Главная страница

8 Ә Лессон стади сабақ. Мекеме атауы Мажан Жмабаев атындаы ітмектеплицей кмм блім атауы


Скачать 245.69 Kb.
НазваниеМекеме атауы Мажан Жмабаев атындаы ітмектеплицей кмм блім атауы
Дата19.02.2023
Размер245.69 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8 Ә Лессон стади сабақ.docx
ТипДокументы
#945531

Қаралды__________


Мекеме атауы

«Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ

Бөлім атауы

«Ғарышты игеру жетістіктері»

Педагогтің ТАӘ

Залелов М.Ж.

Күні

06.12.2022 ж.

Сыныбы: 8 Ә (қазақ тілі)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

«Байқоңыр» ғарышайлағының елімізге әкелген пайдасы.Матасу


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.3.1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін ажырату,(матасу)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындайды: Мақаланың құрылымын біледі,матасудың жасалу жолын түсінеді

Басым бөлігі орындайды: мақаланың рәсімделуін біледі,матасуды мәтіннен таба алады

Кейбірі орындайды: мақаланығ жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады,матасуды ауызша жазбаша тілде қолданады

ЕБҚ: мұғалімнің көмегімен мақаланың жанрлық ерекшеліктерін таба алады

Бағалау критерийлері

  • мақала, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

  • сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін ажыратады,(матасу)

ОДД

жинақтау, синтез

Лицейлік компонент

Матасуды қарастыру

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі / уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Сабақтың ортасы


7 минут

.

8 мин

10 мин

4 мин

4 мин


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу:

«Барлығын да адам қиялдаған,

Қиялдан жер бетіне сия алмаған.

Ойлап – олап отырып кілемімен

Аспанға ұшудан да ұялмаған.»   М. Мақатаев

Топқа бөліну:

Суреттің артында аспан денелеріне байланысты сөздер мен сөз тіркестері жазылған.

Үй тапсырмасын тексеру

«Белгісіз есім?» әдісі.

  • 3-тапсырма. Мәтін желісі бойынша 5 сұрақ құрастыру




  • Шежіре ағашын” құру

1.Сабақтың тақырыбын ашу

2. Оқу мақсaттарын айту

3. Сабaқтың мақсатын бірлесе анықтау

Қызығушылықты ояту:

«Кинометафора». Тақтадан Байқоңыр туралы бейнеролик көрсетіледі.

  • Бейнероликтен не түйдіңіздер?

  • Байқоңыр айлағы біздің елге не үшін қажет


1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.

Мәтінмен жұмыс

1-топ: Мәтінді баяндап, Байқоңыр туралы кластер құру.
2-топ:
Мәтіннің жанры мен ерекшелігін атаңыз.Байқоңырдың пайдасы туралы постер құрастырыңыз
3-топ:
Мәтіннен стилі қандай ерекшеліктерін көрсетіңіз.Байқоңырдың зияны туралы постер құрастырңыз

Жер кіндігі – Байқоңыр ғарыш айлағы адамзат баласы үшін өткен ғасырдың теңдессіз жетістігі саналады. Қасиетті Қармақшы топырағы аумағында орналасқан ғарышкерлер қаласының іргетасы 1955 жылы қаланған. Кеңес Одағы құрамындағы 15 республиканың арасынан Қазақстанға таңдау түсуі тегін емес еді. Ғалымдар зымыран ұшырудың қауіпсіздігін, айлақтан елді мекендердің қашық болуын, ұшырылған ракетаның қайта оралған кездегі қону аймақтарының ыңғайлылығын ескерді. Сондай-ақ, тоғыз жолдың торабы мен автомобиль жолдары да ғарыш алаңының көмекші және қызмет көрсету нысандарына қолайлы жағдай туғызды
Айлақтан тұңғыш зымыран 1957 жылы ұшырылды және бұл сәтті қадам еді. Ол әдемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны саналады. Оның басты және көмекші объектілерінің жалпы ауданы 6717 шаршы шақырымды құрайды. Дүниенің төрт бұрышын дүр сілкіндірген бірегей оқиға әлем назарын өзіне аудартты. Сөйтіп, алғаш рет Жердің жасанды серігі кеңістікке шығарылды.
1961 жылдың 12 сәуірі адамзат тарихында елеулі оқиға ретінде есте қалды. Бұл күні тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен орбитаға аттанды. Бертін келе де ғарыш кеңістігін бағындыруда бірқатар тың бастамалардың көшбасшысына айналды. Атап айтсақ, Байқоңырдан байланыс мақсатында пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» және «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сықылды ғарыш кемелері, күннің, айдың, Шолпан жұлдызының алғашқы жасанды серіктері және «Салют», «Мир» орбиталық стансалары әлем көгіне көтерілді.
2-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі. Матасу туралы қысқаша түсінік

1-топ. Мәтіннен жай матасуды табады,жасалу жолын түсіндіреді

2-топ. Мәтіннен күрделі матасуды табады,жасалу жолын түсіндіреді.

3-топ: Мәтіннен матасуы бар 1 сөйлемді алып синтаксистік талдау жасайды.Матасудыңсөйлемдегі қызметін анықтайды..
3 -тапсырма. Мәтіндегі ойды жалғасытыра отырып, «Байқоңыр ғарышайлағының пайдасы мен зияны? » тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. 5-6 сөйлеммен өз ойларын жазады

4-тапсырма

«АВС» әдісі. Қайталауға арналған тапсырмаларға дұрыс жауап беріңдер.

1.Етістікті тіркесті тап:

A) Малды өлке .                  C) Көптен тосқан.

B) Аялы алақан .                D) Туған жер.

2. Тұрақты сөз тіркесін тап:

A) Дархан дала.                 C) Ит өлген жер

B) Ғұмырнама .                 D) Кедей-кепшік.

3. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет.

Айнашпен сөйлесті.    C) Аяқ-табақ.

 Жақсы-жаман.             D) Үйдің іші.

4. Қандай байланыс түрі : Мен естідім.

A) Матасу .                          C) Қиысу.

B) Тұрақты сөз тіркесі.     D) Күрделі сөз.

«Тақырыптық теннис» әдісі арқылы әр топ бүгінгі өткен тақырып бойынша 2 сұрақтан жазып, теннис добын келесі топқа лақтыруларың қажет.


Оқушылар амандасып орындарына отырады.

Мақалды мұғаліммен бірге қайталап айтады.


Мұғалім берген бағыттаулар бойынша 3 топқа бөлінеді.

1-топ. Жұлдыздар

2-топ.Ғарыш

3-топ. Байқоңыр

Қобдишадан бір оқушының есімі таңдалады, сол оқушы үй тапсырмасына жауап береді.

1. Сабақтың тақырыбымен танысады

2.Оқу мақсаттарымен танысады

3.Сабақтың мақсатын бірге шығарады

- Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айтылған.Еліміздің мақтанышы

- елдің экономикасын дамыту үшін

Тақтадан тақырыппен танысып, дәптерлеріне түсіреді.

1-тапсырма

1-топ: Мәтінді баяндайды.

Байқоңыр туралы қысқаша түсінік береді

2-топ: Мәтіннің жанры мақала

  • Ерекшелігі:.Мақаланың ерекшелігі оның бір ғана нақты ойды дамыта түсуінде жатыр. Логикалық ой мен дәлелдердің мақсаттылығы, сөйлемдер мен түйіндердің нақтылығы басты назарда болады.

  • Пайдасы:1.Байқоңыр – қуатты ел екеніміздің белгісі.

  1. топ: Публицистикалық стиль

Ерекшелігі:Мақала. Мақала ғылыми және публицистикалық стильмен жазылады. Автор өзі жазатын мәселені анық білетін және оны белгілі деректерге сүйеніп баяндай алатын дәрежеде болуы керек.

Зияны:1.Экологияға кері әсер етеді.

2-тапсырма.


  1. топ Жай матасу,бастамалардың көшбасшысы,республиканың арасынан

  2. Топ Күрделі матасу::арышкерлерлер қаласының іргетасы,зымыран ұшырудың қауіпсіздігі

  3. Топ

Қасиетті Қармақшы топырағы аумағында орналасқан ғарышкерлер қаласының іргетасы 1955 жылы қаланған. (матасу,бастауыш)


3-тапсырма


Байқоңыр ғарыш айлағының біздің еліміз үшін рөлі ерекше. Дәл осы жерден ең маңызды адамзат өміріндегі жаңалық ашылды.  Алайда бұл кешеннің пайдасымен қатар зияны да бар. Бұл зардаптар жыл сайын біздің экологиямызға әсерін тигізіп жатыр. Мұндай күрделі, әрі маңызды мәселелерді шешу үшін, әрине, мемлекет тарапынан көмек керек. Келтірілетін экологиялық мәселелерге көз жұмып қарауға болмайды. Зардаптардың шешу жолдарын таба алсақ, Байқоңыр бізге тек пайдасын алып келетін болады. Ал шешу жолы табылмаса, онда бұдан да қауіпті қатерлерге алып келеді

Жауаптары:

1-С Көптен тосқан

2-С Ит өлген жер

3-Д Үйдің іші

4-С Қиысу

«Тақырыптық теннис» әдісі арқылы әр топ бүгінгі өткен тақырып бойынша 2 сұрақтан жазып, теннис добын келесі топқа лақтырады, қағып алған оқушы сұраққа жауап береді.

қалыптастырушы бағалау

бір-біріне ауызша кері байланыс береді

қалыптастырушы бағалау

Балалар бір-бірлерінің жауаптарына ауызша кері байланыс береді


Оқушыларды қолдау:

Жарайсың! Керемет! Жауабыңа назар аудар!

Дескриптор

  • мәтінді баяндап, кластер құрады-1;

  • Жанрын көрсетеді,постер құрастырады-1;

  • Стилін анықтайды,постер жасайды-1.

ҚБ: «Көршімді бағалаймын»

Дескриптор:

- мәтіннен жай матасуды табады-2;

- күрделі матасуды табады-2;

- сөйлемдегі қызметін анықтайды-2.

ҚБ: «Көршімді бағалаймын»

Дескриптор

  • мәтіндегі ойды жалғастырады -1;

  • пайдасы-1;

  • Зияны-1

ҚБ: «Көршімді бағалаймын»

Оқушылардың жауаптарына ауызша кері байланыс беріледі

Дескриптор

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан

Барлығы:4 ұпай

Бекіту тапсырмасы ретінде топтық кері байланыс беріледі

тақта


интерактивті тақтада жазулы болады
суреттер, топтар атаулары бар қағаздар


қорапша, есімдері жазылған қағаздар
тақтада сабақтың мақсаты жазылады


видео, интерактивті тақта

мәтін, постерлер, маркерлер

дәптер

дәптер

интерактивті тақта, АВС жазулары бар қағаздар

теннис добы, сұрақтар


Сабақтың соңы
1 минут

Рефлексия: «Блоб ағашы»



Оқушылар бүгінгі сабақта өздерінің не түсінгендігін, неден қиналғандығын жазып, қандай дәрежеде екендігін көрстеді.

кері байланыс

қағаздар

Бағалау

3 мин

Бағалау: «Дарабоз» әдісі


Оқушының аты-жөні:

Сабаққа қатысуы




10 баллдық жүйе

Оған даярлығы




Тапсырмаларды орындауы
















Өзіндік жұмысы




Ынтасы




Сабақтағы жауабы






өздерін дескрипторлар бойынша бағалайды

өзін өзі бағалау

бағалау парағы

Үй жұмысы

Үйге тапсырма: 4-тапсырма.Екі шеңберге белгілі тәртіп бойынша сөздер жазу

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.








Қорытынды бағамдау




Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

1.


2.


Сабақ барысында сынып немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары


___________________________________________

___________________________________________

___________________________________________

Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керекпін?


___________________________________________

___________________________________________

___________________________________________



написать администратору сайта