1 - қауіпсіздік техникасымен танысу. Мекемені техника ауіпсіздігі
Скачать 16.6 Kb.
|
Мекеменің техника қауіпсіздігі. Тәжірибелік жұмысты бастамастан бұрын ең алғашқы қадам техника қауіпсіздігімен танысу болды. Техника қауіпсіздігімен тәжірибелік жетекшіміз таныстырды. Осы техника қауіпсіздігін түсіндірген кезде мен томендегі ережелермен таныстым: Мекеменің техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын, немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады. Тыйым салынатын жағдайлар: – байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу; – экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау; – аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу; – дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау; – су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу. Жұмыс істегенде: – 60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек. – Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн. Жұмыс уақытында: – Аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз; – Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау; – Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын; – Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз. – Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар (вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін. Жүйелі блокты басқа құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта ғана қыстырылуы немесе алынуы керек. Компьютерлер орналасқан бөлмеде темекі шегуге болмайды. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының ережесін катаң тэртіпте орындау керек; электр тогымен зақымдалған қызметкерке әрбір қызметкер алғашқы көмек көрсете білу керек; электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек; егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек; өрт сөндіретін құралдармен әрбір қызметкер жұмыс істей алу керек; өрт болған кезде қызметкертер эвакуация жолдарын білу керек; қызметкертер ЭЕМ сым өткізгіштеріне рұксатсыз тимеу керек; суланған қол, ылғал киіммен ЭЕМ-мен жұмыс істеуге болмайды; Зақымдалған сым дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының құралдарымен жұмыс істеуге болмайды; ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, ЭЕМ-ді өшіріп мұғалімге хабарлау керек; ЭЕМ-ді іске косып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп, жолдастарының назарын аударуға болмайды; ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды; ЭЕМ-мен жұмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге тұрудың қажеті жок; ЭЕМ бөлмесіне рұксатсыз кіруге болмайды. |