Главная страница

Эссе . Рсалы Гүлшат. Мен таулыпын!


Скачать 13.22 Kb.
НазваниеМен таулыпын!
Дата03.02.2022
Размер13.22 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЭссе . Рсалы Гүлшат.docx
ТипДокументы
#350924

Мен –таулықпын!

«Тау дейтін алып жүрек Ана туған

Мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп,ержеткенмін


Қуат алып қыранның қанатынан...» деп ақиық ақын Мұқағали жырлаған осы өлеңнің тәрбиелік мәні бар ма?

Әрине,бар.Оған мынадай дәлелдер келтірер едім: Біріншіден бұл өлеңінде автор табиғаттың тылсым үнімен тілдескен.Осы өлеңде тек тау ғана емес,ондағы бүкіл жаратылысты,табиғатты әсерлі суреттеген. Оқып отырып көз алдыма тау-таста жортқан киіктер,биікте самғаған қыран құс, тау шыңында қалықтаған бұлттар мен күлімдеген күн елестеді.

Екіншіден,қазақта «Құдыретті көргің келсе тауға шық»деген сөз тектен-тек айтылмағанына көз жеткіздім.Шынында да биік тауды көруді армандамайтын жан жоқ шығар.Құзға шығып,қыранның қанатына мініп,кең даланы шарлап шыққандай әсер алдым.

Үшіншіден, бұл қазақтың болмысын көрсететін туынды деп айтар ем.Қаншама қиындық пен нәубәтті бастан кешірсе де, қазақтың құламаған таудай биік рухы деуге болады . Сондай-ақ өмірдегі ең аяулы жан - ананы да таумен теңестірген.Әрбір бала үшін ата - анасы тек таумен салыстыруға болатын өмірдегі ең биік тұлға емес пе?

Өлеңде ақын өзінің тауда ержеткенін және сондағы табиғаттан нәр алып өскендігін үлкен мақтанышпен жырлаған.

Қорыта келе менің айтайын дегенім : Мұқағалидың бұл өлеңі қазаққа қалдырған асыл мұрасының бірі.Өлеңде тау табиғатымен қатар,қазақ халқының таудай биік , даладай кең көңілі де қатар суреттелген.Мұны түсініп оқыған әрбір адам «Мен-таулықпын!»деген сөзді ерекше мақтанышпен айтары сөзсіз.

Ақиық ақынның жырлары қазақ халқымен бірге мәңгі жасайды!


написать администратору сайта