Главная страница

Мектептегі стаздары Ишанды трбиесі нашар деп интерната жіберетіндерін атаанасына айтады


Скачать 13.84 Kb.
НазваниеМектептегі стаздары Ишанды трбиесі нашар деп интерната жіберетіндерін атаанасына айтады
Дата13.12.2022
Размер13.84 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла17-2.docx
ТипДокументы
#842360

Мектептегі ұстаздары Ишанды тәрбиесі нашар деп интернатқа жіберетіндерін ата-анасына айтады. Ата-анасының шыдамының шегіне жеткен соң, оның қатал әкесі оны мектеп интернатына жібереді. Оның ойынша ол жердегі қатал тәртіп, Ишанды бірден түзейді. Ата-анасынан, ағасынан, үйінен жырақтап кеткен Ишан жаңа мектепте табылған жақсы досына қарамастан одан сайын қайғыға түседі. Бірақ, сурет пәнінен беретін жаңа мұғалім Рам Никумбх пайда болған соң барлығы өзгереді. Рам Никумбх Ишаннан дислексия ауруын анықтайды. Рам Никумбх Ишанды түсінетін жалғыз адам болады, өйткені бала кезінде өзіде осы аурумен ауырған болатын. Ол баланы қайғыдан арылту үшін, оқуға және жазуға үйрету үшін жол тауып, балаға үміт сыйлайды. Мұғаліммен бала арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатылады. Бұл мұғалім балаға өзін-өзі тануға және өзінің дарынын ашуға көмектеседі. Фильмнің негізгі идеясы әр баланың өзінше ерекше екендігін жеткізуде. Жұрттың бәрі ой-өрісі төмен, үмітсіз деп тапқан бала, ақыр соңында сурет салудың хас шебері болып шығады. 


написать администратору сайта