Басқару психологиясы_ 1апта. Менеджменттегі психологиялы білімдерді мні. Болаша психологменеджер Бізді елімізде нарыты экономика дамуымен бірге кнделікті мірімізге менеджмент
Скачать 18.89 Kb.
|
Менеджменттегі психологиялық білімдердің мәні. Болашақ психолог-менеджер Біздің елімізде нарықтық экономика дамуымен бірге күнделікті өмірімізге «менеджмент» және «менеджер» деген ұғымдар жылдам және орнықты енген, сонымен қатар «басқару», «басқарушылық қызмет», «басшы», «директор» деген терминдердің орнын ауыстырды. Осы аталған ұғымдар бір - біріне жақын болғанымен, «басқару» деген түсініктің ауқымы өте кең. Жалпы алғанда, «басқару» деген - ол басқарылатын жүйеге басқаратын жүйенің әсер етуі. Атап айтқанда, басқару субъектісі ретінде менеджер болады. Менеджер жөнінде сөз қозғамай тұрып, «менеджмент» деген ұғымды енгізген жөн. Бұл ұғым американдық management – басқару деген сөзден таралған. Менеджмент – бұл басқарудың экономикалық механизмдерінің қағидаларын, функцияларын және әдістерін қолдана отырып, материалды және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану арқылы, нарықтық жағдайларда әрекет жасайтын фирманың қандай да болмасын шаруашылық қызметіне жетуге бағытталған кәсіби іс-әрекетінің өздік түрі. Бұл анықтама тар мағынада берілген және нарықтық жағдайларда әрекет жасайтын фирмалар деңгейінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда қолданылады, ал АҚШ-та бұл ұғымды кәсіптік емес мекемелерге қатысты қолданылады. Егер «менеджмент» ұғымын кеңірек ашатын болсақ, онда оған: нарықты зерттеу (сұранысты, тұтынуды), яғни маркетинг және болжау; өніміді неғұрлым аз шығындармен өндіру және мейлінше көп пайдамен оны өткізу; персоналды басқару, немесе алдыға қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты талдау және бағдарлама әзірлеу. Менеджменттің негізгі функциясы – алдыға қойылған мақсаттарға тиімді жету. Шағын фирмаларда бұл рөлді директор атқарса, ірі фирмаларда – менеджер (ұйымдастырушы, меңгеруші, басшы) атқарады. Барлық деңгейдегі менеджерге қойылатын маңызды талап болып адамдарды басқару қабілеттілігі табылады. Адамдарды басқару дегеніміз не ? Жақсы менеджер болу үшін адам психолог болуы керек. Психолог болу – адамдарды түсіну және оларға өзара түсінушілікпен жауап беру дегенді білдіреді. Сонымен қатар, жақсы менеджер ұйымдастырушы да, жолдас және мұғалім, міндеттерді қоятын сарапшы, жетекші, басқаларды тыңдай алатын адам болуы қажет. Ол өзінің қол астындағы бағынушыларды әбден білуі қажет, сонымн қатар олардың қабілеттілігін және оларға нақтылы жүктелген жұмыстарды орындайтын мүмкіндіктерін білуі керек. Менеджер жұмысшылар мен кәсіпорынды байланыстыратын жағдайларды білуі қажет, олардың құқықтарын әділдік негізінде қорғау, фирманың дұрыс әрекет жасау мағынасында бірлікті қалыптастыру. Менеджердің жетекшілік қасиеттері Менеджер басқалар еліктейтін жетекші болуы қажет. Бұл жөнінде арнайы тоқталу қажет. Менеджердің басты міндеті басқа адамдардың көмегімен істі атқару, ұжымдық жұмысқа бағыттау. Бұл қорқыту емес, ынтымақтастықты білдіреді. Жақсы менеджерді фирманың жалғыз ғана емес, барлық жақтарының қызығушылығы алаңдатты. Ол топтың ынтасын, жұмыс орындалуының қажеттілігімен білімділікті жоғарылатуға мүмкіндік табу қажеттілігі, өндірістік мүддені бағынушылардың адамгершілік қажеттіліктерін теңдестіруге ұмтылады. Қалай жетекші болуға болады ? Бір формуламен жетекшілікті белгілеуге болмайды. Ол өнер, шеберлік, іскерлік, талап. Кейбір адамдар оған туғанынан ие болады. Басқалары – оған үйренеді. Үшіншілері – оны еш уақытта игермейді. Соңында, әр қайсысы өзінің жолын табады. Біреуі тұрақты, әсерлі, басқаларды іске ынталандырады. Екіншісі, сабырлы, сөзіне және мінезіне ұстамды. Бірақта осы екеуіне де тең тиімділікпен әрекет жасауға болады - өздеріне сенімділік білдіріп, жұмысты уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге. Кейбір жетекшіге тән түрлі стильдерді атап кетейік. Жетекші өзінің фирмасына берілген, өзінің қызметкерлерінің көзінше фирманың беделін төмендетпейді, фирма басшыларының көз алдында оларды балағаттамайды. Жетекші оптимист болуы керек. Оптимист әр уақытта басқаларды және олардың ойларын тыңдап, олардан үнемі жақсы хабар күтеді. Пессимист аз тыңдап, жаман хабар тосады. Оптимист көп адамдар көмекке келуге дайын екендігіне, шығармашылық бастамалары бар және өзгерістерге ұмтылатынына сенеді. Ал пессимист адамдар жалқау, сенімсіз және олардан пайда аз екендігін білдіреді. Жетекші адамдарды жақсы көреді. Менеджердің жұмысы адамдарды басқару болып табылады, ал егерде ол оларды жақсы көрмесе жұмысты қалай жақсы орындауға болады ? Жақсы жетекшілер өздерінің қызметкерлері жөнінде қамқорлық білдіреді. Басқалар немен шұғылданып жатқаны оларды қызықтырады. Жақсы жетекші барлығына мәлім және кабинетте тығылмайды. Жақсы жетекшілердің адамгершілігі мол, өздерінің жіберген кемшіліктеріне баға бере алады. Жетекші батыл болуы керек. Ол үнемі жаңа тәсіл табуға тырысады, бірақ ол тәсілді негізсіз қалап алмайды. Егер де ол біреуге экспериментті өткізуге рұқсат беріп, онысы сәтсіз аяқталса, жетекші кінәні оған тақпай, өз сенімділігін болашақта білдіреді. Жетекші жан-жақты болуы керек. Ол ешқашан: «Бұл менің ісім емес» деп айтпайды. Егер де сіздің қызметкерлер тобы жұмысқа қызығушылықпенен кірісіп кеткенін байқасаңыз, онда жетекшіге жаңа істі қолдауға дайын екендігін білдіру қажет. Жетекші фирма қызметінің барлық жақтарына үлкен қызығушылығын білдіреді. Жетекші алғыр болуы керек. Жетекші шешімді қабылдауға әрқашанда дайын. Барлық ақпарат болған уақытта дұрыс шешімді қабылдау оңай. Ал алғашқы мәліметтер белгісіз болса, онда қиындау, бірақ шешімді қабылдау қажет. Мұндай жағдайда шешім қабылдау үшін және ол шешім қате болған жағдайда батылдық керек. Жетекші биязы және ықыласты. Негізгі қағида: адамды емес жұмысты сынау. Бір дана айтқан екен: әр бір сынды, айтылған ескертуді екі жапырақ мақтаудың арасына орау қажет. Әділдік – ол да жетекшінің маңызды белгісі. Мысалы, сіздің қызметкеріңіз істелінбеген жұмысқа үстеме алса, онда Сізде, әрине, оншақты наразылар пайда болады. Егер бағынушы қате жіберсе, ол оны мойындайтындай етіп ескерту керек, соңынан оны ұмытқан жөн. Жетекші үнемі адал. Бағынушылар жөнінде адал болу- олардың істегені дұрыс екендігін айту. Адал болу- ол өз қателіктеріңді мойындау. Шындықты айту әр уақытта оңай емес, дегенменен фирманың және қызметкерлердің жалпы игілігі үшін – адал болу бәрінен де артық. Жетекші шыншыл. Ол жалғыз өзі үшін емес, басқа қызметкерлерінің жетістіктері үшін қуанады, оны олармен бөліседі. Ол оларды өзінің жігерімен және қуатымен шабыттандырады. Жетекші мақсатты және қарапайым. Ол маңындағылардың мақтағанын керек етпейді және оған өзінің кемшіліктерін жасырып қажеті жоқ. Жетекші тәрбиеші болуы керек. Ол өзінің бағынушыларына өздеріне сенімді, адал адамдарды жақсы көруге, бір қалыпты және батыл болуына көмектеседі. Жетекші өзіне сенімді болуы керек. Өзіне асқақсыз сенімді болу, менмендіксіз өз күшіне сену – бұл мықты жетекшінің айрықша қасиеттері. |