Главная страница
Навигация по странице:

  • КЕЙІПКЕР ТӘСІЛІН ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕКТІГІН КЕЛЕСІ МЫСАЛДАРДЫ МҰҚИЯТ КӨРСЕҢІЗ, ТҮСІНІП АЛАСЫЗ

  • БІРІНШІ БӨЛІМ ҚАЖЕТТІЛІК- ПАЙДА.

  • ЕКІНШІ БӨЛІМ КҮМӘНДІ ЖОЮ. КЕЛЕСІ 6 ДӘЛЕЛДІҢ БІРЕУІН, НЕ БІРНЕШЕУІН КЕЛТІРУІҢІЗ КЕРЕК. БАҒА.

  • ТҰТЫНУШЫҒА ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ

  • СЕРВИС.

  • ҮШІНШІ БӨЛІМ. ЖЕҢІЛ ҚАДАМ ТҰТЫНУШЫ СІЗДІҢ ӨНІМІҢІЗДІ ЖЕҢІЛ, ОҢАЙ ІС ӘРЕКЕТТЕР

  • ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. ІС ӘРЕКЕТКЕ ШАҚЫРУ.

  • Менен алуы ммкін а


    Скачать 17.79 Kb.
    НазваниеМенен алуы ммкін а
    Дата20.05.2021
    Размер17.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла%25D0%259E%25D0%25A4%25D0%25A4%25D0%2595%25D0%25A0%2520%25D0%259.docx
    ТипДокументы
    #207749


    БОС ЖАТҚАН НАРЫҚ ЖОҚ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА КЕЗ КЕЛГЕН НАРЫҚТА БӘСЕКЕ БАР. ЕГЕР СІЗ ТАБЫСЫҢЫЗДЫ КӨБЕЙТКІҢІЗ КЕЛСЕ, ОНДА БӘСЕКЕЛЕСТЕРІҢІЗДЕН БІРАЗ КЛИЕНТТІ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАРАТЫП АЛУЫҢЫЗ КЕРЕК. ОНЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙ АЛАСЫЗ? ТЕК ҚАНА КЕРЕМЕТ ОФФЕР ЖАЗУ АРҚЫЛЫ. ОФФЕР ДЕГЕН НЕ? ОНЫ АҒЫЛШЫНШАДАН ҚАЗАҚШАҒА АУДАРСАҚ ҰСЫНЫС БОЛЫП ШЫҒАДЫ. БІРАҚ АЙНАЛАЙЫНДЫ БАСҚА ТІЛГЕ МАҒЫНАСЫН САҚТАП АУДАРУҒА БОЛМАЙТЫНЫ СИЯҚТЫ ОФФЕРДІ ДЕ НАҚТЫ АУДАРА ҚОЮ ҚИЫН. ҮШ СӨЗБЕН АЙТАТЫН БОЛСА ОЛ БАС ТАРТУ АҚЫМАҚТЫ БТА ҰСЫНЫС.
    КӨПТЕГЕН БИЗНЕСТЕРДІҢ ӨНІМІ ДЕ, БАҒАСЫ ДА КЕРЕМЕТ БОЛҒАНЫМЕН, БІРАЗДАН СОҢ БАНКРОТ БОЛЫП ЖАБЫЛЫП ЖАТАДЫ. ЕҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІНІҢ БІРІ ОЛАРДА БТА ЖОҚ.

    КӨП ЖАҒДАЙДА

    • НЕГЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК ЕКЕНІ ТҮСІНІКСІЗ

    • НЕГЕ ОЛАРДАН САТЫП АЛУ КЕРЕК ЕКЕНІ ТҮСІНІКСІЗ

    • ОЛАРДЫҢ НЕ САТЫП ЖАТҚАНЫ, ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ЖАТҚАНЫ ТҮСІНІКІЗ

    • НЕГЕ ДӘЛ ҚАЗІР САТЫП АЛУ КЕРЕК ЕКЕНІ ТҮСІНІКСІЗ


    МЫҚТЫ ОФФЕР ЖАЗА АЛУ ҮШІН ЕҢ КЕРЕМЕТ ТӘСІЛ «КЕЙІПКЕР ТӘСІЛІ» (МЕТОД ПЕРСОНАЖ). ОЛ КЕЛЕСІ ҚАДАМДАРДАН ТҰРАДЫ.



    1. МАМАЛАРЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАП АЛУЫҢЫЗ КЕРЕК.. МЕНЕН АЛУЫ МҮМКІН АДАМДАР

    2. ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАП АЛУ КЕРЕК. ПОЗИЦИОНИРОВАНИЕ.

    3. ОЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН, ЯҒНИ НЕ ҮШІН АЛАТЫНЫН АНЫҚТАП АЛУ КЕРЕК

    4. ОЛАРДЫҢ ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІН АНЫҚТАП АЛУ КЕРЕК


    КЕЙІПКЕР ТӘСІЛІН ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕКТІГІН КЕЛЕСІ МЫСАЛДАРДЫ МҰҚИЯТ КӨРСЕҢІЗ, ТҮСІНІП АЛАСЫЗ

    КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН, ШЫНАЙЫ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН, ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІН, АЛАТЫН ПАЙДАСЫН АНЫҚТАП АЛҒАН СОҢ ОФФЕР ЖАЗУҒА КІРІСЕМІЗ.

    КЕРЕМЕТ ОФФЕР ЖАЗУ 4 БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ
    БІРІНШІ БӨЛІМ
    ҚАЖЕТТІЛІК- ПАЙДА. КЛИЕНТ СІЗДІҢ ЗАТЫҢЫЗДЫ НЕ ҚЫЗМЕТІҢІЗДІ АЛСА ҚАНДАЙ ПАЙДА КӨРЕДІ, СОНЫ КӨРСЕТУІҢІЗ КЕРЕК. БҰРҒЫ ЕМЕС, ҚАБЫРҒАДАҒЫ ТЕСІКТІ САТАМЫЗ. МАССАЖ ЕМЕС, ГРЫЖАДАН ЖАЗАСЫЗ. БАЛАНЫ ОҚЫТПАЙСЫЗ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСІРІП БЕРЕСІЗ. ВИДЕО ТҮСІРІП БЕРМЕЙСІЗ, КЛИЕНТ КӨБЕЙТІП, ТАБЫСЫН КӨТЕРІП БЕРЕСІЗ
    ЕКІНШІ БӨЛІМ КҮМӘНДІ ЖОЮ. КЕЛЕСІ 6 ДӘЛЕЛДІҢ БІРЕУІН, НЕ БІРНЕШЕУІН КЕЛТІРУІҢІЗ КЕРЕК.



    1. БАҒА. СІЗДІҢ БАСТЫ АРТЫҚШЫЛЫҒЫҢЫЗ БАҒА БОЛСА, СІЗДЕ БӘСЕКЕЛЕСКЕ ҚАРАҒАНДА АРЗАН БОЛСА. ӘРИНЕ ДЕМПИНГ ЕМЕС, СІЗДЕ ПАЙДА ҚАЛУ КЕРЕК. НЕЛІКТЕН СІЗДЕ АРЗАН?: СІЗ ӨЗІҢІЗ ӨНДІРЕСІЗ, НЕ ЗАВОДПЕН ТІКЕЛЕЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙСЫЗ, НЕ ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ САТЫП АЛҒАН СОҢ БАҒАҢЫЗ АРЗАН. СІЗ БАҒАНЫ ЖӘНЕ НЕГЕ СІЗДЕ АРЗАН ЕКЕН СЕБЕБІН КӨРСЕТЕСІЗ. СОЛ КЕЗДЕ БАРЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІ ЖЕҢЕ АЛАСЫЗ

    2. ЖЫЛДАМДЫҚ. 2 КҮНДЕ ЖЕТКІЗІП БЕРЕСІЗ. БІР АҚ АЙДА АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕЙ БАСТАЙДЫ. 1 КҮНДЕ ВИДЕО ТҮСІРІП МОНТАЖДАП БЕРЕ АЛАСЫЗ. БІР АПТАДА ЕМДЕП ШЫҒАРАРСЫЗ. СІЗДІҢ ЖЫЛДАМ ЖАСАЙ АЛАТЫН МҮМКІНДІГІҢІЗГЕ ЕГЕР КЕШІКТІРІП ЖАТСАҢЫЗ ӘР КҮНІІНЕ АЙЫП ПҰЛ ТӨЛЕЙ АЛАТЫН БОЛСАҢЫЗ БҰЛ ЕҢ КЕРЕМЕТ ОФФЕР БОЛМАҚ

    3. ТҰТЫНУШЫҒА ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ. СІЗБЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЫҢҒАЙЛЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ЕКЕНІН КӨРСЕТУ. МЫСАЛЫ: БӨЛІП ТӨЛЕЙ АЛАДЫ. ЗАТТЫ АЛҒАН СОҢ ТӨЛЕЙДІ. ДИЗАЙНЫН КӨРІП, ЕСЕПТЕП АЛҒАН СОҢ ТӨЛЕЙДІ. БІРНЕШЕ ТҮРІНЕН ҰНАҒАНЫН ТАҢДАЙ АЛАДЫ. ЕГЕР ДЕ ҰНАМАСА, ҚАЙТАРЫП БЕРЕ АЛАДЫ. ҚАЛАЙ БОЛҒАНДА ДА КЛИЕНТКЕ ЫҢҒАЙЛЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ БОЛА АЛУ

    4. СЕРВИС. ПОД КЛЮЧ. ОНЫҢ БАСЫН ҚАТЫРМАЙ БАРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ОТ И ДО ӨЗ МОЙНЫҢЫЗҒА АЛУ. ОЛ ТЕК АҚШАСЫН ТӨЛЕЙДІ ДЕ ҚАБЫЛДАП АЛАДЫ

    5. ТӘЖРИБЕ. КЕЙСТЕРІҢІЗ. СІЗ КӨРСЕТІП, АЙТЫП БЕРЕ АЛАТЫН ТӘЖРИБЕЛЕРІҢІЗ. СІЗ КЛИЕНТКЕ ОНЫҢ ТАПСЫРЫСЫ ОЙДАҒЫДАЙ, УАҚЫТЫНДА, САПАЛЫ ОРЫНДАЙ АЛАТЫНЫН КӨРСЕТУ. БАСҚАЛАРҒА ҚАРАҒАНДА ҚАНША ТҰРАТЫНЫ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС, БАСТЫСЫ СІЗБЕН ІСТЕСЕ ӨКІНБЕЙДІ, ӨЙТКЕНІ СІЗДІҢ ТӘЖРИБЕҢІЗ БАР ЕКЕНІН КӨРСЕТЕ АЛСАҢЫЗ, КЛИЕНТ СІЗГЕ СЕНЕДІ

    6. КЕПІЛДІК. КЕЗ КЕЛГЕН КЛИЕНТ КҮМӘНДАНУҒА ҚҰҚЫ БАР. ОЛ СІЗДІҢ ЗАТЫҢЫЗ, ҚЫЗМЕТІҢІЗ КЕРЕК БОЛЫП ТҰРСА ДА, АҚШАСЫ БАР БОЛСА ДА АЛМАУЫНЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ, ОНДА КҮМӘН БАР. СОНДЫҚТАН ЕҢ МЫҚТЫ ОФФЕРДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КЕПІЛДІК БОЛУЫ ТИІС. ҰНАМАҒАН ЖАҒДАЙДА АҚШАСЫН ТОЛЫҚТАЙ ҚАЙТАРЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БОЛУЫ ТИІС. СОЛ КЕЗДЕ ОНДА СТРЕСС БОЛМАЙДЫ. РИСК ЖОҚ БОЛСА ОНША КЛИЕНТКЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ДА ЖЕҢІЛ



    ҮШІНШІ БӨЛІМ. ЖЕҢІЛ ҚАДАМ

    ТҰТЫНУШЫ СІЗДІҢ ӨНІМІҢІЗДІ ЖЕҢІЛ, ОҢАЙ ІС ӘРЕКЕТТЕР АРҚЫЛЫ ПАЙДАЛАНА БАСТАУ КЕРЕК

    МЫСАЛЫ: ӨЗІҢІЗГЕ ҰНАП ҚАЛҒАН ҚЫЗҒА КЕЛІП, ТАНЫСҚАН СОҢ: «МЕНІҢ АТЫМ СЕРІК, ДЕНІМ САУ, КӨЛІГІМ, ҮЙІМ, ЖҰМЫСЫМ БАР, БАСТЫ ҚАТЫРЫП, ҰЗАҚҚА СОЗЫП ҚАЙТЕМІЗ, МАҒАН КҮЙЕУГЕ ШЫҒАСЫҢ БА» ДЕСЕҢ ҚАНДАЙ ЖАУАП АЛАСЫҢ? ӘРИНЕ ТЕРІС. ӨЙТКЕНІ ОФФЕРІҢІЗ ШИКІ, ЖАБАЙЫ, ТІКЕЛЕЙ САТУ. АЛДЫМЕН КИНОҒА, КОНЦЕРТКЕ ШАҚЫРАСЫЗ, СОДАН КЕЙІН РЕСТОРАНҒА, ОСЫНДАЙ ЖЕҢІЛ ЖЕҢІЛ ҚАДАМДАРДАН СОҢ, ОҒАН ҰСЫНЫС ЖАСАЙ АЛСАҢЫЗ, ОЛ КӨНУІ МҮМКІН. БОЛМАСА ӨЗІҢІЗ ТАНЫМАЙТЫН АСАУ ЖЫЛҚЫНЫ БІРДЕН БАС САЛЫП, ЖҮГЕН КИГІЗІП, ЕРТОҚЫМ САЛЫП МІНІП АЛМАЙСЫҢ ҒОЙ?АЛДЫМЕН ЖЕМ БЕРІП, ҚҰЛАҒЫНАН СИПАП, ҮЙРЕТІП, СОДАН КЕЙІН ЖҮГЕН КИГІЗІП, СОДАН КЕЙІН ЕР ТОҚЫМ САЛЫП ДЕГЕНДЕЙ БІРТЕ БІРТЕ ЖАҚЫНДАЙСЫЗ ҒОЙ? БИЗНЕСТЕ ДӘЛ ОСЫЛАЙ. ЖИХАЗ ЖАСАЙТЫН АДАМ АЛДЫМЕН ДИЗАЙНЫН ЖАСАП БЕРУ, ДОМБЫРА ТАРТУДЫ ҮЙРЕТСЕҢІЗ БІРЕР ТЕГІН САБАҚ БЕРУ. СОДАН КЕЙІН БАРЫП, АРЗАНЫРАҚ БІР ҚЫЗМЕТІҢІЗДІ, НЕ ЗАТЫҢЫЗДЫ САТУ. ОЛ СІЗГЕ АЗЫН АУЛАҚ АҚША ТӨЛЕГЕН СОҢ СІЗГЕ ДЕГЕН СЕНІМІ ТУАДЫ ДА, НЕГІЗГІ ӨНІМІҢІЗДІ ДЕ САТЫП АЛАДЫ.

    ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. ІС ӘРЕКЕТКЕ ШАҚЫРУ.

    АДАМ БАЛАСЫ БҰЙРЫҚТАРДЫ ОРЫНДАУҒА БЕЙІМ. ОЛ БІР ІС ӘРЕКЕТТІ ІСТЕЙ БАСТАУЫ ҮШІН ОҒАН «ТЕЗ БАСТА, ІСТЕ, ҚОЛДАН, КӨР» ДЕГЕН СИЯҚТЫ БҰЙРЫҚ РАЙМЕН АЙТУ КЕРЕК.
    МЫСАЛЫ СІЗ БАЛА ОҚЫТАТЫН КУРСТЫ ҰСЫНЫП ЖАТСАҢЫЗ: «ТЕГІН САБАҚТАРҒА ҚАТЫНАСУ ҮШІН ДӘЛ ҚАЗІР ТІРКЕЛ» ДЕП, ЕГЕР ЗАТ САТЫП ЖАТСАҢЫЗ «АРЗАНДАТЫЛҒАН БАҒАМЕН АЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ДӘЛ ҚАЗІР ТЕЛЕФОН НӨМЕРІҢІЗДІ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ» ДЕГЕНДЕЙ СӨЗДЕР ЖАЗУЫҢЫЗ КЕРЕК

    СОНЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ: СІЗ КЛИЕНТТІҢ ҚАЛТАСЫНДАҒЫ БЕЛГІЛІ БІР СОМАНЫ АЛЫП АЛМАҚШЫСЫЗ. ОЛ КЛИЕНТ ҮШІН СТРЕСС. ЕГЕР ДЕ ОНЫҢ АЛҒАН ПАЙДАСЫ, ОСЫ СТРЕССТЕН КӨРІ АРТЫҒЫРАҚ БОЛСА ОНДА АЛАМЫН ДЕГЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ.
    СОНДЫҚТАН ӨЗІҢІЗГЕ: КЛИЕНТКЕ БӘСЕКЕЛЕСТЕРГЕ ҚАРАҒАНДА МЕНЕН АЛУ ПАЙДАЛЫ ЕКЕНІН ҚАЛАЙ ДӘЛЕЛДЕЙ АЛАМЫН ДЕГЕН СҰРАҚ ҚОЙЫП, СОҒАН НАҚТЫ ЖАУАП БЕРЕ АЛСАҢЫЗ БАС ТАРТУ АҚЫМАҚТЫҚ БОЛАТЫН ОФФЕР ЖАЗА АЛАСЫЗ


    написать администратору сайта