ааааа. «Заявка на участие в конкурсе эссе». Мемлекеттік ызмет елді мддесіне адал ебек Габдуллин Ельнур
Скачать 14.39 Kb.
|
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» Габдуллин Ельнур Мемлекеттік қызмет — бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді. Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, көсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады. Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз. Мемлекеттік лауазым — мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдың өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі; Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі; Мемлекеттік қызметші — мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; Лауазымды тұлға — ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша үкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам. Лауазымдық өкілеттік — заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретіні нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік. Сонымен, мемлекеттік қызметтегі қызметшілердің ақы төленетін лауазымдарға ие болуына қарай, мынадай әр түрлі лауазымдық функцияларды жүзеге асырады, олар: — басқарушылық (орган, мекеме және т.б. басшылары) — құқық қолданушылық (IIO қызметкерлері және т.б.) — әлеуметтік-мәдени (оқытушылар, дәрігерлер және т.б.) Мемлекеттік қызметтің материалдық игіліктерді өндіруден, кәсіпкерліктен және басқа да еңбек қызметтерінен айырмашылығы — қызметші еңбегінің заты болып ақпарат саналады. Қызметші адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Олар нақты материалдық құндылықтарды жасамайды, бірақ олардың қамтамасыздандырылуына қажетті жағдайларды жасайды. Сонымен, мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады. Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, көсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады. |