Главная страница
Навигация по странице:

  • Жанардағы отыңыз сөнбесін...

  • Сонда әлгі бизнесмен соншалықты не айтты дейсіз ғой Ол – студенттердің жанарында от жақты.

  • мен және менің мотивациям. Мен жне мені мотивациям Жоспар Мотивация деген не Мотивациялы процесс Мотивацияны мазмндылы теориясы


    Скачать 17.5 Kb.
    НазваниеМен жне мені мотивациям Жоспар Мотивация деген не Мотивациялы процесс Мотивацияны мазмндылы теориясы
    Дата02.10.2021
    Размер17.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламен және менің мотивациям.docx
    ТипДокументы
    #240171

    Мен және менің мотивациям

    Жоспар

    Мотивация деген не

    Мотивациялық процесс

    Мотивацияның мазмұндылық теориясы

    А.Маслоудың қажеттілік теориясы

    3.2. МакКлелландтың қажеттілік теориясы.

    3.3. Герцбергтің қос факторы теориясы

    IV. Мотивацияның процессуалдық (іс . жүргізушілік) теориялары
    4.1. Күту теориясы
    4.2. Әділеттілік теориясы
    4.3. Портер . Лоулер үлгісі (моделі)
    Қорытынды
    Қолданылған әдебиеттер

    Жанардағы отыңыз сөнбесін...

    Осыдан біраз жыл бұрын АҚШ университеттерінің бірінде студенттердің бітіру кешіне белгілі бизнесменді сөз сөйлеу үшін шақырған. Сонда кездесуге екі сағат кешігіп келген бизнесмен мінберге шығып, сөз сөйлеудің орнына 3 минуттық сөз айтып, шығып кетіп қалған екен. Ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсінбей қалады. Бірнеше сағат бойы бітіруші түлектерге өзінің кеңестерін, ақылын айтады деп ойлаған олар, шын мәнінде, абдырап қалған.

    Сондағы бизнесменнің айтқан сөздері мынадай болған: «Сендер, түлектер, бүгін университет бітіріп қолдарыңа диплом алып жатырсыңдар. Сендер үшін барлығы тамаша. Әрқайсысыңның әке-шешелерің алып берген көліктерің бар. Дайын тұрған жұмыстарың бар. Еш уайымдарың жоқ. Бірақ мен сендерге шындықты айтқым келеді. Бұл жұмыс арқылы сендер бар болғаны жылына 100 мың доллар табуларың мүмкін. Ал мен үшін бұл ақша түк емес. Мен – бизнесменмін. Бүгін сендерге қарап ешбіріңнің көздеріңнен жанып тұрған отты көріп тұрған жоқпын. Ал жанардағы отсыз сендер – ешкім емессіңдер!» – деп кетіп қалған екен.

    Бірнеше жыл өтіп, бұл жағдай ұмытылған соң, әлгі университет басшылығы зерттеу жүргізіп көрмек болады. Университетті бітірген студенттердің қай легінің әлеуметтік жағдайы жоғары екенін салыстырмақшы болған. Нәтижесінде бітіру кешінде сөз сөйлеген студенттер ерекше өсім көрсеткен. Олардың мұндай көрсеткішке жетудегі себебін анықтау қиынға түседі. Осы уақыт аралығында ешқандай мұғалімдер мен ұстаздар ауыспағанын, университет жүйесінде ешбір өзгерістер болмағанын ескере отырып, сол жылы сөз сөйлеген әлгі бизнесменді еске алады. Сонда университет басшылығы шақырылған бизнесменнің 3 минуттық сөзі аталған студенттерге жақсы әсер еткенін түсінген.

    Сонда әлгі бизнесмен соншалықты не айтты дейсіз ғой? Ол – студенттердің жанарында от жақты.

    Жетістікке жету үшін көкірек пен жанардағы оттың болуының қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді.

    Шын мәнінде, жетістікке жетіп, мотивацияны жоғалтпау үшін жанардағы отты жаға білу керек және оны сөндіріп алмау қажет.


    написать администратору сайта