақылау. Практика жетекшісі клиникалық базаның қызметкерімен бірлесе отырып студенттерден практикадан өту барысында берілген тізімге сәйкес дағдылардың орындалуы туралы мәлімет алып, «Практика нәтижесі» (қосымшаны қараңыз) кестесіне жазып отырады. Студенттердің күнделігін тексеру. Студент күн сайын жасаған жұмысы жайлы практика күнделігін толтырады. Практика жетекшісі жұмыстың дұрыстығы мен сапасын бақылап, керекті түзетулерді енгізіп, күнделікке күн сайын қол қойып отыруы керек. Студент оқу-өндірістік тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибе жетекшісіне атқарған жұмысы туралы еркін түрдегі есебі мен орындаған манипуляцияның сандық көрсеткіштерін тапсырады. Студент есебінде тәжірибенің өткен уақыты, күні, емдік мекемедегі бөлімше аппаратурасының құрылғылары, тәжірибе өткен жердің жағдайының жалпы сипаты, тәжірибенің өтілу тәртібі, тәжірибе уақытында байқалған тәжірибе мен теорияның арасындағы байланысты көрсетеді, олардың себебін, студенттің анықталған кемшіліктерді болдырмау мүмкіндіктерін көрсетеді. Тәжірибе сапасын жақсартуға ұсынылған шешімдер. Тәжірибе жетекшісі – күнделікке студент жұмысының қысқаша мінездемесін жазады. Мінездемеде теориялық білімінің деңгейі, тәжірибелік дағдыларды меңгергендігі, студенттің тәртібі мен жауапкершілігі туралы жазылады. 2.7.3.2. Қорытынды бақылау – сараланған сынақ. Қорытынды бақылауға жіберілу үшін толтырылған практика күнделігі (практика жетекшісі куәландырған), кафедра меңгерушісі мен практика жетекшісі қол қойған студенттің мінездемесі, практикаға қатысу журналы болуы тиіс. Кәсіби практика қорытындысы бойынша сараланған сынақ «критерийлерге...» сәйкес студенттердің практикалық дағдыларының бағасының нәтижесіне негізделеді. Практикалық дағдыны (іскерлік) бағалау ұпайлық – әріптік жүйе бойынша %-ға қайта есептеумен іске асырылады. Практиканың соңғы күні студенттер сараланған сыңақ тапсырады. Күнделіктің соңында сынақтың күні және практиканың бағасы қойылады. Кафедра меңгерушісі және практика жетекшісінің қолдары қойылады. «Жалпы практика мейірбикесі» өндірістк практикасының қорытындысы бойынша іскерлік пен дағдыны бағалау критерийі (сараланған сынақта) «Жалпы практика мейірбикесі» өндірістік практикасынан өту кезінде алынған іскерлік пен дағды әріптік жүйемен (оң баға А әрпінен F әрпіне дейін, сандық эквивалентке 4 ұпайлық жүйе бойынша сәйкес келетін) бағаланады. Әрбір дағды қадам бойынша жазылады, олар жалпы саны 4 ұпай болатындай етіп бағаланады. Барлық тапсырмаларды орындаған студент дағдыларды толық, дұрыс орындағаны үшін әріптік-ұпайлық жүйе бойынша А әріптік бағаға сәйкес келетін – 4.0 ұпаймен, ең жоғары сандық эквивалентпен бағаланады. Ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесі
Ескерту: егер алған бағасы 1,67 ұпайдан (60 – 64 %) төмен болмаған жағдайда қабылданған машықтары есептелінеді. «Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практиканың нәтижелері 4 – курс _____________________________ топ студенті
Практика жетекшісі _______________________________ аты – жөні «____» _______ 2012ж. Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практиканың нәтижелері 4 – курс _____________________________ топ студенті
Практика жетекшісі _______________________________ аты – жөні «____» _______ 2012 ж. |