Главная страница

Абайдың қарасөздері. 5-сынып қазақ тілі салт дәстүр. Мектеп Бексейіт орта мектебі


Скачать 29.77 Kb.
НазваниеМектеп Бексейіт орта мектебі
АнкорАбайдың қарасөздер
Дата01.11.2020
Размер29.77 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5-сынып қазақ тілі салт дәстүр.docx
ТипДокументы
#147319


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп: Бексейіт орта мектебі

Күні: 6.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Кажигалиев А.М.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар: 4

Қатыспағандар:




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.4.1 – ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

5.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Ауызекі стильдегі мәтіннің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыра алады, оқыған мәтіні бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отыра жинақы мәтін жаза алады

Бағалау критерийлері

1. Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, стилін анықтайды

2. Айырмашылығын табады

3. Тілдік құралдарға салыстыру жасайды

4. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды

5. Ақпараттарды қолданып, мәтінді өз сөзімен баяндайды

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Екі мәтінді салыстыра алады, жинақы мәтін жаза алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сауын алу, сүт, т.б.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?




Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жақсы білесің бе?

2. Қандай салт-дәстүрлерді үйде жасайсыңдар?

Алдыңғы оқу:

Беташар, тұсаукесер туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

Қанеки, белгі берейік, кім дайын, үш рет қол соғайық.

Жарайсыңдар!

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ?!- деп шығыс ақыны Назым Хикмет жырлағандай, бүгінгі сабақта лапылдап білімнің алауын жаға берейік, балалар!

Сабаққа психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері»

Мақсаты: оқушылардың ынталарын арттыру

Енді ортаға шаттық шеңберіне шығайық, шаттық шеңберінде бір-бірімізбен сәлемдесеміз.

  • Сәлем, достым!

  • Қалың қалай?

  • Қайда болдың?

  • Сағындым!

  • Сен келдің.

  • Жарайсың!

-Балалар, сендер қазақ халқының салт-дәстүрлерін жақсы білесіңдер ме?
Салт-дәстүрлер сөзіне кластер толтыра қояйық.

Жарайсыңдар, өте дұрыс, бірақ сендер біле бермейтін тағы басқа дәстүрлер бар, онымен біз бүгінгі сабақта танысатын боламыз.

Ең алдымен, оқу мақсатымен танысайық, сонда біздің мақсатымыз қандай, неге қол жеткізуіміз керек.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін біз «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген керемет тақырыпты бастаймыз.





Ортасы

1-тапсырма

Тапсырма

Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз (70-80 сөз).

1-мәтін

  • Сәлеметсіз бе?

  • Аманбысың, келе ғой.

  • Сіз Оразәлі ата емессіз бе?

  • Иә. Сен әкеңнің кенжесісің ғой.

  • Жоқ, Нұрай - кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін.

  • Атаң бар ма?

  • Атам бар, ол кісі жетпіс жаста.

  • Кімнің баласысың?

  • Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін.

  • Ақылыңнан айналайын!

  • Атам да солай айтады.

  • Бауырларың бар ма?

  • Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп «сен атаңның баласы емессің» дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым.

  • Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.

2-мәтін

Астана қаласындағы АХАЖ отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады.

Жастардың жауабы:

Динара: «Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек анна ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды». Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».


Мәтіндерді салыстыру

1 -мәтін

2- мәтін

Тақырыбы







Мазмұны







Тілдік құрал( ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)






Дескриптор Білім алушы


  • Әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

  • Әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;

  • Мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.

Қ.Б. ал енді болсақ, жұмысымызды көршімізге береміз, тексереді, «Менің ойым» әдісі арқылы ауызша баға береді.

2-тапсырма.

Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз

(60-70 сөз).

Мәтін

Жинақы мәтін

Сауын алу. «Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған соң» (ел аузынан). Бұрын кедейлер мен малы аз адамдар ауқатты байлар мен жақын ағайындарынан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп құлынды бие немесе бұзаулы сиыр, кейде бірнеше қой, ешкіні де белгілі бір уақытқа сұрап алатын. Сауынға алған малдың сүтін, май, қаймағын пайдаланып, қысқа құрт, ірімшігін дайындайды. Сауын тәртібі бойынша алған адам малдың күйін төмендетпей және оның төлін де мезгілінде аман әкеліп тапсыруға кепілдік береді. Шығын болса, сөз айтпай төлейді. Сауын алудың ереже, тәртібі осындай, оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе кедейлер байлардан сауын алып күн көрген. Әдет бойынша малы бар адамдар сауын беруге міндетті болған. Бұған ел ағалары мен ақсақалдары да араласып, ауқатты кісілерді осындай жәрдемге шақырып, ықпал етіп отырған. Бұл дп қазаққа біткен қайырымдылық қасиеттің бір көрінісі екені анық.




Автор орындығына шығып оқиды. Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Жұмыстарын жинап, жазбаша кері байланыс та береді.





Соңы

Кері байланыс: «Бүгін мен не білдім?» кестесін толтыру.

1

Аты-жөні




2

Сабақтың тақырыбы




3

Сабақтың мақсаты




4

Бүгін маған не оңай болды?




5

Бүгін маған не қиын болды?




6

Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттім/жетпедім, себебі...










Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Пән: қазақ тілі 5-сынып


Бөлім:
Тақырып:

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер
Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Оқу мақсаты

5.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийлері

1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды

2. Ақпараттарды қолданып, мәтінді өз сөзімен баяндайды

Тапсырма

Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз

(60-70 сөз).

Мәтін

Жинақы мәтін

Сауын алу. «Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған соң» (ел аузынан). Бұрын кедейлер мен малы аз адамдар ауқатты байлар мен жақын ағайындарынан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп құлынды бие немесе бұзаулы сиыр, кейде бірнеше қой, ешкіні де белгілі бір уақытқа сұрап алатын. Сауынға алған малдың сүтін, май, қаймағын пайдаланып, қысқа құрт, ірімшігін дайындайды. Сауын тәртібі бойынша алған адам малдың күйін төмендетпей және оның төлін де мезгілінде аман әкеліп тапсыруға кепілдік береді. Шығын болса, сөз айтпай төлейді. Сауын алудың ереже, тәртібі осындай, оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе кедейлер байлардан сауын алып күн көрген. Әдет бойынша малы бар адамдар сауын беруге міндетті болған. Бұған ел ағалары мен ақсақалдары да араласып, ауқатты кісілерді осындай жәрдемге шақырып, ықпал етіп отырған. Бұл дп қазаққа біткен қайырымдылық қасиеттің бір көрінісі екені анық.







Бағалау критерийi

Дескриптор

1. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады;

2. Ақпараттарды қолданып, мәтінді өз сөзімен баяндайды

Іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.


написать администратору сайта