аааа. эссе аким. Мен неге здік ауыл кімі атаына лайыпын
Скачать 12.36 Kb.
|
Мен неге «Үздік ауыл әкімі» атағына лайықпын Мен, Жақсыбеков Мейрамбек Жақсыбекұлы, 1976 жылы Ақтобе облысы, Қарабұтақ ауданы, Талды ауылында дүниеге келдым. Еңбек жолын 1997 жылы Приречное ЖОББМ бастадым, қарапайым мұғалімнен мектеп директорына дейін жеттім. 2013 жылдан бастап Приречное ауылдық округінің әкімі қызмет атқардым. Мен жұмыс істеген кезіңде бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтті, артезиан ұнғымасы бұрғыланды. Тұрғындарға орталықтандырылған су құбыры жүргізілді. Ауыл газдандырылды. Жаңа стадион мен балалар алаңы орнатылды. Ауылда жоғары жылдамдықты интернет бар. Енді тұрғындар мемлекеттік қызмет алу үшін ауданға барудың қажеті жоқ. Ауыл шаруашылығын дамыту жобалары сәтті жүзеге асырылды. Ауылды санитарлық тазалау жыл сайын жүргізіледі. Бүгінгі танда Теректі-Ақсай аудандық жолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өзеннің бағытын әкім белгілейді, ал су тамшылары – халықтың өзі! Туған жерге деген сүйіспеншілік өздігінен пайда болмайды, оны бала кезінен бойына сіңіріп, жүйелі түрде тәрбиелеу керек. Бұл маххабат жетіспесе, жастар мектепті бітірген соң, кез келген жерге «материкке» кетуге ұмтылады ауылда қалмай. Сөйтіп, ауыл халықтан айырылып барады. Мен ұстаз ретінде бір емес, бірнеше ұрпақ тәрбиеледім. Ұстаздық жолымда туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті ұстандым. Приречное 25 жылдан астам уақыт бойы менің бір бөлігім болды. Бірінші кезектегі жоспарларға жергілікті су қоймасын қалпына келтіру. Электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту. Ауыл ішіндегі жолдар асфальтталған, жаяу жүргіншілер жолы төселген. Әкім болу мен үшін мәртебе. «елге қызмет ету» абыройлы іс деген оймен осы жолды таңдадым. |