Главная страница
Навигация по странице:

  • Парламент

  • Парламенттің

  • Парламенттің жоғарғы органы

  • Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары

  • Ұйымның ұраны: «Жас қанаттың» қатайтамыз қанатын, Шәкірттер бар оттай лаулап жанатын. Биік ұстап достық, білім, ілімді Қуанышын бірлігінен табатын.

  • Мектеп парламенті ереже. Мектеп парламенті білім алушыларды зінзі


    Скачать 175.28 Kb.
    НазваниеМектеп парламенті білім алушыларды зінзі
    Дата09.02.2023
    Размер175.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМектеп парламенті ереже.docx
    ТипДокументы
    #927517

    «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту

    ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

    Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.

    Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру заманауи мемлекеттің стратегиясы.

    Соңғы онжылдықта республиканың қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер балалар мен жастар ортасындағы адамгершілік-рухани бағдарлар мен мұраттардың өзгеруіне алып келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өскелең ұрпақ (балалар, жасөспірімдер, жастар) тәрбиелеудің қолданыстағы моделі трансформацияны және жаңа идеологиялық негізді талап етеді.

    Бүгінгі таңда білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында білім беру ұйымын демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылар, студенттер мен ата-аналар білім беру үдерісінің толық субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады.

    Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрды.

    Бүгінгі таңда республикада балалар мен жастардың өз құқықтарын іс жүзінде қолдануға және қорғауға оқытатын оңтайлы тетік жоқ, бұл оқушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметке уәждемелік дайындығын төмендетуге әкеп соғады. Білім беру ұйымының қабырғасынан шыққан білім алушылар нақты өмірде көбіне мүлдем дәрменсіз болып қалады.

    Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі мектеп кеңестерінің, старостаттардың, жоғары сынып оқушылары кеңестерінің, мектеп әкімдіктерінің және т.б. орнына «Мектеп парламенті» (бұдан әрі – Парламент) түріндегі бірыңғай құрылымдық моделі бола алады.

    Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы

    «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар

    саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және т.б. жөніндегі жол картасы негізінде әзірленді.

    Парламент оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.

    Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.

    Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.

    Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа

    қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

    Парламенттің міндеттері:

    • білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;

    • ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;

    • әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;

    • өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.

    Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.

    Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:

    1. Құқық және тәртіп фракциясы. 5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).

    2. Ақпарат фракциясы. 6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).

    3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы. 7. Дебат қозғалысының фракциясы.

    Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология). 8. Экология және еңбек фракциясы
    Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.

    Білім беру ұйымының әр сыныбында, әр тобында барлық 8 фракцияға депутаттар сайланады. Парламент Президенті қажет болған жағдайда білім беру ұйымының түрлі алқалы органдарының отырыстарына қатысады. Парламентті басқарудың негізгі нысаны–жобалықменеджмент тетіктерді тиімді басқарудың әмбебап технологиясы. Мектеп оқушылары Парламент депутаттары бола алады.

    Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары: экологиялық, еріктілік, өлкетану, туристік, зияткерлік, экономикалық, спорттық, дебаттық, этномәдени, көркем-эстетикалық, музыкалық және басқа да шығармашылық жобалар. Парламенттердің жобалау қызметін жүзеге асыру үшін мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары базасында жобалау кеңселері (бұдан әрі – жобалау кеңселері) құрылады.

    Жобалық кеңселер:

    - жыл бойы парламент фракцияларының жобалық қызметін;

    - мектеп Президентін сайлау және өзін-өзі басқару күндерін;

    - алқалы органдардың жұмысына қатысуды үйлестіреді

    Әр жобаға түрлі іс-шаралар, жарыстар, акциялар, флешмобтар, экскурсиялар, жорықтар, турнирлер және т. б. кіреді.

    Парламент Президентінің сайлауы жылына 1 рет қыркүйек айында өткізіледі.

    Парламент мүшелерін, мектеп және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларын ынталандыру үшін көтермелеудің мынадай түрлері мүмкін: мадақтамалар, дипломдар, «Мектеп Парламентінің көшбасшысы», Қазақстан бойынша сапарлар, «Балдәурен» РОСО сауықтыру және басқа да лагерьлерде балаларды сауықтыру.

    Күтілетін нәтижелер: - адал, мейірімді және белсенді тұлғалардың тәрбиелі жас ұрпағы; - қоғамдық (балалар мен жастар) сананы трансформациялау мен жаңғыртуда оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен рөлін арттыру; - білім алушылардықызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту; - барлық деңгейлердегі бюджеттерден тұрақты және жүйелі қаржыландыру.


    Ұйымның ұраны:
    «Жас қанаттың» қатайтамыз қанатын, Шәкірттер бар оттай лаулап жанатын. Биік ұстап достық, білім, ілімді Қуанышын бірлігінен табатын.
    Ж жас жеткіншек

    А адалдығымен

    С сан қырлы

    Қ қасиетімен

    А адамгершілігімен

    Н намысымен

    А абыройымен

    Т тәлім алады



    написать администратору сайта