эссе Каирбеков Рамазан. Мені атым Рамазан. Алдымызда тр аламан. Озып шыып бйгеден, Атанамын Озат жас маман! Мен неге малім мамандыын тададым!
Скачать 193.3 Kb.
|
Мен, Каирбеков Рамазан Ерланұлымын.СҚО Айыртау ауданы Әлжан негізгі мектебін 2017 жылы бітіріп, Ж. Мусин атындағы колледжге оқу түсіп, 2021 жылы бітіріп шықтым. Атам – Ерубаев Кайырбек өмірінің 40 жылын ұстаздыққа арнаған ұлағатты жан. Ұстаздық Ерубаевтар әулетінің 4 буын өкілдеріне тән. ОЛ туралы Бұқаралық ақпараттар көзінде жарық көрді. Атам салған ізді қыздары Ақбаян, Акеркелер жалғастыруда. Бірі Қызылұйым мектеп дирекоры болса, екіншісі мен бітірген мектептің оқу ісі меңгерушісі. Әпкем- Ерубаева Гүльзат ІТ мектеп-лицейде оқу ісі меңгерушісі. . Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы №21 мектеп-лицейінде денешынықтыру пәнінен мұғалім болып қызмет атқарамы. Менің де таңдаған мамандығым- мұғалім. Мен балалармен жұмыс жасағанды жақсы көремін, оларды салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ етіп тәрбиелеуге үлес косқым келеді. Алғаш сынып табалдырығын жүрексіне аттағанымда маған күлімдей, әрі сынай қараған пәк көздерден мен өзіме жүктелген үлкен жауапкершілікті сезіндім. Қатты толқығаным әлі есімде. Тәжірибесі аз мұғалім болсам да, баланың алдында өзімді жауапты сезіну мен үшін әдетке айналғандай. Адамның өз-өзіне баға беруі қиын. Мені ұстаздықтың қыр-сырын меңгеруғе баулып жүрген, менің жанымнан табылып, білмегенімді үйретіп, тәлімгерлік жасап жүрген Сәуле Ризовна апайға алғысым шексіз. Менің атым Рамазан. Алдымызда тұр аламан. Озып шығып бәйгеден, Атанамын Озат жас маман! Мен неге мұғалім мамандығын таңдадым?! Мен, Каирбеков Рамазан Ерланұлы, қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы №21 мектеп-лицейінде денешынықтыру пәнінен мұғалім болып қызмет атқарамын. Менің таңдаған мамандығым- мұғалім. Осы бір қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықты таңдауда қателеспедім деп ойлаймын. Себебі, мен өзімді басқа қызметте, басқа жерде елестете алмаймын. Мен балалармен жұмыс жасағанды жақсы көремін, оларды салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ етіп тәрбиелеуге үлес косқым келеді. Ұстаздық мамандық ең көне және киелі мамандық. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ұстаздың алдынан өтеді. Осы саналы ғұмырында адам баласы өмірге керекті адами асыл қасиеттерді ұстаздың бойынан іздейді. Ұстаз -ол жай ғана мамандық иесі емес, ол –адал, әділетті , өз бойына бар жақсылықты жиған, өз білгенін басқаға сарқып беретін мейірімді жан. Ұстаздың алдында үлкен де, кіші де шәкірт болып қала бермек. Мен ұстаздық мамандықты не үшін таңдадым? Әлде, балалық арманым, алғашқы ұстазыма ұқсағым келді ме, әлде 40жыл ғұмырын ұстаздыққа арнаған ата жолын қуғым келді ме екен? Біздің әулетті ұстаздар әулеті деп атауға да болады. Солтүстік Қазақстан облысы , Айыртау аданы, Әлжан елді мекенінде тұратын біздің әулет туралы аудандық , олбыстық баспасөз беттерінде «Ерубаевтан әулеті- ұтаздар әулеті» (Б. Қожықов «Айыртау таңы газеті», «Солтүстік Қазақстан») деген көлемді мақалалар да жарық көрген. Атам- Ерубаев Қайырбек Жұмабайұлы- бар саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Әлжан орта мектебінде 42 жыл ұстаздық қызмет атқарған. Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған Қайырбек Жұмабайұлы мен білетін адамдардың ішіндегі ең адал, ең білімді, парасатты, жаны жаймашуақ, балаларына қамқор әке, немерелеріне мейірімді ата, ағайынға пана, бірге жүрген ортасына ақылгөй дана адам болатын. Атам «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен /1979 жылы/ , әр түрлі құрмет грамоталарымен марапатталды. Әке жолын қуған тәтелерім Ерубаева Ақбаян, Ақерке қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығымен бірі Еңбекшілдер ауданы, Қызылқұйым негізгі мектебінде мектеп директоры қызметін атқарып жүрсе, бірі мен оқыған, атам қызмет қылған мектепте оқу ісі меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ата жолын үлгі тұтқан әпкелерім де бар. Ерубаева Ляззат Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы университетті қызыл дипломмен бітіріп, сол оқу орнында георрафия , биология факультетінде оқытушылық етеді. Ерубаева (Ахметова) Гүлзат Көкшетау қаласындағы ІТ мектеп-лицейінде информатика пәні мұғалімі және оқу ісінің меңгерушілігін қатар алып қызмет етуде. Менің екі әжем де мұғалімдер: Ерубаева Толеубике Макановна , Ерубаева Ақлима Каириденқызы қазақ тілі мен әдебиеті мәні мұғалімдері. Әулеттің 4 буын өкілдері ұстаздық мамандығын таңдаған жерде маған қандай мамандық таңдаймын дегенде қиындық туған жоқ. Әлжан негізгі мектебін бітіріп, қолыма куәлік алған күні мен үшін әлемнің жаңа бір парағы ашылды, 2017 жылы Ж. Мусин атындағы жоғарғы қазақ педагогикалық колледжіне денешынықтыру пәні мұғалімін даярлайтын бөліміне оқуға түсіп, 2021 жылы бітірген соң , Көкшетау қаласындағы №21 мектепке мұғалім болып қабылдандым. Алғаш сынып табалдырығын жүрексіне аттағанымда маған күлімдей, әрі сынай қараған пәк көздерден мен өзіме жүктелген үлкен жауапкершілікті сезіндім. Қатты толқығаным әлі есімде. Сол сезім, толқыныс менің жан-дүниемде мәңгі қалатындай. Тәжірибесі аз мұғалім болсам да, баланың алдында өзімді жауапты сезіну мен үшін әдетке айналғандай. Адамның өз-өзіне баға беруі қиын. Мұғалім-үздіксіз ізденуші. Ал ізденіс-үнемі теориялық білімді кеңейтіп, оқыту үдерісінде ақпараттар ағыны тасыған қоғам талабына сай тұлға тәрбиелеу. Бір сөзбен айтқанда, мұғалімнің қолында ұрпақ тағдыры тұр. Өткен ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан-жаңаны табатын өнер» деген пікірі өзінің өміршеңдігін көрсетіп, бүгінде ХХІ жүзеге асып жатқандай. Мамандығым-бұл менің өмірімнің мәні мен мазмұны. Менің мұғалімдік мамандықты таңдауыма әсер еткен, мен үшін үлгі болған атама, білім нәрімен сусындатқан, өмірлік бағытымды айқындауға көмектескен аяулы ұстаздарыма алғысым шексіз. Баламен жұмыс жасау, олардың алаңсыз, бақытты жүзін күнде көру мен үшін баға жетпес бақыт. |