Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.3A Аудандар
| Мектеп: Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп
|
|
Күні: 14.02.2019
| Мұғалімнің аты-жөні: Науанова Ж.Б.
|
|
Класс: 8 «А»
| Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
| Трапеция ауданы
|
|
Сабақтың түрі
| Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
|
|
Сабақтың мақсаттары
| Трапецияның ауданының формулаларын білу; Трапеция ауданының формулаларын қорытып шығару жолын меңгеру; Трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдану.
|
|
Бағалау критерийлері
| Оқушы
трапецияның ауданының формулаларын біледі; трапеция ауданының формулаларын қорытып шығарады; трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.
|
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: трапеция ауданының формулаларын есеп шығару барысында қолдануды түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика және терминология:
Трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табуүшін...
Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу үшін...
Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін...
Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу үшін...
|
|
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.
Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.
|
|
Пәнаралық байланыс
| Архитектурамен байланыс, ғимарат моделін жасау барысында трапеция моделі қолданылады.
|
|
Бастапқы білім
| Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Трапецияның түрлері.
|
|
Сабақ барысы:
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
0-2 мин
2-8 мин
| I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. II. Өткен материалды қайталау. Мұғалім оқушылармен жаңа тақырыпты меңгеру үшін қажетті ұғымдарды қайталайды. Мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсынады:
«Тосын сый»
Оқушылар «Үшбұрыш», «Тіктөртбұрыш», «Паралеллограм» топтарына сұрақтар арқылы бөлінеді. Қорғайды. «Кім білгір?»
Трапеция дегеніміз не? Трапецияның табаны дегеніміз не? Трапецияның биіктігі дегеніміз не? Трапецияның орта сызығы дегеніміз не? Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?
III. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.
| Презентация
|
|
Сабақтың ортасы
8-18 мин
18-32 мин
32-38 мин
| IV. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Видео Bilimland
Мұғалім оқушыларға келесі формулаларды көрсетеді:
Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу;
Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу;
Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу;
Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу.
Содан соң оқушылармен бірлесіп алғашқы екі формуланы дәлелдейді. 1) ,
мұндағы AD және BC трапецияның табандары, ал BH - биіктігі.
Дәлелдеуі: BD диагоналін жүргізіп, ABD және CDB үшбұрыштардың аудандарын анықтаймыз:
, мұндағы DP – сыртқы биіктігі.
Бұл теңдікті және BH және DP биіктіктері тең екенін ескере отырып:
жақша сыртына шығарайық.
Дәлелденді.
Трапеция ауданының формуласының салдары.
Табандарының жарты қосындысы MN трапецияның орташа сызығына тең болғандықтан,
Төртбұрыш ауданының жалпы формуласын қолдану.
Төртбұрыштың ауданы оның диагональдерінің және олардың арасындағы бұрыштың синусына көбейтіндісінің жартысына тең. Бұны дәлелдеу үшін трапецияны 4 үшбұрышқа бөлу қажет және олардың ауданын екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыштың синусы арқылы табу керек ( бұрыш ретінде алынады, алынған өрнектерді қосып, жақша сыртына шығару керек және осы жақшаны топтастыру әдісімен көбейткіштерге жіктеу қажет, сонда . Осыдан
Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу.
Формуланы келесі әдіс арқылы қорытып шығаруға болады:
Трапецияда екі биіктікті жүргізіп, екі жағынан гипотенузасы белгілі, ал х және y катеттері белгісіз болатын тікбұрышты үшбұрыштарды аламыз. Екі үшбұрыштың бірдей катеті - біз іздейтін биіктік. Пифагор теоремасы арқылы тікбұрышты үшбұрыштардан биіктікті өрнектейміз.
V. Білімді бекіту. Жеке жұмыс.
Практикалық жұмыс (түрлі түсті қағаздардан қиылған трапеция таратылады. Формула арқылы ауданын табады)
Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.
Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалайды.
Жұптық жұмыс
Есеп 1. Егер трапецияның табаны 6 см және 8 см, ал биіктігі 5 см болса, трапецияның ауданын тап.
Есеп 2. Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса, трапецияның ауданын тап.
Есеп 3. Егер трапецияның диагональдері 12 см және 14 см болса және де олар өзара перпендикуляр болса, трапецияның ауданын есепте.
Есеп 4. Егер трапецияның табандары 11 см және 28 см, ал бүйір қабырғалары — 25 см және 26 см болса, трапецияның ауданын тап.
Есеп 5. Табандары 21 см және 17 см, биіктігі 7 см болса, трапецияның ауданын тап.
Есеп 6. Теңбүйірлі трапецияның табандары 14 см және 20 см. Периметрі 60 см. Трапецияның ауданын тап.
Бағалау критерийлері:
Оқушы
трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табады; трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табады; трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бүрышы арқылы табады; трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табады.
|
Презентация
Қосымша 1
Презентация
Қосымша 2
|
|
Сабақтың соңы
38-40мин
| VI. Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
| Презентация
Стикерлер
|
|
Үйге тапсырма
| §22, №7 есеп
|
|
|