Главная страница
Навигация по странице:

  • Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

  • 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  • 3. Мектепке дейінгі ұйым

  • 3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі

  • 5. Дауларды шешу тәртібі

  • 7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі

  • Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты

  • 2. Орта білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері 2. Орта білім беру ұйымы

  • 3. Орта білім беру ұйымы

  • 3. Білім беру ұйымының ата-анасы (немесе заңды өкілінің) құқықтары және міндеттері

  • 5. Ата-ана (немесе заңды өкілі)

  • 4. Тараптардың жауапкершілігі

  • Осы шартқа қол қойған тараптар

  • келісімшарт ата-ана (2). Мектепке дейінгі йымдара арналан білім беру ызметін крсетуді лгілік шарты


    Скачать 40.21 Kb.
    НазваниеМектепке дейінгі йымдара арналан білім беру ызметін крсетуді лгілік шарты
    Дата03.04.2022
    Размер40.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакелісімшарт ата-ана (2).docx
    ТипДокументы
    #437248

     

    Қазақстан Республикасы
    Білім және ғылым министрінің

    2016 жылғы 28 қаңтардағы

    № 93 бұйрығына
    1-қосымша

     

    Нысан

    Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

          Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "мектепке дейінгі
      ұйым" деп аталатын ________________________________________________________________________
      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)
      атынан басшысы ______________________________________________________________________________________
    (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда)
    бір жағынан және екінші жағынан _______________________________________________________________________________________
    (баланың тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
        бұдан әрі "ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуінің
    __________________________________________________________________________________________
        (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
       (бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында  төмендегілер туралы осы шарт жасалды:
    1. Шарттың мәні
    1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы, өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді
    2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
    2. Мектепке дейінгі ұйым:
    1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;
    2) ____________________________________________________________________________________
      (білім басқармасының (бөлімінің) атауы)
      берген № ______________________________________________________________________________
    (жолдаманың нөмірі және мерзімі)
    жолдаманың негізінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 
    5 - бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (бұдан әрі - Стандарт) айқындалған жас кезеңіне сәйкес баланы топқа қабылдауға;
    3) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 
    бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мекепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;
      4) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;
        5) ата-ананың келісімімен баланы медициналық көрсетілімдер кезінде балалар емханасына тексерілуге жіберуге;
    6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _____ - _____ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;

      7) карантин, бала сырқаттанған жағдайда, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделу, сауықтыру, түзету және оңалту кезінде (көрсетілім бойынша анықтама, қорытынды ұсынғанда), ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілдеріне еңбек демалысын бергенде және жазғы мерзімде баланы сауықтыру үшін екі айға дейін демалысын алған уақытта (ата-ананың жазбаша өтініші негізінде) баланың орнын сақтауға;
    8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;
        9) баланы келесі топқа әр жылдың 1-30 тамыз аралығында көшіруге;
    10) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Санитарлық ережелер) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына сәйкес (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), санитарлық ережелердің талаптарын сақтауға міндетті;
       10) тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрметпен қарауға міндетті.

       3. Мектепке дейінгі ұйым:
    1) балаға ата-ананың қалауы бойынша қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынуға (ақылы және ақысыз);
      2) баланың тамақтануы үшін ай сайынғы төлемақыны мектепке дейінгі ұйым белгілеген мерзімде уақытылы төленбеген, бала дәлелсіз себептермен және әкімшілікті ескертпей бір айдан астам келмеген, дәрігерлік консультациялық анықтамасының негізінде оның мектепке дейінгі ұйымға келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде баланы мектепке дейінгі ұйымнан шығаруға;

          3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;
    4) баланы алкагольді мас күйдегі ата-анасына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына бермеуге;
       5) ата-ана осы шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы ата-ананы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын шартты бұзуға;
       6) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға құқылы
    4. Ата-ана
    :
    1) мектепке дейінгі ұйым Жарғысы мен осы шартты сақтауға;
    2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге;
    3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;
      4) жақын туысқандарына, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарға баланы мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;
      5) баланың болмауы туралы алдын ала мектепке дейінгі ұйымды уақытында хабардар етуге;
    6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;
      7) мектепке дейінгі ұйымды себепсіз босатпауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш күннен астам уақыт болмаған жағдайда Санитарлық ереженің 134-тармағына сәйкес денсаулығы туралы анықтама әкелуге;
       8) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсетуге;
    9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша "Мектепке дейінгі ұйыммен" өзара іс-қимыл жасауға міндетті;
    10) баланың денсаулығына және басқа балаларға байланысты өміріне қауіп келтіретін проблемаларды жасырмауға;
       11) баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып:
      әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге;
      кибер мәдениетіне және кибер гигиенасына тәрбиелеуге;
    12) баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға міндетті.
    5. Ата-ана:    
    1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;
    2) мектепке дейінгі ұйымда баланың бейімделу кезеңінде белгілі бар уақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға;
      3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;
       4) Мектепке дейінгі ұйым Жарғысының және осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;
    5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
    3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі
      6. Баланың тамақтануы және қосымша ақылы қызметтер үшін _________ теңге сомасындағы ата-ана төлемі ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін төленеді. Бала дәлелді себептермен ағымдағы төлем жүргізілген айда мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда (карантин, демалыс (ата-ананың өтініші), ауру, емдеу, сауықтыру, түзету мен оңалту (көрсеткіш бойынша анықтама ұсынған жағдайда), нақты келген күндерінің саны бойынша қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.
    4. Тараптардың жауапкершілігі
    7. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады
    5. Дауларды шешу тәртібі
      8. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.
       9. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
    6. Форс-мажор
    10. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды.
      11. Билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады.
       12. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
    7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
    13. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.
    14. Шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді.
    15. Шарттың әрекет ету мерзімі ______________бастап _________дейін.
    16. Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

    Тараптардың мекенжайы және қолы:

    Мектепке дейінгі ұйым
    _____________________________
    (мектепке дейінгі ұйымның атауы)
    Мекенжайы:__________________
    Мектепке дейінгі ұйым
    басшысы _____________________
    _____________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда))
    Қолы________________________
    Мөр (мемлекеттк ұйымдарға), (жеке меншік
    ұйымдарға - болған жағдайда)



    Ата-ана: ________________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда))
    Мекенжайы:_____________________
    Төлқұжат деректері: ______________
    ________________________________
    Жұмыс орны: ____________________
    Лауазымы: ______________________
    Байланыс деректері _______________
    Қолы___________________________





     



    Қазақстан Республикасы
    Білім және ғылым министрінің
    2016 жылғы 28 қаңтардағы
    № 93 бұйрығына
    2-қосымша

     

    Нысаны

    Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты

         

          Білім беру ұйымдары _____________________________________________________________
    (білім беру ұйымының толық атауы)


          мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты  реттеу мақсатында білім беру ұйымының директоры атынан, _____________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________бекітілген
    (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
    білім беру ұйымының Жарғысы негізінде қызмет ететін_____________________________________
       ___________________________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________________________
      бір жағынан және көрсетілген мекен жай бойынша тұратын:
        ___________________________________________________________________________________
    білім алушының ______________________________________________________________________
      (баланың тегi, аты, әкесiнiң аты туған күні, ЖСН)
    ата-анасы (немесе заңды өкілі)__________________________________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
      екінші жақтан, төмендегілер туралы _____________________________________________________
      осы шартты жасады.
    1. Шарттың мәні
       1. Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетеігін реттейді.

    2. Орта білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері

        
    2. Орта білім беру ұйымы:
    1) білім алушыдан, ата-анадан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі қағидаларын және оның қызметін регламенттей білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге;
    2) білім беру ұйымдарының кітапханаларының ақпараттық ресурстарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қолжетімділік мен қолдануды қамтамасыз етуге;
       3) білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен, актілерге көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім алушының компьютер техникасымен қолдануына мүмкіндік беруге;
      4) білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде мектептен мектепке ауыстыруға;
      5) білім алушыларға қосымша білім беру (ақылы және / немесе тегін) қызметтерін ұсыну (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
       3. Орта білім беру ұйымы:
      1) білім алушыны, ата-ананы (заңды өкілді) білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиямен, білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесімен және оның қызметін регламенттейтін актілермен таныстыруға;
      2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 
    5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушыны білім, білік, дағдыларды алуды қамтамасыз етуге;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық 
    қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің № 15681 мемлекеттік тізілімінде тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне жүктелген санитарлық гигиеналық талаптарды сақтауға;
    4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13085 тіркелген) бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын 
    талаптарға сәйкес міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге (бұдан әрі - міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар);
       5) оқу процесі және мектептен тыс, мектептік және сабақтан тыс іс-шаралар өткізу барысында мектеп аумағында білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;  ата-аналарының (немесе заңды өкілі) жазбаша түрдегі келісімімен білім алушыларға психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге;  білім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамгершілігін, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға;
      6) білім алушының ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрметпен қарауға;
      7) Шартты бұзған жағдайда білім алушыға түскен кездегі құжаттарын қайтарып беруге;
       8) білім алушының, ата-анасының (заңды өкілінің) келісімінсіз және оқу процесіне залал келтірмей, білім алушыны тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге;
    9) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 
    бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10348 нөмірімен тіркелген) бекітілген тиісті нысан бойынша білім туралы құжатты беруге міндетті.
     
    3. Білім беру ұйымының ата-анасы (немесе заңды өкілінің) құқықтары және міндеттері
      4. Ата-ана (заңды өкілі):
       1) баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша білім беру ұйымымен өзара қарым-қатынас жасауға;
        2) Қазақстан Республикасықолданыстағы заңнамасында көзделген оқыту-тәрбиелеу үдерісін іске асыруға қатысуға;
       3) ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар жиналыстарының шешімін орындауға;
    4) ата-аналар комитеті арқылы білім ұйымының басқармасы органдарының жұмысына қатысуға;
      5) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпаратты алуға;
       6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультативтік көмек алуға;
      7) қосымша (ақылы және / немесе тегін) қызметтерді алуға (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы
      
    5. Ата-ана (немесе заңды өкілі):
    1) білім беру ұйымының Жарғысын және осы шарттың ережесін сақтауға;
      2) ата-аналар жиналысына баруға, қажет болған жағдайда оқу-тәрбие үдерісі және нақты педагогикалық көмек көрсету бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу үшін әкімшіліктің немесе педагогтердің шақыруы бойынша білім беру ұйымына баруға;
      3) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушыларына құрмет қөрсетуге;
       4) Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;

    5) сабақтарда баланың болмау себебі туралы білім беру ұйымын хабардар етуге;
       6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымына оқушының кінәсінен келтірілген материалдық залалды өтеуге;
    7) мектеп аумағынан тыс (мектепке дейін және мектептен кейін) білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік алуға, құқығы мен еркіндігін қорғауға;
        8) педагогтермен білім алушыны тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша байланыста болуға, кері байланысты жүзеге асыруға;

    9) баланы, оның қызығушылықтарын ескере келе:  әдептілікке, төзімділікке, академиялық адалдыққа және ұлтаралық келісімге;  кибермәдениетке және кибергигиенаға тәрбиелеуге;
    10) баланың қажеттіліктерін ескере отырып мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;
      11) қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытудың нұсқаулықтарын, бағдарламаларын іске асыру және орнату бойынша білім алушыға қолдау көрсетуге міндетті.

    4. Тараптардың жауапкершілігі
      6. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
    5. Дауларды шешу тәртібі
    7. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.
        8. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
    6. Форс-мажор
    9. Соғыс, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар сияқты форс-мажорлы жағдайында, сондай-ақ Тараптардың бақылауына негізделмеген және шарт жасасқаннан кейін болған кез келген басқа жағдайларда Тараптардың жауапкершілігі орын алмайды.
      10. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
    7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
       11. Осы шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және оның толық орындалуына дейін жарамды. Жаңа шарт жасаған кезде жаңа келісім жасасу кезінде белгіленген шарттар қолданыста болады.
       12. Осы Шарттың ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып өзгертілуі мүмкін.
    13. Тараптар арасындағы шарттық қатынастарды тоқтату білім беру ұйымының басшысының тиісті бұйрығын жариялау мерзімі болып табылады.
    14. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен екі данада, ал тапсырыс берушінің қатысуымен үш данада жасалады, бір данадан әр тарапқа беріледі.
      15. Осы Шарттың тараптары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 
    47-бабында және тараптардың - білім беру ұйымдары мен ата-аналардың (заңды өкілдері) келісімі бойынша бекітілген білім беру ұйымдарындағы оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау жөніндегі міндеттемелерін растайды.

    Осы шартқа қол қойған тараптар

    Білім беру ұйымы______________
    ______________________________
    (білім беру ұйымының атауы)
    Мекен-жайы:
    ______________________________
    Білім беру ұйымының басшысы
    ______________________________
    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
    Қолы_________________________
    Мөр (мемлекеттік ұйымдар үшін), (жеке
    ұйымдарға - бар болған жағдайда)





    Ата-ана (заңды өкілі)
    ____________________________
    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
    Мекен-жайы: __________________
    ______________________________
    Паспорт мәліметтері: ____________
    жұмыс орны: ___________________
    лауазымы: _____________________
    Байланыс мәліметтері ___________
    _______________________________
    Қолы_____________
    Мерзімі___________



    написать администратору сайта