Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні

  • Сынып: 6 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Сабақ мақсаттары 3

  • Сабақ барысы Сабақтың кезеңдері/ уақыты

  • Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.а) оқушыларды түгендеуб) үй тапсырмасын тексеріп белгілеуҮй жұмысы. №230 есеп.

  • Шешуі

  • Үй жұмысы

  • Матиматика КМЖ. 7.10.2022ж. математика. Мектеп А.нанбаев атындаы мектеп гимназисы


    Скачать 1.45 Mb.
    НазваниеМектеп А.нанбаев атындаы мектеп гимназисы
    АнкорМатиматика КМЖ
    Дата01.11.2022
    Размер1.45 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7.10.2022ж. математика.docx
    ТипДокументы
    #765693

    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: I- тарау. 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

    Мектеп: А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназисы

    Күні: 07.10.2022ж

    Мұғалімнің аты-жөні: Копанова Нұрсұлу Лесбековна

    Қаби Әсел Әбілхамитқызы

    Сынып: 6 «А»

    Қатысқандар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақ тақырыбы

    Координаталық түзу. Қарама – қарсы сандар

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    6.1.1.7 қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

    Сабақ мақсаттары3

    Қарама – қарсы сандар ұғымын білу, координаталық түзуде белгілеу алу және есептер шығару.

    Сабақ барысы

    Сабақтың кезеңдері/ уақыты

    Педагогтың әрекеті



    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    5 мин

    Ұйымдастыру кезеңі:

    Оқушылармен сәлемдесу.

    а) оқушыларды түгендеу

    б) үй тапсырмасын тексеріп белгілеу

    Үй жұмысы. №230 есеп. Практикалық жұмыс. 1) Дәптерге термометрдің шкаласын кескіндеп, онда тәуліктің көрсетілген мезгіліндегі ауаның температурасын белгілеңдер; 2) Тәуліктің көрсетілген мезгіліндегі ауаның температурасын «+» немесе «–» таңбасын пайдаланып жазыңдар; а) ауаның температурасы күндіз 4ºС жылы, ал түнде 5ºС суық болды; ә) ауаның температурасы түнде 3ºС нөлден төмен, ал таңертең 2ºС нөлден жоғары.

    Шешуі: а) +4ºС және –5ºС; ә) –3ºС және +2ºС

    237 есеп. Трамвайдың аялдамаға қатысты орнын тиісінше оң санмен немесе теріс санмен, немесе нөл санмен жазыңдар: А)трамвайдың аялдамаға келуіне 57 м қалды; Ә)трамвай аялдамадан өткен соң 27 м жүрді; Б)трамвай аялдамада тұр.

    Шешуі: А) – 57 м; Ә) +27 м; Б)0

    Оқушылар амандасады.

    Үй жұмысын тексеру



    ҚБ: смайлик арқылы бағалау



    Смайлик



    Сабақтың ортасы

    30 мин

    Жаңа сабақты меңгерту. Координаталық түзу. Координаталық түзу дегеніміз санақ басы О болатын О нүктесі, оң бағыты көрсетілген және бірлік кесіндісі таңдап алынған түзу.



    Мұндай түзуді координаталық түзу (2.4-сурет) деп атайды. Координаталық түзуде: О нүктесі – санақ басы, ОА бірлік кесіндісі және оң бағытты көрсетілген.

    Координаталық түзудегі (горизонталь орналасқан) О нүктесінен оңға қарай бағытты (нұсқамен көрсетілген) оң бағыт деп атау қабылданған. Оң бағытқа қарама – қарсы бағытты теріс бағыт деп атайды.

    Координаталық түзудегі берілген нүкте сәйкес сан осы нүктенің координатасы деп аталады. Координаталық түзу басында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді.

    Қарама – қарсы сандар. Бір бірінен таңбаларымен ғана ажыратылатын сандар қарама – қарсы сандар деп аталады. Мысалы, –2 және 2; – 0,6 және 0,6 бір біріне қарама – қарсы сандар.

    0 (нөл) саны өзіне өзі қарама – қарсы сандар.

    Есептер шығару. №241 есеп

    1)Қай суреттерде (2.8, а, ә, б-сурет) координаталық түзу кескінделген. Шарттарын атаңдар. 2)Берілген сандарға қарама – қарсы сандарды жазыңдар:





    Шешуі: 1) 2,8 б – суретте координаталық түзу кескінделген. 2) 9 және – 9; 7 және – 7; 0; 3,8 және – 3,8; 4,6 және – 4,6; ;

    242 есеп. Координаталық түзудегі А, В, С, D және E нүктелерін координаталарымен жазыңдар.



    Шешуі: A(-4); B(-2,5); C(-1); D(2); E(3)

    244 есеп. Берілген сандардан қарама – қарсы сандар жұбын теріп жазыңдар.

    Шешуі: 1 және –1; - 27 және 27; -8,3 және 8,3. 0 саны өзіне өзі қарама өарсы сан.

    245 есеп Кестедегі бос орындрды толтырыңдар:

    a

    12

    -0,9



    4

    -31

    9

    15

    -6



    -a

    -12

    0,9



    -4

    31

    -9

    -15

    6





    Жаңа сабақты меңгеру.

    Есепті түсініп отырып шығару.


    ҚБ: бас бармақ әдісі арқылы бағалау

    ҚБ: бас бармақ әдісімен бағалау

    Оқулық бойынша жұмыс жасау

    Оқулық жұмыс жасау


    Сабақтың соңы


    10 мин

    Үй жұмысы №246, № 249 есеп

    Рефлексия



    Үй тапсырмасын жазып алу.

    Кері байланыс.

    Бас бармақ әдісі арқылы сабақты бағалайды.

    Бас бармақ арқылы бағалау

    рефлексия


    написать администратору сайта