Главная страница

Эссе. Эссе (1). Мен басшы болсам


Скачать 13 Kb.
НазваниеМен басшы болсам
Дата22.02.2023
Размер13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЭссе (1).docx
ТипДокументы
#949909

Мен басшы болсам...

Басшы болу табиғаттан беріледі деп ойлаймын. Әркім басшы болуға тырысуы мүмкін, бірақ басшылықтың баспалдағы, биліктің бишігі әркімнің қолына түспеуі мүмкін. Адам- табиғаттың перзенті. Табиғат қанына қасиет дарытқан адам ғана айналаның «ауасымен» тыныстап, тіршіліктің тілімен үндестікте жүреді.

Басшы адам Абай айтқан бес асыл істің иесі болуы керек.

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым!

Талап етпесең немесе талаптанбасаң, ісіңнің берекесі кетіп, ақылың айрандай ашыған шақта, шығар жолды таба алмай қиналасың. Ал еңбек, еңбек- бәрін де жеңбек! Еңбексіз ештеңе келмейтіні әлімсақтан белгілі. Еңбек ету арқылы адам баласы барлық қол жетпес нәрсесін ала алады. «Еңбектің наны тәтті», «Еңбек етсең, емерсің», «Еңбек еңсеңді көтерер» деген мақал-мәтелдері арқылы қазақ халқы бала тәрбиесін бесігінен еңбекпен байланыстырған.

Терең ойсыз, байыптап қарамай басшы болудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Талай үстірт ойлайтындар басшылықтың жайлы орындығына жайғасып, талайлардың обалына қалаған. Сондықтан да дана халқымыз «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Халық қаласа, хан түйесін сояр» деген мақалдар қалдырып, ханның да қасиетін арттырған.

Қанағат мәселесіне келсек, заңға тартылған талайдың түбіне осы қанағатсыздық жеткеніне бүгінгі тарих куә. Жемқорлық пен парақорлық жайлауы да осы Абай айтқан қанағаттың жетпеуінен ғой деймін.

Рақым, қайырым, мейірім, жақсылық, кеңпейілділік жалпы адамзат баласында бірінші тұруы керек. Жүрегінде иманы, мейрімі, басқаға шапағаты жоқ адамды басшылыққа қою- ең басты қателік.

Басшы болсам, жоғардағы Абай айтқан қасиеттердің иесі болар едім. Осы қағидаттарды өмірлік кредама айналдырар едім.

Ұлтқа қызмет етудегі қай қызметте те осы қасиеттер барлық ел жолындағы азамат, азаматтаршалардың мойнында


написать администратору сайта