Мектеп
| «Семей қаласының №37 гимназиясы»
| Күні
|
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Азизова Венера Ермаковна
| Сынып
| Барлығы -
Қатысқандар –
Қатыспағандар -
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
| Жасушалық биология
| Сабақтың тақырыбы:
| Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларының әртүрлілігі. Зертханалық жұмыс №1,2.
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
| Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
| Сабақ мақсаты
| Барлық оқушылар: Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді.
| Оқушылардың басым бөлігі: Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын сипаттайды
| Кейбір оқушылар: Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларының құрылысына қарай қызметтерін салыстыра отырып түсіндіреді.
| Бағалау критерийі
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын жіктейді, құрылысын зерделейді.
Ұлпалардың қызметін сипаттай отырып, ерекшеліктерін тауып, қызметін анықтап, жүйелейді.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар ... істей алады
Мәтінмен жұмыс істеу арқылы жануарлар мен өсімдіктер ұлпаларының құрылыс мен қызметтерін сипаттайды, жіктейді.
| Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері
Ұлпа, эпителий, дәнекер, жүйке, бұлшықет ұлпалары
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
| Талқылауға арналған тармақтар:
Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларында ұқсас қызмет атқаратын ұлпалар бар ма? Талқылаңдар.
| Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Неліктен ұлпалар топтарға бөлінеді?
| Жазылым бойынша ұсыныстар: Ұлпалар жануарлар мен өсімдіктердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады ... .
| Құндылықтарға баулу
| Зайырлы қоғам және жоғары руханият
| Пәнаралық байланыс
| Жаратылыстану, гистология
| Алдыңғы білім
| Биология 6 сынып, «Ұлпалар». 7сынып, «Жасуша- ағза құрылысының негізгі бөлшегі»
| Сабақтың барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
7-10 минут
| Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
«Шаттық шеңбері» (ортаға шығып, шеңбер құрады)
Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Тәж»
Ұйымдастыру формасы: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Жасуша деп айтқанда оқушылар араласып жүреді, «Жасушаның бөліктері» дегенде оқушылар 5тен Ядро, цитоплазма, жасуша қабықшасы бірігіп тұрады.
Ядро: хромосома, кариоплазма, ДНК, ядро шырыны, ядро орталығы.
Цитоплазма: митахондрия, ЭПТ, вакуоль, лизосома, гольджи жиынтығы
Жасуша қабықшасы: клетчатка, плазмоллема , мембрана, гликокаликс, саңылаулар.
Тапсырма 1. Өткен тақырыпты қайталау.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Миға шабуыл»
Ұйымдастыру формасы: Жеке, топтық
(Тәждеріндегі ядро, цитоплазма, жасуша қабықшасы байланысты тірек сөздер бойынша 1 ерекшелігін сипаттайды.
Қ Б: «Бас бармақ»
|
Таратпа материалдар
| Сабақтың ортасы
22-25 минут
| Тапсырма 2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау
Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Бейнеталдау»
Ұйымдастыру формасы: Жеке, ұжымдық
Оқушылар бүгінгі тақырыптың мақсатымен танысады.
Қалай ойлайсыңдар сабағымыздың мақсаты не?
Тапсырма 3. Мәтінді түсініп оқыңыз, қажетті жерлерін түртіп алыңыз.
Қолданылатын әдіс: «Инсерт» әдісі арқылы оқып шығыңдар.
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды. Ұлпалардың түрлерін жіктейді. Ұлпалардың қызметін ажыратады.
Ұйымдастыру формасы: жеке, топтық, ұжымдық
Қ Б: «Бағдаршам»
Тапсырма 4. Зертханалық жұмыс ( қосымша№2)
Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Ойлан, жұптас, бөліс»
Ұйымдастыру формасы: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Қ Б: «Төрт сөйлем»
Дескриптор:
Ұлпа ұғымына анықтама береді; Ұлпаларды өсімдіктерде және жануарларда кездесуіне байланысты жіктей алады; Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады.
| https://www.youtube.com/watch?v=4-CNXoxUIYw
қосымша 1
бағдаршам
қосымша 2
микроскоп
микропрепараттар
| Сабақтың соңы
8-10 минут
| Тапсырма 5. Алған білімдерін қорытындылау.
Қолданылатын әдіс: «Буриме»
Ұйымдастыру формасы: топтық, ұжымдық
Қ Б: «Қол шапалақтау»
Дескриптор:
-ұлпалардың атқаратын қызметін сипаттай алады.
-ұлпалардың қызметіне баға бере алады.
Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер»
«Мен» - сабақ барысында өзімді қалай сезіндім .............
Сабақ барысындағы менің көңіл күйім.........................
Бүгінгі оқып білген материал өмірде маған................
Неліктен...............................................................................
Маған күрделі болды......................................................... Үй тапсырмасы: Оқушылар таңдауы бойынша :
Қосымша ақпарат көзері арқылы білімдеріңді пайдаланып, реферат жазыңдар. Жоғары сатыдағы өсімдік топтарының пайда болуына қарай өсімдіктердің әртүрлі ұлпа типтерінің қалыптасуының эволюциялық ретін көрсетіңдер. Қосымша ақпарат көзері арқылы білімдеріңді пайдаланып, реферат жазыңдар. Көпжасушалылар топтарының пайда болуына қарай жануарлардың әртүрлі ұлпа типтерінің қалыптасуының эволюциялық ретін көрсетіңдер.
| Қағаз,қалам
| Қосымша ақпарат
|
|
| Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Сабақтың мақсаты бойынша саралау; Жіктеу тәсілі арқылы құрылымдалмаған топ құрамын. Осы топ арқылы үй тапсырмасын сұрауда миға шабуыл арқылы саралау жүреді.
Оқушылар бейнеталдау арқылы сабақ мақсатын ашқанда үдеріс бойынша оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда саралау жасалады.
Зертханалық жұмыс арқылы оқушылар зерттеуге құмарлық, шығармашылық тәсіл, мәселелелердің шешімін таба білу, және табандылық сияқты сапалар, ғылым әлемінде өте маңызды болып табылатын сапаларды дамытады. Ұлпалардың құрылысы мен қызметін сипаттауда зертханалық жұмыс зерделеп, кестеге түсіріп, білімдерін қорытындылауға көмектеседі.
| Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?
«Бағдаршам»
«Төрт сөйлем»
«Буриме»
«Бас бармақ»
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
АКТ мен байланыс
Техника қауіпсіздік ережесі
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
| Жалпы бағалау
| Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| Қосымша 1.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №1
Бөлім
Тақырып
| Жасушалық биология
Ұлпалардың көптүрлілігі
| Оқу мақсаты
| Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
| Ойлау дағдыларының деңгейі
| Білу, түсіну, қолдану,
| Бағалау критерийі
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын жіктейді, құрылысын зерделейді.
| Тапсырма
| Тапсырма 1. Өсімдік және жануарлар ұлпаларының көптүрлілігі
Әрбір жасуша құрылысының ерекшелігіне қарай белгілі бір қызмет атқарады. Көпжасушалы организмдердің жасушаларынан ұлпалар түзіледі. Ұлпа — шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі бірдей жасушалар тобы. Өсімдіктерде ұлпаның алты типін ажыратады: түзуші, негізгі, жабындық, өткізгіш, бөліп шығарушы және тіректік (1-сурет).
Өсімдік ұлпалары
Түзуші ұлпа тамыр ұшы мен өркен ұшында орналасатын жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар үнемі бөлініп, жаңа жасушалар түзеді, нәтижесінде өсімдік өсіп дамиды. Түзуші ұлпаларға сабақта орналасқан камбий жатады. Оның жасушаларының бөлінуі нәтижесінде сабақ жуандап өседі.
Негізгі ұлпалар фотосинтездеуші және қор жинаушы ұлпалардан тұрады. Фотосинтездеуші ұлпалар жасуша қабықшасы жұқа тірі жасушалар жиынтығынан тұрады, олардың цитоплазмасында көп мөлшерде хлоропластар болады. Бұл ұлпалардың негізгі қызметі — фотосинтез процесіне қатысу.
Қор жинаушы ұлпалар қор заттарын жинайтын жасушалар тобынан тұрады, қорға нәруыз, май, көмірсулар жиналады. Сондықтан бұл ұлпалар түйнектер, пиязшықтар, тамыржемістер, тұқымдар, жемістерді түзеді. Бұл ұлпаларға су жинаушы ұлпалар да жатады (су сақтағыш ұлпа). Мысалы, олардан кактустың сабағы, алоэнің жапырағы түзіледі.
Жабындық ұлпа — бұл жасушалар тобынан қабықша, тоз түзіледі. Ұлпаның негізгі қызметі — өсімдіктің ішкі жүйесін зиянкес микроорганизмдердің енуінен қорғап, судың артық булануынан сақтау.
Өткізгіш ұлпалар суда еріген минералды заттарды тамырдан өсімдіктің жер беті бөліктеріне және органикалық заттардың жапырақтан басқа мүшелерге жеткізілуіне жауапты. Бұл қызметті сүрек түтіктері мен тіннің сүзгі тәрізді түтіктері атқарады. Бөліп шығарушы ұлпаларға шайыр жолдары, шірнелік, сүт жолдары жатады.
Тіректік немесе механикалық ұлпалар өсімдік мүшелеріне беріктік қасиет береді. Олар қабықшасы қалың жасушалардан тұрады. Олардан жаңғақ пен емен жаңғағы қабықшасы, алхоры, өрік сүйектері түзіледі. Мұнда жасушалар тұтас қатты ұлпа түзеді. Жасушада көбіне тірі заттар болмайды, бірақ олар жас өсіп келе жатқан жасушаларда болады да, кейіннен толықтай бұзылады.
Жануарларда ұлпаның төрт түрі болады: эпителий, жүйке, бұлшықет, дәнекер (2-сурет).
Жануарлар ұлпасы
Эпителий ұлпасының жасушалары бір-бірімен тығыз байланысқан, олар теріде, мүшелердің ішкі қабырғаларында қорғаныш қабатын түзеді. Жүйке ұлпасы нейрондардан тұрады, олар ми мен жұлынның қызметін қамтамасыз етеді. Бұлшықет ұлпасы ішкі мүшелердің қызметі мен организмнің кеңістікте қозғалуын қамтамасыз ететін дене бұлшықеттерін түзеді.
Дәнекер ұлпалары тіректік, беріктік қасиет беріп, оттек пен қоректік заттарды тасымалдайды, оларға қан, лимфа, шеміршек, буын, сүйек жатады.
Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Мүшенің денеде тұрақты орны, белгілі құрылысы бар және нақты қызмет атқарады. Әдетте, мүшені бірнеше ұлпалар жиынтығы құрайды, бірақ олардың біреуі ғана оның маңызды, басты қызметін атқарады. Мүше тұтас организмнің бөлігі болып табылады, ол организмнен тыс жұмыс істей алмайды. Өсімдік мынадай мүшелерден тұрады: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл. Жануарлардың мүшелері: жүрек, бүйрек, өкпе, қарын және т.б.
Белгілі бір қызметті бірігіп атқаратын мүшелер мүшелер жүйесін түзеді. Жануарларда жүйке, тірек-қимыл, асқорыту, тыныс алу, қанайналым, зәр шығару, жыныс жүйелері болады. Мүшелер жүйесі оқшауланып қызмет атқармайды, организмде белгілі нәтижеге жету үшін бірігіп қызмет етеді.
| Бағалау критерийі
| Дескриптор
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын жіктеу,
құрылысын зерделеу.
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын жіктейді,
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын құрылысын зерделейді.
|
Қосымша 2.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №4
Бөлім
Тақырып
| Жасушалық биология
Ұлпалардың көптүрлілігі
| Оқу мақсаты
| Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
| Ойлау дағдыларының деңгейі
| Білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез.
| Бағалау критерийі
| Жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларын жіктейді, құрылысын зерделейді.
Ұлпалардың қызметін сипаттай отырып, ерекшеліктерін тауып, қызметіне баға береді
| Тапсырма
| Тапсырма 1.
Тапсырма 4. Зертханалық жұмыс №1,2
Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу
Мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларының түрлерімен,олардың атқаратын қызметіне байланысты қүрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Құралдар: микропрепараттар: микропрепараттар: «Тамырдың құрылысы», «Жүгері сабағының ұзына бойы кесіндісі», эпителий, жүйке, бұлшықет, дәнекер ұлпалары; традесканция өсімдігі.
Жұмыс барысы:
1 жұмыс: «Тамырдың құрылысы» микрропрепаратты қараңдар. (1-сурет). Түзуші ұлпаны табыңдар.
Оқулықтан түзуші ұлпаның орналасқан жерін, оның атқаратын қызметіне байланысты құрылысын оқыңдар. Алынған мәліметтерді кестеге енгізіңдер, суретті салыңдар.
2 жұмыс: Тамыр оймақшасын қараңдар. Оны түзетін ұлпаны анықтаңдар. Оқулықтан осы ұлпаның түрі туралы оқыңдар. Алған мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
3 жұмыс: «Жүгері сабағының ұзына бойы кесіндісі» микропрепаратынан тірек ұлпасын тауып қараңдар. Бұл ұлпаның жасушаларында қалың, сүректенген қабықшаның болатынына, ал тірі заттың жоқ екеніне назар аударыңдар. Оқулықтан осы ұлпаның түрі туралы оқыңдар. Алған мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
4 жұмыс. Оқулықтан өткізгіш ұлпаның суретін қараңдар. Оны микроскоппен көргендерімен салыстырыңдар. (2-сурет). Оқулықтан осы ұлпаның түрі туралы оқыңдар. Алған мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
5 жұмыс: Жапырақтың негізгі ұлпасын зерттеу үшін алдын ала дайындалған микропрепаратты қараңдар. (3-сурет). Бұл традесканция жапырағының жұқа кесіндісі. Бұл ұлпаның құрылысындағы ерекшелік – жасушаларында хлорофилл пигменті бар хлоропластардың болуында. Пигмент өсімдікке жасыл түс береді. Оқулықтан осы ұлпаның түрі туралы оқыңдар. Алған мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
Ұлпаның түрлері
| Орналасқан жері
| Құрылыс ерекшеліктері
| қызметі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| 6 жұмыс. Ұлпаның түрлері, олардың құрылысындағы ерекшеліктеріне қорытынды жасаңдар.
«Жануар ұлпалары»
Жұмыс барысы:
Эпителий ұлпасының микропрепаратын қараңдар. Құрылысындағы ерекшеліктерді белгілеңдер. Бұлшықет ұлпасының микропреаратын қараңдар. Құрылысындағы ерекшеліктерді белгілеңдер ұлпасының микропреаратын қараңдар. Құрылысындағы ерекшеліктерді белгілеңдер. Жүйке ұлпасының микропреаратын қараңдар. Құрылысындағы ерекшеліктерді белгілеңдер. Дәнекер ұлпасының микропрепаратын қараңдар. Құрылысындағы ерекшеліктерді белгілеңдер. Кестені толтырыңдар.
№
| Ұлпа
| Құрылысындағы ерекшеліктер
| 1
|
|
| 2
|
|
| 3
|
|
| 4
|
|
|
| Бағалау критерийі
| Дескриптор
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын жіктеу, құрылысын зерделеу.
Ұлпалардың қызметін сипаттау
ерекшеліктерін табу, қызметіне баға беру.
| Микропрепаратты микроскоптан қарап, табады.
| Микропрепараттан ұлпаларды орналасуын анықтайды
| Ұлпалардың ерекшелігін оқулықтан оқиды.
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын жіктейді,
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын құрылысын зерделейді.
| Ұлпалардың қызметін сипаттап, ұлпалардың қызметіне баға береді
| Нәтижелерді кестеге толтырады.
| Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №5
Бөлім
Тақырып
| Жасушалық биология
Ұлпалардың көптүрлілігі
| Оқу мақсаты
| Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
| Ойлау дағдыларының деңгейі
| Білу, түсіну, қолдану,
| Бағалау критерийі
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын жіктейді, құрылысын зерделейді.
| Тапсырма
| Буриме деп берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастыруды атайды
Кез-келген ұлпаға буриме құрастырыңдар:
............................... жиырылады.
................................қозады.
................................өткізеді.
................................қорғайды.
| Бағалау критерийі
| Дескриптор
| Жануарлар мен өсімдктердің ұлпаларын қызметін сипаттау,
қызметіне баға беру.
| Ұлпалардың атқаратын қызметін сипаттай алады;
| Ұлпалардың қызметіне баға береді.
| |