Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютерлік жүйелер және желілер
| Мектеп: №49 ЖОББМ
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Тилеубаева К.Д.
| Сынып: 6 «А»
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар
| Сабақтың тақырыбы
| Есептеуіш техникасының даму тарихы
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 6.1.1.1 - есептеу техникасының дамуының тарихы мен перспективасы жөнінде әңгімелеу
| Сабақтың мақсаты
| - есептеу техникасының даму тарихын біледі.
- есептеу техникасыныңперспективасы жөнінде әңгімелейді.
- заманауи есептеу құрылғыларын ажыратып, практика жүзінде қолдана алады.
| Бағалау критерийі
| 1. Бұрында қолданылған есептеу құрылғылары туралы біледі.
2. Есептеу техникасының даму тарихын түсіндіреді.
3. Заманауи компьютерлердің негізгі даму кезеңдерін біледі, ажырата алады.
| Тілдік мақсаттар
| Оқытудың тілдік мақсаты: Есептеу техника тарихы мен даму перспективасы жөнінде талқылайды.
Лексика мен терминология: Есептеу техника құралдарының түрлерін біледі, қай даму кезеңіне жататынын ажырата алады. Абак, Непер, Паскалина, арифмометр, аналитикалық машина, Холлерит үстелі, ENIAC, ноутбук.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Непер таяқшалары – бұл ....
| Құндылықтарға баулу
| Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Есептеу құрылғыларының жыл сайын жаңарып, заманауи болуы индустрияландыру мен экономикалық өсудің арқасы.
| Пәнаралық байланыс
| Есептеу техникасы құрылғылары қашан, кім жасағандығы, даму кезеңдері тарих пәнімен тығыз байланысты.
Есептеу техникасы құрылғылары қай елде жасалғандығы жаратылыстану пәнімен байланысты.
| Алдыңғы білім
| Күнделікті өмірде есептеу техника құрылғыларын пайдалана алады. Мысалы: калькулятор, компьютер.
| Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы 5 мин
Білу Түсіну 10 мин
| Оқушылармен амандасу. Оқушылар арасында психологиялық ахуал орнату.
«Өзіме тілек» әдісі. (түрлі түсті стикерлерге оқушы өзіне тілек жазып, ұшақ жасап басқа оқушыға ұшыру арқылы сол оқушыға тілегін тілейді.
Оқушыларға бағалау критерилері таныстырылады.
Өткен сабақты «Кубикті лақтыру» арқылы нөмірленген қырларының түсуіне байланысты сұрақтарға жауап береді.
1-тапсырма
Эргономика дегеніміз не? Эргономика сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? Компьютермен жұмыс істеу кезінде жасауға болатын және болмайтын әрекеттерге мысал келтіріңдер. Компьютермен жұмыс істеу не себепті адам ағзасына зиян келтіреді? Неліктен мониторға дейінгі арақашықтықты сақтау керек? Компьютермен жұмыс жасау барысында қандай жаттығулар жасалады?
Дескриптор:
– Сұрақтарға дәл және нақты түрде жауап беру ҚБ: мұғалімнің мадақтауы Мұғалім бұрынғы және заманауи есептеу құрылғылары бейнеленген суреттерді таңдату арқылы оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызады.
Саралау. Жіктеу. Аралас гендерлік топ. Әр топта ұлдар мен қыздар араласып отырады. 2-тапсырма (топтық жұмыс);
1-топ – Есептеу техникасының даму тарихы.
2-топ– Есептеу техникасының негізгі даму кезеңдері.
«Кластер» әдісі арқылы оқулықтан оқиды, топта талдайды, постерге түсіреді, қорғайды.
Дескриптор:
1. Бұрында қолданылған есептеу құрылғыларына тоқталады.
2. Даму тарихын біледі.
3. Негізгі даму кезеңдерін түсінеді.
4. Заманауи есептеу құрылғыларына тоқталады.
Саралау. Қорытынды. Барлық оқушыларға постер құрған кезде бағытталған нұсқау жұмыстары беріледі.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. (Толықтай түсінсе, сенімді болса – жасыл түс, түсінуге жақын болса, - сары түс, түсінбесе, сенімді болмаса – қызыл түс)
|
Оқулық: Астана, «Арман-ПВ», 2020, 11-14 бет.
| Сабақтың ортасы
Қолдану
7 мин
| 3-тапсырма (Жеке жұмыс)
«Сәйкестендіру » әдісі бойынша оқулықтан кестені толтыруға қажетті ақпарат табады.
№
| Өнертабыс,
құрылғы
| Мезгіл
| Қайда және
кім жасады?
|
1
| Қол саусақтары
|
|
| 2
| Шоттар
| XVI-XVII
ғасырлар
| Ресейде
| 3
| Соробан
|
|
| 4
| Паскалина
|
|
| 5
| Механикалық есеп машинасы-арифмометр
|
|
| 6
| Аналитикалық машина
|
|
| 7
| Марк-1
|
|
| 8
| ENIAC
|
|
| Дескриптор:
1. Мезгілдері бойынша табады
2. Қай елде жасалғанын анықтайды.
3. Кім жасағанын табады.
Саралау. Диалог және қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіп отырамын.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау
| Оқулық: Астана, «Арман-ПВ», 2018, 10-13 бет.
| Сергіту сәті
3 мин
| Көзге арналған жаттығулар жасайды.
| Ғаламтор
| Жинақтау
7 мин
| 4 тапсырма. Жеке жұмыс.
«Көзбен көр, сөзбен өр» әдісі арқылы
білгеніңді жинақтап, кестедегі ақпаратты толтырыңдар.
Компьютер кезеңдері
|
Уақыты
| Компьютерді құру барысында қолданылған технология түрі
| Осы кезеңде ойлап табылған құрылғылар
| Бірінші кезең компьютерлері
|
|
|
| Екінші кезең компьютерлері
|
|
|
| Үшінші кезең компьютерлері
|
|
|
| Төртінші кезең компьютерлері
|
|
|
| Бесінші кезең компьютерлері
|
|
|
|
Дескриптор:
1. Компьютер кезеңдерінің уақытын табады.
2. Компьютерді құру барысында қолданылған технология түрін анықтайды.
3. Осы кезеңде ойлап табылған құрылғыларды ажыратады. ҚБ: тапсырмалар орындалып болғаннан соң, смайликтер арқылы бағаланады.
|
| Сабақтың соңы
5 мин
3 мин
| Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Үйге тапсырма: Егер сенің қолыңда болса, 5- буын болашақтың компьютерін сен қандай етіп жасар едің? Шағын эссе жазу.
|
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Жіктеу, диалогжәнеқолдаукөрсету, қорытынды.
| Мұғалімнің мадақтауы, «Бағдаршам» әдісі, «Басбармақ» әдісі,
«Смайликтер» әдісі
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
Тапсырмалар арасында сергіту сәтін ұйымдастыру. Техника қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында естеріне салып отыру.
| Сабақбойыншарефлексия
| Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Осы сұрақтар аясында рефлексия жүргізілді.
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
Қосымша тапсырма. Топтық жұмыс.
https://www.balalaralemi.kz:/article/2629/komp_yuter turali malimet
https://kk.wikipedia.org/wiki/ «Көзбен көр, сөзбен өр» әдісі арқылы көрсетілген вебсайттардан қосымша мәліметті қарап шығып, топтарда талқылап үш сұрақ дайындайды. Әр топ өздері дайындаған сұрақтарды қойып, бір бірінен жауап алады.
Дескриптор:
– Сұрақтарға дәл және нақты түрде жауап беру ҚБ: Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. |