Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.1. Мектеп оқушылары құқылы

  • 1.2. Мектеп оқушылары міндетті

  • 1.2. Мектеп оқушыларына тыйым салынады

  • Мектеп оқушыларына жалпы талаптар Әрбір оқушы мектепте тәртіп ережесін сақтауға міндетті 2.1. Жалпы талаптар

  • 2.2. Сабақ барысында мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптар

  • 2.3. Сабақ басталарда, үзілісте және сабақ аяқталғаннан кейінгі уақытта оқушылардың тәртібіне қойылатын талаптар.

  • 2.4. Оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар.

  • «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар»

  • 8-11 класс

  • 2.5. Ұялы байланысты қолдануға қолданылатын талаптар.

  • 2.6. Мектептегі оқушылардың жүрісіне қойылатын талаптар

  • Мектеп ережесі. МЕКТЕП ЕРЕЖЕСІ. Мектеп ережесі бекітемін Мектепгимназия директоры


    Скачать 30.73 Kb.
    НазваниеМектеп ережесі бекітемін Мектепгимназия директоры
    АнкорМектеп ережес
    Дата23.11.2021
    Размер30.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМЕКТЕП ЕРЕЖЕСІ.docx
    ТипДокументы
    #279387

    МЕКТЕП ЕРЕЖЕСІ

    Бекітемін

    Мектеп-гимназия директоры

    Уразалина А.Д

     

    «№41жалпы білім беретін орта мектеп» КММ  оқушыларына арналған

    «Мектеп Ережесі»

    1. Оқушылардың құқығы мен міндеттері

    1.1. Мектеп оқушылары құқылы:

    • Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес тегін білім алу

    • білім беру мекемесін, білім алу түрлерін таңдау, басқа класқа немесе басқа білім беру мекемесіне ауысу

    • Мектеп жұмыс тәртібі көрсетілген құжаттармен және мектеп жарғысымен танысу

    • білім алу процесінде тегін мектеп материалдық техникалық базасымен, кітапханалық қормен тегін пайдалану.

    • Қосымша (сонымен қатар ақылы оқу)

    • Мектеп, класс басқаруына қатысу

    • Адам құндылықтарды құрметтеу, өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіре алу

    • Оқу жоспарына белгіленбеген шараларға қатысу

    • Білім беру бағдарламасымен қарастырылмаған еңбекке қатысу

    • Түрлі қоғамдық ұйымдарға мүшелікке кіру;

    • Білім алуға және денсаулығын нығайту;

    1.2. Мектеп оқушылары міндетті:

    • Мектеп жарғысын, оқушылар ережесін, директор бұйрықтарын өзін басқару органдарының шешімдерін орындау.

    • Мектеп жұмысшыларының басқа оқушылардың ар-намысы, құқығын құрметтеу, кішілерге қамқор болу

    • Класс, мектеп бойынша кезекшілікке, өзіне қызмет ету еңбегіне қатысу;

    • Мектепте және мектептен тыс қоғамдық тәртіпті сақтау, талаптарды орындау;

    • Уақытында сабаққа келу, жұмыс орнында тәртіп сақтау, оқуға саналы түрде қарау.

    • Мектеп мүлкін сақтау. Басқа адамдардың еңбегін құрметтеу

    • Электр энергиясын, суды және т.б. үнемді пайдалану

    1.2. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:

    • Қару, алкогольдік ішімдік, темекі, наркотикалық заттарды қолдану, әкелу немесе тарату;

    • Өрт және жарылыстарға соқтыратын заттарды қолдану;

    • Күш көрсетуге, қорқытуға, ақша сұрауға;

    • Айналасындағыларға қауіп төндіретіндей әрекеттер жасау;

    1. Мектеп оқушыларына жалпы талаптар

     Әрбір оқушы мектепте тәртіп ережесін сақтауға міндетті

    2.1. Жалпы талаптар

    1. Оқу уақыты сабақ кестесімен белгіленеді.

    2. Оқушылар мектепке сабақ басталмас бұрын (15-20 мин) келеді; Сыртқы киімдерін гардеробқа шешеді, сабақ кестесінде көрсетілген дәрісханаға барады. Мұғалім рұқсатымен жұмыс орнына отырып сабаққа керек барлық оқу құралдарын дайындайды

    3. Әр дүйсенбі сайын ҚР-ның әнұраны орындайды.

    4. Күн сайын сабақ алдында физминутка жасалады

    5. Себепсіз сабаққа кешігуге тыйым салынады

    6. 15 минутка кешіккен оқушы 1-ші қабатта келесі сабақтың басталуын күтеді

    7. Оқушы киімі мектеп формасына сәйкес келу керек

    8. Ұялы телефон, ақша және т.б. құнды заттарды қараусыз қалдырма, мектеп жауапкершілігіне алмайды

    9. Оқушыларға оқу барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз мектептен кетуге болмайды. Мынадай жағдайларда кетуге болады: ауырып тұрсаң (мектеп медбикесі, класс жетекші және пән мұғалімі шешімі бойынша), ата-ананың өтініші бойынша (жазбаша түрде), класс жетекші мен мектеп әкімшілігінің рұқсатымен

    10. Мектепке келмеген жағдайда оқушы класс жетекшісіне дәрігерден анықтама қағазын немесе ата-анадан оқушының келмеу себебі туралы анықтамасын әкелу. Себепсіз сабақты жіберу мектеп жарғысын бұзу болып есептеледі.

    11. Оқушылар: бір-бірінен жақсы қарым-қатынаста болу, өзара және үлкендермен сыпайы сөйлесу, дөрекі сөздер айтпауы керек

    12. Оқушылар мектеп мүлкін сақтауды. Егер мектеп мүлкін әдейі бүлдірсе, ата-аналары қалпына келтіруге міндетті

    13. Оқушылар мектеп оқулықтарын ұқыпты ұстайды. Мектеп оқулығын жыл басында алғандығы, жыл соңында тапсырғандығы туралы қол қояды

    14. Оқушылар мектеп, класс, жұмыс орындарын таза ұстайды

    15. Оқушылар мектеп мұғалімдерінің бәріне амандасады, кішілерге қамқор болады, оқушылар үлкендерге, жоғары класс оқушылары кішілерге, ер балалар қыздарға жол береді.Жанжалды біреудің көзқарасын ескере отырып шешеді.

    16. мектептен тыс уақытта оқушылар өздерінің ар-намысын түсірмеу үшін қоғамдық жер және қалалық қоғамдық көліктердің ережелеріне сәйкес жүреді.

    2.2. Сабақ барысында мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптар

    1. Класс жетекші және пән мұғалімдер сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың тәртіптерінің ережесімен алғышқы күні таныстырады.

    2. Күнделік, дәптер, оқулық және мектепке қажетті құралдардың болуы міндетті.

    3. Мұғалім класқа кіргенде оқушылар тұрып амандасып, мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Оқушылар класқа кіргенде кез-келген адаммен сабақ өткізуші мұғалімнің рұқсатымен амандасады.

    4. Оқушылар білім алуда жігерлік, белсенділік, өз еріктерімен оқуға міндетті.

    5. Сабақ барысында ұялы телефон сөнулі болу керек, шулауға, қажетсіз әңгімемен өзіңді, өзгені алаңдатуға, ойнауға және басқа жәйттармен сабаққа қатыспауға болмайды. Сабақ уақытында оқушылармен мектеп бағдарламасына сай оқу мақсатына жету үшін жұмыс жүргізілу қажет. Оқушылар сабақта плеер қолдануға, сағыз шайнауға, тамақ жеуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнынан тұруға, басқа оқушының қасына баруға және оларға қандайда бір әрекет жасауға болмайды.

    6. Егер оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы келсе немесе мұғалімнің сұрағына жауап берерде ол қолын көтеріп мұғалімнің рұқсатын күтеді.

    7. Сабақ өтілу барысында оқушылар белгілі себеппен мұғалімнің рұқсатын алып, 3-5 минутқа тысқа шығуға болады.

    8. Сабаққа қатыспаған уақытта (себепті немесе себепсіз) өткен сабақтың материалдарын оқуға міндетті. Сабаққа қатыспаған оқушылар білім деңгейінің бақылауынан босатылмайды.

    9. Әр мұғалім өз сабақтарында оқушылардың тәртібін, мінезін анықтауы қажет.

    10. Оқушылар сабақта мектеп инвентарын қолданып, оны сабақтан кейін мұғалімге қайтаруға міндетті және оларға ұқыптылықпен қарау керек.

    2.3. Сабақ басталарда, үзілісте және сабақ аяқталғаннан кейінгі уақытта оқушылардың тәртібіне қойылатын талаптар.

    1. Үзіліс кезіндегі оқушылардың міндеті:
      — өзінің орнын таза ұстау;
      — егер мұғалім талап қойса, кластан шығу;
      — мұғалімнің талаптарын орындау;

    2. Үзіліс кезінде оқушылар қауіпсіздік жерлерден басқа (шатыр, ас үй, зертхана) мектеп ішін еркін аралауға рұқсат.

    3. Үзілісте оқушыларға бірін-бірі итеруге, зат лақтырып, күш қолдануға болмайды.

    4. Үзілісте оқушыларға класс жетекшінің немесе кезекші әкімшіліктің рұқсатынсыз мектептен шығуға болмайды.

    5. Рұқсатсыз терезе ашуға, терезенің жақтауына отыруға қатаң тыйым салынады.

    6. Оқушыларға үзілісте баспалдақта жүгіруге, әйнекке жақындауға, ойнауға болмайды.

    7. Кезекші класс кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіптің сақталуына көмектеседі.

    8. Сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.

    2.4. Оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар.

    1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығы негізінде барлық мектептерде бірыңғай мектеп формасы енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйрықтың 13, 20 тармақшаларына сәйкес мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынады.
      1 -2 кластарға бірыңғай мектеп формасы енгізіледі.
      Ер балалар (1-2 класс) – ақ көйлек, қара түсті  классикалық  үлгідегі шалбар, жасыл түсті пиджак, қысқы уақытқа және жасыл жилет, ақ жейде, галстук классикалық қара түсті туфли, классикалық шаш үлгісі.Ер балаларға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс;
      Қыз балалар (1-2 класс) – жасыл-қызыл түсті аралас тор көзді матадан жилет және белдемше, галстук, классикалық ақ жейде немесе блузка, классткалық модельді алмастыратын биік өкшелі емес аяқ киім, екі ақ бантик, ақ колготки, қыс уақытында ақ жемпір.

    2. Мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарамай, барлық оқушыларға бірдей киім кию үлгісінің талаптары бекітілген.
      Бастауыш кластың ұлдары үшін (3-4 класс) – ақ көйлек, көк шалбар, күрең түсті  жакет. Қыздар –  күрең түсті белдемше (юбка) көк жиектеме мен, күрең түсті жакет, ақ блузка, ақ бант.
      Боз балалар мен жігіттер үшін– 8-11 класс классикалық бір түсті көк костюм, ақ көйлек, күрең түсті галстук көк жиектеме мен, 5-7 класс көк шалбар, күрең түсті жакет көк жиектеме мен, күрең түсті галстук көк жиектеме мен,  классикалық қара түсті алмастыратын туфли, классикалық шаш үлгісі.
      Бойжеткендер мен қыздар үшін – 3-11  класс күрең  түсті  белдемше (юбка) көк жиектеме мен, күрең  түсті жакет көк жиектеме мен, күрең  галстук көк жиектеме мен, классикалық ақ жейде немесе блузка, классикалық модельді алмастыратын аяқ киім, классикалық шаш үлгісі .
      Қыз балалар шаштарын босатпай, арнайы байлағышпен жинап жүруі керек. 1-11 класс оқитын қыз балалар шаштарына міндетті түрде бантик тағуы тиіс.

    3. Мектепішілік іс-шараларда оқушылар шараға сай киім үлгісімен келеді, ал мерекелік іс-шараларға өз таңдауындағы киім үлгілерімен қатысады.

    4. Дене шынықтыру сабағының киім үлгісі 1-4 класс оқушыларында: қыз балаларға — ақ футболка, қара түсті лосины, ер балаларға – ақ футболка, қара трико немесе шорты. 5-11 класс оқушыларына ер балалар – фотбол командасының киім үлгісі (класс жиналысының шешімі бойынша) , қыз балалар – ақ футболка және сұр трико немесе лосины және ақ табанды  ақ кеды.

    5. Технология сабағында ер балаларда алжапқыш, ал қыз балаларда алжапқыш пен бас киім болуы тиіс.

    6. Оқушылардың мектеп ішінде сырт киіммен және лас аяқ киіммен жүрулеріне тыйым салып, күн сайын тазалықты қадағалау керек, екінші аяқ киімді қалдыруға тыйым салынады.

    7. Терезе жақтауына киім, сөмке, пакет және тағы да басқа заттарды қоюға тыйым салынады.

    8. Рұқсат етілмейді: дене мүшелерін жалаңаштауға (ішін, белін, төсін) хиджаб киюге, орамал тартуға ашық және көзге түсетін косметика қолдануға, пирсинг, әшекейлер қолдануға; Бандана, пирсинг, сырға (ұлдар үшін), фенечки т.б. қолдануға тыйым салынады.

    9. Күнделікті мектеп ішінде сыртқы киіммен, лас аяқ киіммен жүруге тыйым салынады.

    10. Терезенің алдына сөмке және де басқада заттарды қоюға тыйым салынады.

    11. Киім тапсыратын орынға киімнің қалтасына қымбат, бағалы заттар қалдыруға тыйым салынады.

    12. Ер балалар үшін әшекейлік бұйымдар тағу тыйым салынады

    13. Класс жетекшілердің бірлестік отырысында және әкімшіліктің қабылданған қаулысы бойынша бастауыш, орта және жоғары буындарда бірынғай мектепшілік мектеп формасы қабылдануы мүмкін

    14. Тәртіп ережесін бұзған оқушылар сабаққа уақытша жіберіледі, тәртіп бұзушылық туралы мектеп әкімшілігіне және ата-аналар назарына қойылады. Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда оқушы сабаққа жіберілмейді, ата-аналары мектепке шақырылады

    15. Мектепішілік есепке қоюға төмендегідей оқушылар жатады:
      -мектеп ережесін бірнеше рет бұзған оқушылар;
      -оқушыларға арналған ережені бұзатын ( сабақты себепсіз қалдыратын,алкогольді сусындарды және де басқа  денсаулыққа зиянды заттарды пайдаланатын,сабаққа кедергі келтіретін, бұзақылыққа бейім оқушылар ) алынады.
      -сабақтан тыс уақытта құқық бұзықшылықпен айналысқан және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер ісімен айналысатын ұйымның есебінде тұрғандар.

    2.5. Ұялы байланысты қолдануға қолданылатын талаптар.

    1. Мектепте оқушылардың ұялы байланысты қолдануда техникалық қауіпсіздікті, жайлы шарттарды ескеріп талаптар қабылданды.

    2. Оқушыларға ұялы телефонды тек байланыс үшін қолдануға рұқсат етіледі. Сурет қарауға, видео, музыка тыңдауға SMS және MMS қызметтерін қолдануға, фото, видео түсіруге тыйым салынады.

    3. Оқушыларға  мектеп ауласында  ұялы телефон (смартфон) қолдануға тыйым салынады.Сабақ кезінде телефон сөнулі болуы керек.

    4. Оқушылар қойылған талаптарды бұзған жағдайда телефон ата-анаға беріледі.

    5. Мектеп аумағында жоғалған ұялы телефондарға мектеп жауапты емес.

    2.6. Мектептегі оқушылардың жүрісіне қойылатын талаптар

    1. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында оқушылардың мектепте жүру ережесі қабылданды.

    2. Оқушылар баспалдақтың оң жағымен көтерілуге міндетті, өйткені төмен түсіп келе жатқан қарсы адамға кедергі жасамауы керек.

    3. Оқушылар баспалдақтың сүйеніш жағымен түсуге міндетті, өйткені көтеріліп келе жатқан қарсы адамға кедергі жасамауы керек.

    4. Оқушылар мектепке кірерде немесе мектеп ішінде кездескен мұғалімдер, директор, директордың орынбасарлары, мектеп қызметкерлері, қонақтар, ата-аналар мен амандасуға міндетті.

    5. Мектеп ішінде, дәлізде, мекеме ішінде жүгіруге тыйым салынады.


    написать администратору сайта