математика логика. Мектепалды даярлы сыныбыны Алтын кз мерекелік жоспары 0 А сыныбы Масаты
Скачать 25.16 Kb.
|
Мектепалды даярлық сыныбының ” Алтын күз” мерекелік жоспары 0 ”А” сыныбы Мақсаты: 1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру. 2) Күз туралы түсініктерін кеңейту. 3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі:«Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер. Жүргізуші: -Кеш жарық, армысыздар ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар жадыраған жас достар! Оқушылар хормен: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын! Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз, аяулы күз деп баға берген. Алтын себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сарыбояуға малынған. Екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Екеуін атастырып алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата – балбаларымыз сабан той деп күз мерекесін тойлаған. Міне, бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Аяулы күз, алтын күз» атты меркелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Береке, бақ дарыған, Жомарт көңіл жарқын жаз. Сары алтынға малынған Жетті міне алтын күз. - Міне бізге күз де келіп жетті. Жүргізуші: Оқушыларды ортаға шақырайық!Оқушылар жапырақтармен билеп ортаға шығады. I.Ән:Айгөлек Оқушылар хормен айтады. Балалар жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? Ендеше, бүгінгі кешіміз күз ханшаймынсыз қалай өтпек?! Бәрімізі хормен күз ханшайымын ортаға шақырайық. Хормен: Ханшайым3 (Күз ханшаймы ортаға келеді) Жүргізуші: Қазақ деген даламнан, Аруақты бабамнан, Ардагерім әкемнен, Ақ жаулықты анамнан Сәлем сізге ханшайым! Күз ханшайымы: Армысыздар қонақтар! - Мен Алтын күзбін, Жайдарлы жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге, Астық жеміс мол менде. Балалар бүгін мен сонау орманнан Қызылжар орта мектебіне 0 «А» сыныбына келдім.Қонақтар болады,балалар өнер көрсетеді деген соң келіп отырмын.Өнер көрсетесіңдер ме балалар? Балалар: Ия дайынбыз! Ендеше мен тамашалауға дайынмын! -бүгінгі аяулы күз, алтын күз атты мерекелік кешке шақырғандарыңызға рахмет. Жүргізуші: II.Балалар күз мезгілі сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды? Ендеше күзге арнаған өлең, тақпақтарымызды айталық. Айнұр: Қарашы күз келді,күз келді. Жапырық жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді. Алишер: Алтын,сары,қызыл.көк Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақша күлімдеп, Күз тартады атырап. Аруна: Сау-сап етіп жапырақ Сабағынан үзілді, Қоңыр тартып атырып Көкке құстар тізілді. Нурислам: Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген Абылайхан: Екінші айы бұл күздің Доп қуып футбол ойнаймыз. Күзгі балын мектептің Қазан айында тойлаймыз. Айзере: Берекелі мерекелі, Келді жомарт алтын күз, Қалада да,далада да, Жанның бәрі жарқын жүз. Жасмина: Жайдары күз,жомарт күз, Аяулы күз алтын күз Дәнге толы кең далам Дариядай шалқып жүр. Санжар: Күн шуаққа маужырап, Жатыр еді атырып Ағаштардан жапырып, Ұшты кенет жапырақ. Сезім: Қуандырды біздерді; Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз. Асылжан: Өнім үйіп тастадық, Оқуды да бастадық. Берекелі алтын күз, Ашық болсын аспаның. Адийат: Берекелі бақ дәулет, Арта түссін тойланып. Сау болыңдар балалар, Келгенше жыл айналып. Медина: Күз келді алақай! Алтын келді далаға. Дәні бітік бидайды, Құйып жатыр қамбаға, Айару: Келді міне күз, Айнала сары түс. Керемет,тамаша Қандай әсем күз. Мадина: Күздің сыйын алайық Қызығына қарайық Күзге арнап бәріміз Әнімізді салайық. IV. Би:Кап-кап V.Көкеністер мен жемістер: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайысымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз? (Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып,қатарласып шығады) 1-оқушы: (Сәбіз) Ерасыл Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз. 2-оқушы: (Алма)Айсана Мен алмамын,алмамын. Таңдай жұлар бар дәмім 3-оқушы: (Қызылша)Сырым Ақ түсім бар қант алар, Қызыл түсім қанға нәр Зияным жоқ біліп қой, Қызылшамын пайдам бар. 4-оқушы: (Өрік) Мен өрікпін,өрікпін, Табиғатқа көрікпін. 5-оқушы: (Қарбыз) Диас Көрсең егер бақшада, Доп екен деп қалма. Шөл қандырар қарбызбын, Ерте үзіп алма. 7-оқушы: (Қауын)Дильназ Иісім жұпар аңқыған, Бақшадағы шырынмын. Жеп көргенде тамсанған, Балдай тәтті қауынмын. Жүргізуші: Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа пайдалы Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер! VI.Ән: «Кап-кап,тук-тук-тук» Ханшайым ата-аналарға жұмбақтар жасырады. Жұмбақтар: 1.Іші-жұмсақ,сырты қатты. Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз) 2.Дөп- дөңгелек доптай Іші қызыл шоқтай Дәмін татып көрсең, Одан дәмді жоқтай. (Алма) 3.Бұл не деген көп киім Жетпіс қабат көп киім Жаңбыр жауса өтпейді, Қабат-қабат тоны бар, Түймелеуге жетпейді. (Қырыққабат) VII. Жүргізуші:Табиғатты адамзат аялаған, Егін егіп, мал бағып саялаған. Қарасындай көзінің қорғай жүріп, Қамқорлығын ешқашан аямаған-дей отырып балалар Ханшайымнын балалармен ойын ойнағысы келеді екен.Олай болса сөз кезегі ханшайымда: Улдарды ортаға шығарамыз.Орындық пен зонтикті қоямыз.Музыка тоқтаған кезде оқушылар жерде тұрған зонтикті ұстап орындыққа отыра қалу керек. VIII.Би:Қуыршақ барби IХ.Ән,оқушылар хормен айтады.Әннің аты:Алтын күз Күз:Рахмет балалар, Барлығыңды қимаймын Барымды мен сыйлаймын Бір айға нәр бір демім Өздеріңмен біргемін. Жүргізуші: Балалар күз ханшайымын шығарып салайық. Осымен Алтын күз мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп рахмет! |