Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
8.1В.Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
| Мектеп: №1 орта мектеп
| Күні:
| Мұғалімніңаты-жөні: Кубенгалиева
| Сынып: 8
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
| Сабақтыңтақырыбы
| Химиялық реакция типтері
| Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)
| 8.2.2.1-бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді
| Сабақтыңмақсаты
| Оқушылардың барлығы: қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу реакцияларын бір-бірінен ажырата алады.
Оқушылардың көбісі:химиялық реакция типтерінің анықтамасын айта отырып, теңестіре алады.
Оқушылардың кейбіреуі:химиялық реакция типтеріне мысалдар келтіре алады.
| Бағалаукритерийі
| -бастапқыжәнетүзілгензаттардың саны мен құрамыбойыншахимиялықреакциялардыжіктейді;
- химиялық реакция типтерін бір-бірінен ажырата алады;
- реакция теңдеулерін теңестіре алады;
| Тілдікмақсаттар
| Пәндік лексика жәнетерминалогия:
Химиялық реакция тптерінің түрлерін ағылшын тілінде атайды, терминологияны дұрыс қолданады.
Combination or synthesis reactions- қосылу реакциясы
Decomposition reactions- айырылу реакциясы
Substitution reaction or single replacement reactions-орынбасу реакциясы
Metathesis or double displacement reactions–алмасу реакциясы
| Құндылықтарға баулу
| Мәңгілік ел актісіндекөрсетілгендейқазіргітаңдағыбілім беру саласындағыжаңатехнологиялардықолдануарқылыоқушыбойынаазаматтықжауапкершілік пен ынтымақтастықтықалыптастыру.
| Пәнаралықбайланыс
| Математика пәнібойыншахимиялық реакция теңдеулерінтеңестіреді.
Геометрия пәнібойыншатүрлітүстіфигураларарқылытопқабөлінеді.
| Алдыңғы білім
| Химиялық реакция теңдеулерінқұраалады. Зат масссасының сақталу заңын біледі. Химиялық реакцияларды формулалармен және математикалық таңбалармен шартты түрде жаза біледі. Оқушылар химиялық реакция теңдеулерін теңестіре алады.
| Сабақбарысы
| Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
| Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы 2 мин
5 мин
12мин
| 1. Сәлемдесу.
ә) сабаққа дайындығын тексеру
б) оқушылар назарын сабаққа аудару
2.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында психологиялық тренинг «тілек алаңы», бір- біріне химиялық элементке теңеу арқылы тілек тілейді. (Алтындай ардақты бол, сынаптай жылдам бол т.б.)
3.Топтарға бөлу. (түрлі түсті геометриялық фигуралар арқылы)
І топ - Қосылу реакциясы
ІІ топ – Айырылу реакциясы
ІІІ топ – Орынбасу реакциясы
ІV топ – Алмасу реакциясы
1-тапсырма.Топтық жұмыс. (әр топ кезек бойынша слайдта ашылған ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді.)
«Кім жылдам» әдісі.Өткен тақырыптан сұрақтар беру.
Химиялық реакцияларды формулалармен және математикалық теңдеулермен шартты түрде жазу (химиялық теңдеу) Реагент дегеніміз не? (реакцияға қатысатын бастапқы заттар) Реакция теңдеуін теңестіруде қойылатын математикалық таңбалар. (коэффициент) Реакция нәтижесінде түзілетін заттарды қалай атаймыз?( өнімдер) Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым (М.В.Ломоносов) Химиялық теңдеулерді құрастырғанда қандай заңды басшылыққа алу қажет? (зат массасының сақталу заңы)
Топтар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды
2-тапсырма. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.«Джигсо әдісі»
Жаңа ұғымдармен жұмыс жасалады.
Мәтінмен танысып шығады.
І топ - Қосылу реакциясы
ІІ топ – Айырылу реакциясы
ІІІ топ – Орынбасу реакциясы
ІV топ – Алмасу реакциясы
Оқушылар оқулықтан топ атауына сәйкес мәтін бөліктерін оқып, топтаса отырып пікірлесіп, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде флипчартқа түсіріп, топта талқылайды.
Оқушыларға нақты мәлімет ретінде мәтінге қосымша сурет беремін. Сол арқылы қолдау жүргіземін.
Қ алыптастырушы бағалау:
Критерий
| Дескриптор
| бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді
| Алмасу, орынбасу, қосылу, айырылу реакция типтеріне ауызша сипаттама береді
| Алмасу, орынбасу, қосылу, айырылу реакция типтеріне мысалдар келтіреді
| Бұл тапсырмада оқушылар «Бағалау парағы» арқылы бағаланады.Топбасшысы топтағы оқушыларды тапсырма орындауына байланысты бағалайды.
Көрсетілім. «Химиялық реакция типтері»
| Геометриялық фигуралар: төртбұрыш,дөңгелек,үшбұрыш,ромб
Интербелсенді тақта,презентация
флипчарт,мектеп оқулығы «Мектеп» баспасы М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева,Т.Г.Белоусова
http://smk.edu.kz/Bank/Download/879d53dc-ced5-47e4-afea-671541362e6b
http://smk.edu.kz/Bank/Download/bb84cf64-8d5f-4a7e-adfe-01973c503b28
| Сабақтың ортасы 8 мин
| 3-тапсырма. «Веер» әдісі
Төменде берілген реакциялардың тұсына реакцияның қай типіне жататынын жазыңыз. 1) натрий гидроксиді + фосфор қышқылы → натрий фосфаты + су 2) кальций + тұз қышқылы → кальций хлориді + сутек
3) мырыш нитраты →мырыш оксиді +азот (IV) оксиді +оттек 4) аммиак →азот +сутек
5) магний + темір (ІІ) сульфаты →темір + магний сульфаты 6) мыс (ІІ) оксиді + күкірт қышқылы→мыс сульфаты + су
7) натрий гидроксиді + көмірқышқыл газы → натрий карбонаты + су
8) темір + оттек + су → темір гидроксиді
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| Химиялық реакция теңдеулерін теңестіре отырып, типін анықтайды
| реакция типтерін ажыратады;
| бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді, теңестіреді;
| Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
| Тапсырма жазылған парақтар
| Сабақтың соңы
9 мин
Кері байланыс
4 мин
| 4тапсырма .«Сәйкестендіру тестісі»
Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады. Үлестірмеде берілген реакция теңдеулері мен реакция типтерінің атын сәйкестедіреді.
Қ осылу
А йырылу
Орынбасу
Алмасу
Қажеттілікке орай оқушыларға күрделенілген тапсырмалар қосымша беріледі. Бос орындарды толықтырып, теңдеулерді теңестіреді.
AgNO3+Zn Zn ….
…+ … = NaCl + H2
Fe + Cl2 =…
FeO + HNO3 = … + …
Mg + O2 = …
Қалыптастырушы бағалау
Критерий
| Дескриптор
| реакция теңдеулерін теңестіре алады
| Реакция типтерін сәйкестендіреді
| Бос орындарды толықтырып, теңдеуді теңестіреді
|
«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.
| Үлестірме қағаздары
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Жіктеу
Талаптары әртүрлі оқушыларды топтастыру бойынша оқушылар бір-бірінің ойын тыңдап,қолдау көрсету үшін топ құрып,біріктіріледі.
Тапсырма
№2 тапсырмада «Джигсо» әдісі бойынша топтарға мәтін беріледі. Мәтін мазмұнын аз уақытта түсіне алмайтын кейбір топ оқушыларына сурет беру арқылы қолдаймын.
№4 тапсырмада қабілетті оқушыларға деңгейі жоғары тапсырма ретінде бос орындары қалдырылған реакция теңдеулерін беремін. Топтағы кейбір қабылдауы төмен оқушыларға қолдау мақатында «Сәйкестендіру тестісін» беремін.
| «Кім жылдам» әдісін қолдана отырып, оқушылардың өткен сабақтаран алған білімі анықталады.Тақырып меңгергендігін «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланады. «Джигсо» әдісі арқылы химиялық реакция типтерін айта алады.Бұл тапсырмада оқушылар «Бағалау парағы» бойынша бағаланады. «Веер» әдісі бойынша тапсрымада оқушылар жаңа тақырып бойынша жаттығулар орындайды,топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
|
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
|
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
| |